Файл: Блім 6блім иял лемі. Морфология. Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

6-бөлім:

Қиял әлемі.Морфология.

Мұғалімнің аты-жөні:

Утепова О.И.

Сансызбаева Г.А

Күні:

18.01.2023ж

Сынып: 5 а

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Мектебі:

№30 ЖОББМ




Сабақтың тақырыбы:

Байқоңыр. Күрделі сөздер мен біріккен сөздер.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.1.1.1. тірек сөздер мен ұсынылған иллюстпациялар арқылы тақырыпты болжау.

5.3.4.1. эссенің кіріспе,негізгі,қорытынды бөлімдерін сақтай отырып,өзіне таныс адамды,белгілі бір мекен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.

Сабақ мақсаттары:

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді,негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

Жоспар:

Сабақтың кезеңі,уақыт:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Бағалау:

Дереккөздер/

ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы.

Сабақтың соңы.


I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдейді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырады.

Қызығушылықты ояту. «Болжау» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Байқоңыр туралы бейнекөрініс көрсетемін.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу

1.Алғаш рет ғарышқа кім ұшты? Алғаш ғарышқа ұшқан тіршілік иесі? (топпен ақылдасып нақты жауап береді)

2. Ғарышқа ұшатын айлақ Қазақстанның қай облысында орналасқан?

3. Байқоңыр ғарыш айлағы туралы не білесіздер?

4. «Байқоңыр» сөзі қандай жолмен жасалып тұр?

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Күрделі сөздер - кемінде екі я одан да көп дара сөзден құралып, бір ғана сұраққа жауап беріп, бір мағына беретін сөз.

Мыс: Бүгін (бұл күн) шекара, он алты, қызыл ала.

Біріккен сөздер екі топқа бөлінеді: а) екі сөздің бірігуінен ешқандай дыбыстық өзгеріске ұшырамаған жаңа сөз пайда болады. Мысалы: алтыбақан, тасбақа; ә) екі сөз бірігуінен пайда болған сөз дыбыстық өзгеріске ұшырайды

1-тапсырма.Жоғарыда берілген мәтінді оқи отырып,мәтін ішінен күрделі сөздерді теріп жазады.

Дескриптор:

  • Мәтінді түсініп оқиды.

  • Мағынасын түсіндіреді.

  • Не үшін күрделі сөз екенін түсіндіреді.


2-тапсырма. Кестені толтыр.

«Байқоңыр» туралы мәтінді талдап,мәтіннің кіріспе бөлімін ,негізгі бөлімін және қорытынды ойын тауып,кестеге түсіреді.

Кіріспе







Негізгі ой







Қорытынды








3-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді салыстыру. Қай бағанда күрделі сөздер, қай бағанда сөз тіркесі берілгенін дәлелдеу.

отыз қой --------------------------- отыз сегіз

қызыл шар ----------------------- қызыл ала

ақшыл мата -------------------- ақшыл сары

Дескриптор:

  • Күрделі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.

  • Күрделі сөз бен сөз тіркесін ажырата алады.

Кері байланыс.

«Серпілген сауал» әдісі бойынша бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қойып, ережелерді қайталап сұрау.

Рефлексия.Зымыран.

Үйге тапсырма:

«Ғарышкерге хат» жазып келу.

Мұғаліммен амандасып, сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады.

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша ақпаратты кері байланыс ретінде

1-тапсырманы орындайды.

Тапсырманы талдап,кестені толтырады.

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне сұрақтар қою арқылы кері байланыс жасайды.


Жаңа тақырыпты түсінген деңгейлеріне байланысты суретті бояп шығады.


Қалыптастырушы бағалау: 3 балл

Қалыптастырушы бағалау: 3 балл
Қалыптастырушы бағалау: 4 балл