Файл: Білім мазмнын жаарту жадайында оушыларды функционалды сауаттылытарын арттыра отырып білім сапасын ктеру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
І ТАРАУ
Өткен оқу жылындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысына талдау және жаңа оқу жылының негізгі мақсаттары мен міндеттері.
Мектептің әдістемелік жұмысын талдау мақсаты:
Оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігіне байланысты әдістемелік қамсыздандыру тұрғыдан мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау.
Мектептің әдістемелік қызмет жұмысының негізгі мақсаттары:
Мұғалімдерге әдістемелік қолдау мен көмек көрсету;
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін жағдай жасау және оқыту сапасын арттыру;
Мектептің әдістемелік қызметінің міндеттері.
Мұғалімдердің білім беру, педагогикалық қызметтегі заманауи ғылыми жолдар туралы ақпараттық қамтамасыздығын ұйымдастыру;
Мұғалімнің ғылыми-теориялық, әдістемелік деңгейін арттыру;
Заманауи білім беру технологияларын меңгеру;
Озат педагогикалық тәжірибені зерделеу, жинақтау және енгізу;
2019-2020 оқу жылында мектеп ұжымының жұмысы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген -жалпы адамдық құндылықтар мен ұлттық негізде тұлғаның кәсіптік қалыптасуы мен дамуын қалыптастыруға, жастардың білім алуына қажетті жағдайларды жасау туралы білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін таратуға бағытталған. Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында Төңкеріс негізгі орта мектебінің ұстаздар ұжымы 2018-2019 оқу жылында өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыра отырып білім сапасын көтеру» мәселесі бойынша жұмыс атқарды.
Осы келелі мәселе бойынша жұмыс жасау кезеңдері жоспарланды.
І кезең. Жобалау
2018-2019 оқу жылы
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ғылыми педагогикалық, әдістемелік кешендерді оқып –үйрену, зерделеу негізгі қиыншылықтарын анықтау. Деңгейлік, жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша сертификатталған мұғалімдердің, мектеп үйлестірушілердің қызмет мазмұнын анықтау. Басқару мен көшбасшылықты дамыту. Мұғалімдерді кәсіби дамыту.
ІІ кезең. Сынақ
2019-2020 оқу жылы
Оқыту мен оқу әдістерін жетілдіру. Қалыптастыратын және орнықтыратын тәжірибелер. Бағалау тәсілдерін дамыту. Оқушылардың жекелей дамуына ықпал ету. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер үшін семинар, коучинг, пед оқулар ұйымдастыру.
ІІІ кезең. Қорытындылау
2020-2021 оқу жылы
Алынған нәтижелерді жинақтау, талдау, нақты ұсыныстар енгізу. Нәтижелерді рәсімдеу және қорытындылау. Озат тәжірибе жетістіктерін енгізу.
Мектеп ұжымы келелі 2018-2019 оқу жылында келелі мәселенің ІІ кезеңі бойынша жұмыс атқарды. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ғылыми педагогикалық, әдістемелік кешендерді оқып –үйрену арқылы Төңкеріс негізгі орта мектебінің мұғалімдері оқушылардың білік , дағдыларын арттырды
Оқу жылы басында бірлестік мүшелері жаңа оқу жылына арналған бірлестік жоспарымен танысты. 2019 – 2020 оқу жылында «Шабыт» пәндер бірлестігінің мүшелері бекітілген жұмыс жоспары бойынша жұмыстар істелінді. Өткен оқу жылында істелген жұмыстарға қорытынды жасалынды. Келер оқу жылына бірлестік жоспары бекітілді.
2019 – 2020 оқу жылында «Шабыт»әдістемелік пәндер бірлестігінің құрамында 7 мұғалім бар. Оның төртеуі жоғары, үшеуі арнаулы орта білімді. 2019 жылы жұмысқа қабылданған жас маман-Ә.Жарахметов, тәлімгері-А.Көкебаев. 2 жыл еңбек өтілі бар жасмамандар: Ғ.Шотамбеков, А.Ерқуат. жас мамандармен жұмыс жоспарлары құрылды және жоспарға сай жұмыстар жүргізіліп, үнемі әдістемелік көмек көрсетіліп отырды.
Бағдарламаға сәйкес күнтізбелік жоспарларын, факультативтік сабақ жоспарларын, үйірме жоспарларын жасады. Бірлестік жоспарлы түрде жұмыс жүргізді. Бақылау, тест жұмыстардың алынуы, бағалануы назарда болды.
Сыныптан тыс іс-шаралар, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысып, үлгілі сабақтар уақытында өткізіліп тұрды. «Жүзден жүйрік», «Брейн-ринг», «Тоғызқұмалақ», «Тапқырлар», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайыс сабақтарын, жарыстарын өткізу өз дәрежесінде өтті.
Бірлестік жұмыстары уақытылы өткізілді. Мұғалімдердің істеген жұмыстары тыңдалып, талдау жасалып отырды. Оқушылардың сабаққа белсене қатынасуы, пәнге деген қызығушылығы, туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелейтін сабақтар өткізу туралы пікір сайыс болды.
Осы оқу жылында атқарылған жұмыстар нәтижесі жекелеген мұғалімдердің шығармашылық ізденісінің жемісі. Осы бағытта «Шабыт» пәндер бірлестігі біршама тыңғылықты жұмыстар атқарды деуге болады.
Желтоқсан айында мектепішілік олимпиада өтті. Жекелеген оқушылар жеңімпаз болды, ауданға жолдама алды. Аудандық олимпиададан 9 сынып оқушысы биология пәнінен Құмарғали Б. ІІ орын,физика пәнінен Тоқтахмет А., информатика пәнінен Көкебаева А. Қатысып ІІІ орын иеленді. Математика пәнінен «КЕНГУРУ» интелектуалды марафонына қашықтықтан 4 оқушы қатысып, жүлделі 1 және 2 мен 3 орындарды қанжығасына байлады. Жыланды ауылында өткен аудандық физика-математика пәндері бойынша олимпиадаға 8-9 сынып оқушылары белсене қатысып, математика пәні бойынша Тоқтахмет А. Жүлделі І орын иеленді.
2018-2019 оқу жылына асалған талдау негізінде көркем еңбек пәнінен оқушылардың қол өнер бұйымдарын жасау деңгейін әне дене шынықтыру пәнінен спорттық іс-шараларды өткізу деігейін көтері міндет етіп алынған. Биылғы оқу жылында осы міндетті орындадық. Көркем еңбек пәнінен әр сыныпта жеке қолөнер бұрыштары ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған спорттық іс-шаралар да жиі және сапалы ұйымдастырылды.
2019 – 2020 оқу жылында «Шабыт» пән бірлестігі мұғалімдерінің кеткен кемшіліктері:
-
Аудандық «Педагогикалық олимп» идеялар сайысына қатыспауы. -
Авторлық бағдарламаның болмауы.
Ұсыныс
-
Автолық бағдарламалар жазып, аудан көлемінде бекітіп тарату;
«Самғау» пәндер бірлестігінің келелі мәселесі:Оқытудың әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, қоғамдық– гуманитарлық бағытының пәндерінен оқушыларға жан – жақты білім беру
2019-2020 оқу жылында қоғамдық– гуманитарлық пәндер бірлестігінің мүшелері бекітілген жұмыс жоспары бойынша жұмыстар істелінді. Қыркүйек айында өткен оқу жылында істелген жұмыстарға қорытынды жасалынды. Келер оқу жылына бірлестік жоспары бекітілді.
2019-2020 оқу жылында қоғамдық– гуманитарлық пәндер бірлестігінің құрамында 7 мұғалім бар. 1 мұғалім арнаулы орта, 6 мұғалімжоғары оқу орнын бітірген. Бірлестік мүшелері жыл басында қабылданған жұмыс жоспары бойынша өз келелі мәселелерімен жұмыс істеді және жақсы жұмыс нәтижелерін көрсетті. Басылымдарға жазылды.