Файл: за мерзімді жоспарда арастырылан блім 2а компьютер жне дыбыстар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.2А Компьютер және дыбыстар

Мектеп:


Мұғалімнің аты-жөні:




Күні:

Қатысқан оқушылар саны:




СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Дыбыстық әсерлер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару;

  • компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;

  • цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау.

Сабақтың мақсаттары

  • компьютер программасын дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату үшін қолданады;

  • компьютерлік программада файлдарды ашатын және сақтайтын командаларды қолданады;

  • дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату кезіңде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар...

  • цифрлық құрылғылармен жұмыс жасаған кезде негізгі қауіпсіздік ережелерін атайды;

  • файлдарды ашу және сақтау үшін компьютерлік программа қолданады;

  • компьютерлік программа арқылы дыбыстарды жазады, өңдейді және ойнатады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату программалардың жұмыс қағидаларын түсіндіреді;

  • дыбысық редактордың батырмаларын сипаттап береді.

Пәндік лексика және терминалогия:

Дыбысты жазу, дыбысты өңдеу, дыбысты ойнату, .

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Дыбысты өңдеу үшін...

  • Дыбысты ойнату үшін ... қажет

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: Топтық / жұптық жұмыс кезінде жылы қарым-қатынасты дамыту.

Академиялық адалдық: академиялық адалдық қағидаларын құрметтеуден тұратын басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

Өмір бойы оқу, оқушылар компьютерлік программамен жұмыс істеудің стандартты тәсілдерін қолданады

Пәнаралық байланыс

Оқушылар «Дүниетану» сабағында алған білімнің пайдаланады. Оқушылар музыкалық әлемді «Музыка» пәнінің дағдылары арқылы үйренеді.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар программамен жұмыс істеу принциптерін түсінеді, программа мәзірін пайдалана алады. Программаны іске қосып жаба алады. Файл және бума туралы түсінігі бар.


Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
1-2 мин
3-7 мин

8-10 мин

11-12 мин

  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Сәлемдесу»

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама – қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетің айтады. 

  1. Білімді жүйелеу


Мәселе тудыру:

Тақтада көптеген суреттер бейнеленген.

  • Көрсетілген суреттердің ішінен дыбысты жазу, өңдеу және ойнатуға арналған программаны атаңыз?

(Қосымша1)

Оқушылар бейнеленген суреттерді талқылайды, талқылап болғаннан кейін өз пікірлерімен бөліседі.

Мұғалім дұрыс жауапты сызып тастау әдісімен көрсетеді

  1. Мақсатты тұжырымдау

  • Оқушыларға сабақтын тақырыбын, оқу мақсатын және бағалау критерийлерін тұжырымдауын ұсынады.

  • Дыбыстарды жазатың және өңдейтін арнайы программаны оқып үйренетіңіне назар аударады.


Презентация

1 слайд

Сабақтың ортасы
13-16 минут

17-20 минут

21-24 минут

25-27 минут
28-35 минут


  1. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

«Талқылау»

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  • дыбыстық файлды қандай жағдай болғанда өңдеу керек?

  • «Дыбысты өңдеу» деген не?

  • Қалай ойлайсыз «Windows Media Player» программасыңда дыбысты өңдеуге болама?

Audacity программасымен танысу.

Audacity программасы арқылы:

  • Жолдардың шексіз санын қосу, өңдеу және жинақтауға болады;

  • Бір қалыпты дыбыс деңгейін өзгерту, қиып алу, көшіру, жабыстыру, жою және тағы басқалар.

Audacity программасымен көрсетіп отыра түсіндіру.

Программа терезесі көрсетілген кеспе қағазын оқушыларға үлестіріп беру. (Қосымша 2)

  • Терезенің жоғары жағында мәзір жолы орналасқан, содаң кейін саймандар жолағы, ал оның астында Timeline немесе графикалық аимақ.

  • Control Audacity панелінде орналасқан батырмалардың қолданысы.

  • Audacity саймандар панелі

Кейін программадағы жұмысын көрсету. Қарапайым амалдарын түсіндіру.

  1. Айдиофайлды импорттау

  2. Дыбыс жолының аумағын бөліп алу

  3. Бөліп алынған аумақты қиып алу

  4. Микрофон арқылы дыбыс жазу

  5. Өңделген файлды сақтап қою.

Алдын ала дайындап қойған файлды қалай өңдеу керек екендігін көрсетеді.

Сергіту сәті

Мұғалім оқушылармен бірге орындайды.

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Практикалық тапсырмаларды орындамас бұрын мұғалім оқушыларға дыбысты жазу, өңдеу және ойнату үшін негізгі қауіпсіздік ережелерін естеріне салады. Мұғалім ереже бар парақты таңдауды және егер бұл ереже сақталмаса, салдарын түсіндіруді ұсынады. (Қосымша 3)

Практикалық жұмыс

Практикалық жұмысты орындамас бұрын, мұғалім оқушылармен бірге бағалау критерилерін есіне түсіріде. Тапсырма беру үшін мұғалім дескрипторларды тұжырымдауды ұсынады.

Дескрипторлар:

1. дыбысты өңдеуге арналған компьютерлік программаны іске қосады;

2. дыбысты ойнату үшін белгілі бір файлды ашады;

3. арнайы әсерлер арқылы дыбысты өңдейді;

4. Файлды жаңа атаумен сақтайды.
1-тапсырма:

«Алтын ұйям мектебім» атты файлды ашыңыз. Соңғы 10 секундқа әлсіреу (затухание) әсерін қолданыңыз. Жаңа атаумен сақтаңыз. Аудио жолды мұғалімге ойнатыңыз. Әннің соңындағы дыбыссыз кеуектікті алып тастаңыз.
Оқушылар дифференциация ретінде өз дауысымен авторды әнге қосады.

2*-тапсырма: әннің авторы мен музыкасын жазған композиторды әннің соңында қосыңыз.
Оқушылар бір-бірінің жұмысын тыңдайды.

Бір-бірінің жұмысын бағалайды.


https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы

36-40 минут

Рефлексия

«Өте тамаша»

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады және тақтада  тұрған ватманға смайликтердің астына апарып жабыстырады.




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Қалыптастырушы бағалау екі түрді қамтиды (кесте түрінде және суреттер түрінде). Бірінші нұсқасы күрделі және қабілеті жоғары оқушыға ұсынылуы мүмкін. Бұл білімнің сапасын арттыруға көмектеседі.

Сұрақтарға жауап алу арқылы.

Басты тапсырманы орындаған кезде сұрақтар қолдану. Интербелсенді тақта. Оқушылардың нәтижесін/қабілетін тексеру үшін сұрақтар қолдану

Оқушылардың сабақта шаршағаның басу үшін сергіту сәтін ортағаға шақырып орындау.


1 Қосымша

Тапсырма:

Көрсетілген суреттердің ішінен дыбысты жазу, өңдеу және ойнатуға арналған программаны атаңыз?













Жауабы



2 Қосымша

Программа терезесі

Жауабы жазылмаған программа терезесін оқушыларға таратып беру. Мұғалімнің түсіндіруімен оқушылар жазып қояды.



Жауабы




Control Audacity панелінде орналасқан батырмалардың қолданысы



Жауабы



Audacity саймандар панелі




Жауабы



Қосымша 3

Ереже бар парақты таңдау және егер бұл ереже сақталмаса, салдарын түсіндіру

Компьютердің барлық терезелерін және программаларын компьютерді өшірмес бұрын, өшіріңіз.

Компьютер арқылы мұғалім ұсынған тапсырмаларды ғана орындаңыз.

Жабдықтардың жалғағыштары мен жалғаушы кабельдерін ұстамаңыз.

Егер сіз өзіңізді жақсы сезінбейтін болсаңыз, бас ауырса жұмысты тоқтатыңыз және мұғалімге хабарлаңыз.

Қысқа тұйықталу кезінде: ұшқынның пайда болуы, жанудың иісі сезілсе, электр қуатын өшіріп, мұғалімге бұл туралы хабарлау.

Тек жұмыс істейтін компьютерлерде жұмыс істеңіз.