Файл: Білім беру йымыны атауы Дарынды балалара арналан ш тілде оытатын Мхтар Арын атындаы 24 "Экономика жне бизнес" арнаулы лицейі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымының атауы | «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 "Экономика және бизнес" арнаулы лицейі» КММ | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Байқоңыр» ғарышайлағының елімізге әкелген пайдасы. Матасу | |||||||||
Бөлім | 4-бөлім. Синтаксис Ғарышты игеру жетістіктері | |||||||||
Педагогтің аты - жөні | Калдыбаева Жазира Максутовна | |||||||||
Күні | | |||||||||
Сынып | 8 | |||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 8.1.3.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау; 8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу; 8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану. | |||||||||
Сабақтың мақсаты | Білім алушы мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйеніп, көтерілетін мәселені болжайды. Білім алушы мәтіннің баяндау желісін сақтап, аннотация, тезис жазады. Білім алушы есімді, етістікті сөз тіркестері мен матасу түрлерін ажыратады,қолданады. | |||||||||
Зерттеу тақырыбы | Қазақ тілі сабағанда "Сұрақтар топтамасы" әдісі 8Г сынып оқушыларының оқу сауаттылығының артуына қалай әсер етеді? | |||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||
Басы 4 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен сәлемдесу 2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушылар екі түсті жұлдызшалар арқылы топқа бөлінеді. ІІ. “Болжау” әдісін қолдана отырып «Байқоңыр ғарыш айлағы» туралы бейнежазба ұсынылады. Жаңа сабақтың тақырыбы,сабақтың мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады. | Оқушылар берілген жұлдызшалар арқылы 2 топқа бөлінеді. Оқушылар «Байқоңыр ғарыш айлағы» бейнежазбасының мазмұнымен танысады, көтерілген мәселені анықтап, сабақтың тақырыбын болжайды. | Жарайсың! Өте жақсы! | 1,2-слайд https://youtu.be/FBoFbVzi6Bg | ||||||
Ортасы 2 мин 7 мин 10 мин 6 мин | «Егей-тегжейлі оқу» әдісі Оқылым 1-тапсырма. Мәтінді егей-тегжейлі оқыңдар. Топтық жұмыс. 1-топ: Оқылым мәтінінің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан аннотация жазыңыз. Аннотация жазуда төмендегі клишелерді қолданыңыз. Клише: мәтінде(қандай?) тақырып қарастырылады, мәтіннің мақсаты (не?), мәтін (кімге?) арналған, мәтінде негізгі ой (қалай?) көрсетіледі, автор (қандай?) мәселелерге тоқталады, автор (нені?) қолданады, мәтінде негізгі (қанша?) қадамдар қарастырылған. 2-топ: тезис тыңдалым мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан тезис жазыңыз. Төмендегі сұрақтар топтамасын қолданыңыз. Қашан? Кім? Қалай? Не? Қандай? Жазылым. Жеке жұмыс 2-тапсырма. Мәтіннен есімді, етістікті сөз тіркестерін ажыратып жазыңдар.
Мысалы: Роскосмос+тың мәлімет+і Тілдік бағдар Сөздердің байланысу түрлері Матасу -ілік септігіндегі сөздің тәуелдік жалғауындағы сөзбен өзара байланысуы. Матаса байланысқан сөздердің бірінші сыңары ілік септігіндегі жеке сөзден де, бірнеше сөзден де бола береді. Жай матасу Бірінші сыңары ілік септігінде тұрған сөзбен байланысу. Мысалы: біздің ауыл, сенің кітабың. Күрделі матасу Бірінші сыңары екі не бірнеше сөздің өзара сатылап бір-бірімен іліктесе байланысуы Мысалы: Менің жолдасымның дәптері. | Оқушылар мәтінді егей-тегжейлі оқиды. 1-топ: аннотация 2-топ: тезис Дескриптор 1-топ Оқылым мәтінінің баяндау желісін сақтайды; Аннотация жазуда берілген клишелерді қолданады. Дескриптор 2-топ Тыңдалым мәтінніңбаяндау желісін сақтайды; Тезис жазуда Қашан? Кім? Қалай? Не? Қандай? сұрақтар топтамасын қолданады. Екі оқушы тақтада тапсырманы орындайды. Қалған оқушылар оқылым мәтінін қолдана отырып тапсырманы орындарында орындайды.
Дескриптор 1-топ Мәтіннен есімді сөз тіркестерін ажыратып жазады; Сөз тіркестеріне морфологиялық талдау жасайды. Дескриптор 2-топ Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін ажыратып жазады; Сөз тіркестеріне морфологиялық талдау жасайды. Сөздердің байланысу түрлері Қиысу Матасу Меңгеру Қабысу Жанасу Оқушылар жай матасу мен күрделі матасудың түрлерін меңгереді, ажыратады. | 2 балл 2 балл 2 балл 2 балл 2 балл 2 балл 2 балл 2 балл | 3-слайд Оқулық, 75-бет 4-слайд https://youtu.be/FBoFbVzi6Bg 5-слайд Оқулық, 75-бет Оқулық, 76-бет | ||||||
Соңы 6 мин | Бекіту тапсырмасы Топтық жұмыс Жай матасу Күрделі матасу Матасудың түрлеріне мысалдар келтіреді. | Дескриптор 1-топ Жай матасудың түрін ажыратып, кемінде 2 мысал келтіреді. Дескриптор 2-топ Күрделі матасудың түрін ажыратып, кемінде 2 мысал келтіреді. | 2 2 | | ||||||
2 мин | Үй тапсырмасы: 3-тапсырма. “Керек дерек!” мәтінінен матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып, оларды сөз құрамдық талдау жаса. 77-78-бет | |||||||||
3 мин | «Жетістік парағы» арқылы оқушылар өздерін бағалайды. Кері байланыс «Зымыран» әдісі Бағалау | Оқушылар өздерін бағалайды.
|