Файл: Мектеп жасына дейінгі балаларда арапайым математикалы тсініктерді дамыту дістемесіні тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту әдістемесінің тарихы.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардағы қарапайым математикалық идеялардың қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері.

2. Е.И.Тихееваның қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесіне қосқан үлесі.

3. Ф. Н. Блехердің мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуына ғылыми-әдістемелік көзқарастары

4. А.М.Леушинаның мектеп жасына балалардың  математикалық  ұғымдарын  дамыту  мәселелеріне  қосқан  үлесі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамыту пәні – жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға әсер ететін негізгі оқу пәндерінің бірінен саналады. Мектеп жасына дейінгі педагогикадан сала ретінде бөліне отырып, ол жеке дара ғылыми пән және әдістемелік құралға айналды. Пәннің ең басты зерттеу мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарының қалыптасуының негізгі заңдлықтарын зерттеу болып табылады.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің жалпы міндеті – мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың дидактикалық негіздерін зерттеу. Ал, теориялық базасы – философия, педагогика, психология, математика т.б. ғылымдардың жалпы негізгі ұғымдары болып табылады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз дамуына ұзақ шыңдалу жолынан өтті деп айтуға болады. Оның қайнар көзі халық ауыз әдебиеті болып табылады. Көптеген сан алуан санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер балалардың санау дағдысына, есептеу әрекетіне деген қызығушылықтарын оятты, балада сан туралы алғашқы ұғымдар қалыптаса бастады.

Бірінші кезең – әдістеменің эмпирикалық дамуы. Балалардың матемтикалық қабілеттерін дамытудың түп тамыры халықтық педагогикаға негізделген, яғни санамақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер. Қазақ әдебиетінің құралдарын балаларды санауға үйретуге, заттың көлемі мен пішінін таныстыруда ұтымды пайдалана білген. Осы кезеңде Ресейде педагогиканың негізін салушы Я.А. Коменский, И.Г. Песталоций, Л.Н. Толстой, Ф.Фребель алдын ала даярлықсыз мектептегі математика пәнінің бағдарламасын меңгерудегі қиындықтарды анықтаған.

Екінші кезең – ХХ ғасырдың 20-30 жылдары мектепке дейінгі қарапайым математиканың әдістеме ретінде қалыптасу кезеңі. Әдістеменің балаларды оқыту мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтауда Е.И. Тихеева, Ф.Н. Блехер, Л.В. Глаголеваның еңбектерін атап өткен жөн.


Үшінші кезең – ХХ ғасырдың 60-70 жылдары. Сан және санау әрекеттерінің даму заңдылықтары зерттелініп, балаларды ерте жастан бастап таныстыруды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негіздей бастады. Ерте жастан бастап балалардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып педагог- психологтер оқыту материалдар, дамытушылық ойындар, әдістемелік құралдар жазды. Бұл кезеңнің негізгі зерттеушілері: И.А. Френкель, Н.А. Менчинская, Н.Н. Лежавы, А.М. Леушина.

Төртінші кезең – ХХ ғасырдың 80-90 жылдары. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың біршама жаңашыл идеялары ұсынылды. 80 жылдардан бастап әдістеменің мазмұнын жаңарту жолдарымен қатар, жаңашыл әдістерді қарастыру басталды.

Ағарту ісі саласындағы белгілі қайраткер,әдіскер-педагаог Е.И.Тихеева сандық түсініктердің балада қалыптасуыны әрине оның зорлықсыз және қысым көрсетуінсіз дамуы барысында жүзеге асырылуы керектігін ұсынады. Осыдан білім көлеміне, материалға жасаған әдістерге қойылатын талаптар келіп шығады. Бұл талаптар білімді жеңіл және зорлықсыз игеруге қажетті жағдайлар жасауға келіп тіреледі. Мұндай игерудің Е.И.Тихеева ұжымдық түрде оқыту жағдайларында емес, ойында және күнделікті балалар өмірінде қамтамасыз етуге болады деп санады.

Ол балалар жеті жасқа дейін күнделікті өмір мен ойын үрдісінде санай білуге өздері үйренуі керек деп санады.

Сонымен қатар ол (өмірдің) оқытудың бүтіндей стихиялы жүргізілуіне де қарсылық білдірді. Балаладың өмірде алған сандық түсініктерін бекітуге ол жасаған дидактикалық материалмен арнаулы ойын-сабақтар ұсынылып отырылды. Санды жеңіл және елеусіз игеру үшін Е.И.Тихеева жұптық карточкалар, лото және басқа үлгідегі құралдар жасаған. Бұдан басқа ол сандық және кеңістік түсініктерін игеруде жүйелілікті қажет ететінін айтумен бірге олардың тақырыптарының қажеттігін түсіндіріп отырған. Есеп материалы ретінде табиғи материалдарды – тастарды, бұтақтарды, жапырақтарды, бүршіктерді, сондай-ақ кішкене ойыншықтарды, түймелерді, ленталарды және т.б. пайдалануды ұсынған.

Е.И.Тихеева балалар меңгеруге тиісті білім көлемін де айқындады. Мұнда мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуының берік іргетасы болып табылатын алғашқы ондықты дұрыс игеруінің маңызы ерекше деп атап көрсетті. Ол балаларды цифрмен таныстыру қажет деп санады. Сол үшін ол бірінде цифрлар, екіншісінде сандық пішіндер жазылған жұптық карточкалармен жүргізілетін ойындарды ендірді. Е.И.Тихеева көрсетілген цифрға немесе сандық пішінге сәйкес ұсақ заттар салынып қойылған есептік жәшіктерді пайдалануды ұсынды.


Ф.Н.Блехердің «Балалар бақшасы мен даярлық топтағы математика» атты кітабында ең басты әрекет ретінде мектепке дейінгі жастағы балалардың сан ұғымдары мен санау әрекеттерін дамытуға ерекше мән берді. Санауға үйретуге арналған бағдарламаның негізін жасады. Балаларды 1-ден 10-ға дейінгі сандар мен сандық фигураларды дәйекті түрде меңгеруге, қосу мен азайту амалдарына құрылған қарпайым есептерді шығаруға ықыластарын көрнекі құралдар көмегін қолдана отырып, арттыруға ден қойды. Ол әсіресе күнделікті оқу-тәрбие процесі барысындағы жағдайлар мен құбылыстарға мән беріп, оларды кеңінен қолданудың, таныс болмыс пішіндері болғандықтан, меңгеруге оңтайлы екені туралы пікірлерін айтты.

Математикалық түсініктерді қалыптастыру сабақтарында көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарды кеңінен қолдануды ұсынады. Әсіресе әрбір балаға жеке дара берілетін үлестірмелі көрнекіліктерге ерекше мән берді.

Ф.Н.Блехер әдістемесінде сан ұғымымен қатар шама, пішін, кеңістік, уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыруға да мән берілді.

Ф.Н.Блехер ұсынған есептеуге, санауға үйрету бағдарламасында шетел психологтарының ұсыныстары баса айтылды. 3-4 жастан бастап балаларға «көп», «аз» ұғымдарын ажырата білуге үйрету, оларда 1,2,3 сандары туралы ұғымдарын қалыптастыру айтылды және осы сан есім сөздері анық, ретімен айтуға үйретуге көңіл бөлінді. Ойын барысында балалрдың заттардың пішіндерімен таныстыру, геометриялық пішіндермен таныстыру, кеңістік бағыттарымен таныстыру, уақыт ұзақтығын мөлшерлеуге үйрету ескерілді.

Ф.Н.Блехер мақсаттарын жүзеге асыру үшін 2 сюжет ұсынды: балаларда сандық ұғымдар қалыптастыру. Балалар тәжірибелік өмірлік жағдайларда талдауға белсене қалыптасытрылуы тиіс (мысалы, жаңадан сатып алынған қуыршақтарға қанша керует керек? Мейрамға қанша күн қалғанын санау т.б.) Ойын, сабақ кезінде көрнекіліктерді пайдалана отырып, заттар жиынын түзу, оларды өзара салыстыру, аз сандардан құралған жиын жасау, көрсете отырып жиын санын айту.

Ф.Н.Блехер балалардағы сан ұғымын қалыптастыру заттар жиындарын салыстыруға айрықша нәтиже беретіндігін айтты. Ол жасаған оқыту әдістемесінде монографиялық әдіс сарыны да байқалатын: үйретуге заттар жиынын тұтас қабылдауды ескеру, соның фигураларына мән беру т.б.

Ф.Н.Блехер заттар жиынын бір сызық бойымен орналастырып санату әрі қолайлы, әрі жеңіл деп айтты. Бұл сандардың орналасу ретін жаттауға мүмкіндік берді.

А.М.Леушина қарапайым математика ұғымдарды қалыптастырудың дидактикалық жүйесінің негіздерін қалап, 3, 4, 5 және 6 жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің, бағдарламасын, мазмұнын, әдісі мен тәсілдерін жолға қойды.


А.М.Леушина тұжырымдамасының басты қағидалары мыналар: заттар жиындарын қабылдауда ондағы жекелеген элементтерді ажыратуға үйрету, оларды салыстыруға дағдыландыру («қанша болса сонша, өзара тең, үлкен кіші, аз, көп т.б. ұғымдарымен таныстыру, 2 жиынды салыстыра отырып санау дағдыларын қалыптастыру. Бала көрнекі құралдар негізінде салыстыра отырып сандардың реттілігін ұғына бастайды. Қарапайым арифметикалық амалдарды қолдана білуге дағдылана бастайды. Балалардың сан туралы ұғымдары бірнеше зат жиындарын өзара салыстыру барысында қалыптасады. Осының нәтижесінде олар реттік және топтау сандарын меңгере бастайды.

А.М.Леушина әдістемесіне бойынша қарапайым есептеу амалдарымен таныстыру барысында сандар, амалдар қолдану, сандық фигуралармен таныстыру, есептеу (топтамаларды үлестіру, сан құрамын зерттеу), сандармен амалдар орындауға үйрету, 1-ге көбейту және 1-ге азайту, сан – санау әрекеті туралы ұғымдарын бекітуге болады.

А.М.Леушина іргетасын қалаған сандық ұғымдардың қалыптастыру тұжырымдамасы 60-70 жылдардан бастап дамудың жаңа сатысына көтерілді. Ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеу мәселелеріне орай әсіресе мектепке дейінгі балалардың кеңістік, уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыру мәселелері қолға алына бастады.

А.М.Леушина қарапайым математика ұғымдарды қалыптастырудың дидактикалық жүйесінің негіздерін қалап, 3, 4, 5 және 6 жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің, бағдарламасын, мазмұнын, әдісі мен тәсілдерін жолға қойды.

А.М.Леушина тұжырымдамасының басты қағидалары мыналар: заттар жиындарын қабылдауда ондағы жекелеген элементтерді ажыратуға үйрету, оларды салыстыруға дағдыландыру («қанша болса сонша, өзара тең, үлкен кіші, аз, көп т.б. ұғымдарымен таныстыру, 2 жиынды салыстыра отырып санау дағдыларын қалыптастыру. Бала көрнекі құралдар негізінде салыстыра отырып сандардың реттілігін ұғына бастайды. Қарапайым арифметикалық амалдарды қолдана білуге дағдылана бастайды. Балалардың сан туралы ұғымдары бірнеше зат жиындарын өзара салыстыру барысында қалыптасады. Осының нәтижесінде олар реттік және топтау сандарын меңгере бастайды.

А.М.Леушина әдістемесіне бойынша қарапайым есептеу амалдарымен таныстыру барысында сандар, амалдар қолдану, сандық фигуралармен таныстыру, есептеу (топтамаларды үлестіру, сан құрамын зерттеу), сандармен амалдар орындауға үйрету, 1-ге көбейту және 1-ге азайту, сан – санау әрекеті туралы ұғымдарын бекітуге болады.


А.М.Леушина іргетасын қалаған сандық ұғымдардың қалыптастыру тұжырымдамасы 60-70 жылдардан бастап дамудың жаңа сатысына көтерілді. Ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеу мәселелеріне орай әсіресе мектепке дейінгі балалардың кеңістік, уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыру мәселелері қолға алына бастады.


Өздігінен орындауға арналған тапсырма

  1. Е.И.Тихеева мен А.М.Леушина ұсынған балалардағы математикалық түсініктерді дамыту әдістемесінің негізгі ережелерін салыстырыңыз.

  2. Балалардың белсенді танымдық іс – әрекетін ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптарды 20-30жж. ХХғ. әдіскерлердің өткен идеяларымен негіздеңіз, салыстырыңыз, баға беріңіз. (Е. И. Тихеева, Ф. Н. Блехер, Л. В. Глаголева).