Файл: 4 А сынып жетекшісі Г. И. Житенованы 20212022 оу жылындаы іі тосанда атарылан жмысыны есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4 «А» сынып жетекшісі Г.И.Житенованың

2021-2022 оқу жылындағы ІІ тоқсанда атқарылған жұмысының есебі.

Қараша айында оқушылармен «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережесі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: қыс мезгілінде, мүз үстінде, көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға фильмдер көрсетіліп, түрлі жағдаяттардан шығу жолдары туралы әңгіме жүргізілді. Оқушыларды нұсқаулықпен таныстырып, таныстым деп арнайы журналға қол қойылды.



Тақырыбы: «Ұлт Көшбасшысы – Елбасы»

Мақсаты: 1. Оқушыларға Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.

3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқаумен басталды. Одан кейін «Елбасы жолы» видеофильмі көрсетілді. Оқушыларға слайд арқылы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ екені, алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отыратыны туралы айтылды. Оқушылармен «Кім көп біледі?» ойыны ойнатылды. Оқушылар Елбасы күніне арналған тақпақтарын айтты. «Бес саусақ» әдісі арқылы Елбасына деген тілектерін жазып тақтаға ілді.









7-ші желтоқсан күні «Ұлттық мәдениетімізді ұлықтайық» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға ұлттық мәдениет туралы мағлұмат беру. Сынып сағатында видеофильм көрсетіліп, ойлары тыңдалды.

10.12.2021ж. күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай,

3-4 сыныптар арасында «Көңілді старт» эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын нығайту. Спортқа деген қызығушылығын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру. Дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға, эстетикалық және этикалық тәрбие беру.

«Көңілді старт» эстафеталық жарысы өте қызықты өтті. Белсенділік танытып, қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Өткізген: Житенова Г.И. және Файзулина Г.Т.












2021жылдың 14-ші желтоқсан күні 4 «А» сыныбында Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.






14-ші желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, 4 «А» сынып оқушыларынан 6 оқушы «Жас Ұлан» қатарына қабылданды. Олар: Алимова Дария, Атымтай Айару,Бегалимова Томирис, Ермекбай Рамадин, Канафинов Мирас, Тауке Лаура.





21-ші желтоқсан күні «Отбасыңда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің» атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты; отбасы құндылықтары туралы, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы туралы, сыйластық туралы түсінік беру. Фильмдер көрсетіліп, жағдаяттарды шешу, сұрақтар қою арқылы оқушылар өз пікірлерімен ой бөлісті.

27 желтоқсан күні мемлекеттк тілде оқитын бастауыш сыныптарда Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар өтті. Әр сынып жетекшісі санитарлық талаптарды қатаң ұстана отырып, жеке-жеке өткізді. Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға жұмбақтар жасырып, оқушылардың өнерлерін тамашалап, сыйлықтарын үлестіріп берді. Естелік фотоларға түсіп, балалар көтеріңкі көңілмен үйлеріне тарқады.