Файл: Мейірбикені коммуникативтік зыреттілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігі

Ғылыми әдебиеттерде құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы.

«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі. Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» - қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.«Құзырлылық» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың (латын тілінде «competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді. Құзірет - нақты әлеуметтік қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қалыптастырады. Құзіреттілік тәсіл- қазіргі таңда мектепте жаңа тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын оқушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.

Мейірбикенің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық мінездемелері: Коммуникативтік біліктіліктілік астарында тұлғаның психологиялық сипаттамасы жатыр, бұл арқылы адам белгілі- бір әлеуметтік топқа кіреді, қоршаған ортамен эмоционалды қарым-қатынасқа түсіп, басқа адамдармен бірге бола алады. Бұл психологиялық қасиет
«аффиляция» деп аталады, яғни басқа адамдармен бірге «болуға», «қосылуға» ұмтылу қажеттілігі. Іштей аффиляция бауыр басу, адалдық сияқты сезімдер арқылы көрініс тапса, сырттай-ашықтық, басқа адамдармен үнемі бірге болу, қызметтес болу сияқты іс-әрекеттер арқылы көрінеді. Ұзақтылығымен, қарым-қатынасқа түсетін адамдардың алуан түрлілігімен ерекшелінетін дәрігер жұмысына аффиляция:

- науқастарға қызығушылықпен қарауға көмектеседі; - оларға көмектесуге ұмтылдырады;

- кәсіби деформациядан, немқұрайлық пен ресмиліктен қорғайды; - науқасқа жеке “дене” деп қараудан сақтайды.

Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін қамтамасыз ететін келесі бір психологиялық қасиет – бұл эмоционалды тұрақтылық болып табылады. Эмоционалды тұрақтылық дәрігерге “психологиялық стрестен”, науқастармен қақтығысып қалудан қорғайды. Дәрігердің эмоционалды іс-әрекеттері, науқастың оған деген сенімін жоғалтып қана қоймай, оларды шаршатады, күдік туғызып, тіпті қорқытады. Керісінше, дәрігердің бірқалыптылығы мен эмоционалды тұрақтылығы, сабырлылығы науқасқа сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Қарым-қатынас жасау барысында дәрігердің басты психологиялық қасиеті – бұл эмпатия көрсетуі, яғни бұл дәрігердің науқас қиындығына ортақтасуы, терең сезінуі, науқас күйзелістеріне өзіндік психологиялық тұрғыда “қатысуы” болып табылады.

Эмпатия үш түрлі компоненттен тұрады:

1. идентификация механизміне негізделген эмоционалды эмпатия.

2. Интеллектуалды процестерге негізделген (салыстыру, талдау) танымдық эмпатия.

3. Ішкі интуицияға сүйенетін предикативті эмпатия, яғни басқа адам туралы көзқарасты болжай алу қабілетінен көрінетін эмпатия. Науқастармен жұмыс жасауда эмпатия не нәрсеге мүмкіндік береді? - эмоционалды түрде ортақтасу, науқаспен психологиялық контакт орнатуға, ол туралы толық, әрі нақты мәлімет алуға, науқасқа жазылатынына деген сенімді ұялатуға, науқастың дәрігер кәсібилігіне деген сеніммен қарауына көмектеседі; - дәрігердің эмпатиясы , науқастың субъективті сезімдерінің, аурудың объективті клиникалық сипатына сәйкес келмеген жағдайында көмектеседі. Эмпатиялық жауаптардың типтері: Коэн-Коул мен Берд (1991) эмпатиялық жауаптардың бес түрін бөліп көрсетеді: - бейнелеу; - мойындау; - қолдау; - серіктестік; - сыйлау, сөздік, сөздік емес.

Дәрігердің коммуникативтік біліктілігінің қалыптасуындағы маңызды психологиялық қасиет – бұл
сезімталдылық (сенситивтілік). Бұл қасиет дәрігерге науқаспен қарым-қатынас жасаудағы өзінің мінез-құлқын қайта қарап, түзетуге көмектесетін “кері байланыс” рөлін атқарады. Дегенмен, сенситивтілік өте жоғары болмауы тиіс, себебі ол дәрігердің өзіндік бағалауын, аффилятивті қажеттілігін төмендетеді. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менін” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды.