Файл: аза тілі тест тапсырмалары 4 сынып Сз тіркесі неден рылады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ тілі тест тапсырмалары 4 сынып

1. Сөз тіркесі неден құрылады:

А) бір не екі сөзден В) екі не одан көп сөзден

С) бір ғана сөзден Д) буындардан
2. Бірыңғай мүшелердің ерекшелігін тап:

А) бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздер

В) бірдей әріптермен баталған сөздер

С) жеке сөзден жасалған сөздер

Д) адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер.
3. Мәтіннің түрлерін тап:

А)әңгімелеу,сипаттау,пайымдау.

В)басы,соңы, әңгімелеу.

С)хабарлау, аяқтау,жазу.

Д)айту,пайымдау, қорыту.
4. Мақалды аяқта: Еңбек түбі-

А)мереке. В)береке. С)жақсылық. Д)байлық.

5. ҚХР - қандай сөз?

А)біріккен сөз. В)қос сөз. С)қаратпа сөз. Д)қысқарған сөз.
6. Мәндес сөздерді тап:

А)еңбек, іскер, жалқау. В) қайрат, жігер, ел.

С)жаратылыс, табиғат,су Д) бет, жүз, келбет.


7. Тәуелденген зат есім:

А) атамын, В) аталар. С) атам. Д) атамен.
8. Біріккен сөзді тап:

А) көкжиек. В) темір жол С) көк жасыл. Д) ала бұлт
9. Бірыңғай мүше қатысып тұрған сөйлемді тап:

А)Абай бірақ ойын айтпады.


В)Қайдан келдің, бауырсақ?

С)Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын.

Д) Көш алдында Тәкежан, Әзімбай,Майбасар барды.

10. Бірнеше жай сөйлемнен құралған сөйлем қалай аталады?

А)жай сөйлем. В)сұраулы сөйлем.

С)сөйлемнің бірыңғай мүшесі. Д)құрмалас сөйлем.

11. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін белгіле:

А) түбірлес сөз. В)түбір сөз. С) қосымша. Д)сөз құрамы.

12. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап:

А) Мұғалім сабаққа кірді.

В) Мұғалім кіріп келді.

С) Мұғалім кірді.

Д) Мұғалім келді.



13. Сөйлемнің күрделі мүшелері дегеніміз не?

А)Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін айтамыз

В) Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін айтамыз.

С) Сөйлемнің дара және күрделі мүшесін айтамыз.

Д) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.
14. Қарсы мәндес сөздері бар сөйлемді тап:

А) Батырдың өмірі қысқа, даңқы ұзақ.

В) Қажымұқан-әлемге танымал қазақ балуаны.

С) Қыста біз шаңғы, шанамен ойнаймыз.

Д) Аспанда шөкімдей бұлт жоқ.
15. Аптаның екінше күнін белгіле.

А) дүйсенбі В) сенбі С) сейсенбі Д) жұма
16. Қайталама қос сөзді көрсет:

А) ел-жұрт. В) ата-ана. С) мая-мая Д) әке-шеше

17. Мәтін деген не?

А) өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.


В) екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз.

С) заттың іс- қимылын білдіреді.

Д) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді
18. Жалқы есімді тап:

А)Бөрібасар. В)Қала. С)Ауыл Д) Оқушы
19. Айтылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөзді тап:

А)ұста. В) қымыз. С) көмек. Д) шебер.

20. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөз қалай аталады?

А) біріккен сөз. В) түбірлес сөз. С) қос сөз. Д) сөз тіркесі.

Тест жауаптары:

1в 2 а 3 а 4 в 5 д 6 д 7 с 8 а 9 д 10д 11 в 12 а 13 а 14 а 15 с 16 с 17 а 18а 19 а 20 в