Файл: ТаырыбыКітап оитын адамтабысты адам Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тақырыбы:«Кітап оқитын адам-табысты адам»

Мақсаты:Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жандүниесін кеңейту.

Міндеті:Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі:«Кітап оқитын адам- табысты адам»,

«Кітаппен кеңес, білімдімен теңес»,

«Кітап сенімді сырласың»,

«Кітап - ғажап дос».

Кітап туралы нақыл сөздер, гүлдер, шарлар.

Мұғалім: Әрбір оқырманның өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, кітап оқуға және табысты болуға шақыру.

Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты- білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін ірі мәдени –рухани орталыққа айналып отырғаны кітапхана екені баршаға мәлім. Ендеше сынып екі топқа бөлініп жарысайық! Қай топ кітап көп оқитынын анықтайық!

Биіктетер білімнің оқ ордасын,

Ақыл- көркі бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді

Мына отырған баршаңызды өздері

Тез арада таныстырып өтеді,–дей келе таныстыру кезеңіне береміз.

Кітапқұмарлар тобы. (Өздерін өлеңдете таныстырады.)

Тапқырлар тобы. (Өздерін өлең арқылы таныстырады.)

Ал, біздің үздіктер қалайсыңдар,

Сіздер өтер әлі де талай сын бар,

Келесі конкурстың жоспарында

Түседі бәсекеге білімділік және талай сындар -деп

1-Бөлім Өзің оқы, өзгемен бөліс бөлімі.(Әр топ өздеріне берілген ертегілерінен түсінгенін айту арқылы бір -бірімен ой бөлісу және қызықты оқыған кітаптары жайлы ой бөлісу сағаты.)

2-Бөлім Мақал-сөздің мәйегі.

Кітап білім туралы мақал айту.

1-топ. Кітапқұмарлар.

Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп.

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Мектеп-кеме, Білім –теңіз.

Кітап ғалым, тілсіз мұғалім.

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

2-топ Тапқырлар тобы.

Кітап –білім бұлағы, білім-өмір шырағы.

Күш- білімде, білім кітапта.

Жақсы кітап-жан азығы.

Көсем ел бастар, шешен сөз бастар

Кітап- көптің ұстазы.

3 –Бөлім Білім көзі-кітапта сұрақ –жауап сәті.


1-топ сұрақтары.

1.Абайдың әжесінің аты?(Зере)

2.Оқушының алғашқы кітабы? (Әліппе)

3.Шығыстың қос шынары кім? (Ә. Молдағұлова, М. Мәметова.)

4.Қазақтың атақты суретшісі кім? (Ә. Қастеев)

5.Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1977 жылы 7 шілдеде)

6.Адам тіршілігіне қажет жылуды қайдан алады? ( күн көзінен )
7.Қара көк – сын есімнің қай түрі? ( дара )
8.Тік төртбұрыштың ұзындығы мен енін көбейту арқылы нені табуға болады? ( ауданын)

9.10- ның кубы нешеге тең ? (1000).

10.Дені сау адамның тамырының соғуы қанша? (60-80 рет)

2-топ сұрақтары.

1.Қазақ елінің ғұлама ақыны кім? (Абай)

2.Қазақ әліппесін жасаған және оқу құралын жасаған кім? (А.Байтұрсынов)

3.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікті қашан алды? (1991 жылы 1-желтоқсанда)

4.Балаларға арнаған журнал. (Балдырған)

5.Қазақ ғарышкерлерін ата? (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев)

6. Ауа қоспасындағы ең көп таралған газ (азот)
7. Абайдың анасы (Ұлжан)

8. «Жетім » әңгімесінің авторы кім ? ( М. Әуезов)
9. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша (жұрнақ)
10. «Әдемі » сөзінің мағынасы (сұлу)
4-бөлім. Өлең сөздің патшасы. (Сүйікті ақын жазушылардың өлеңдерін оқу.)

5-Бөлім. Ән көңілдің ажары.(«Ана туралы жыр» ,«Сәби болғым келеді»)

6-Бөлім. Сөз жұмбақ шешу.

7- бөлім. Қорытынды.

Кітап- шебер ұстаз.

Ол-тілсіз мұғалім.

Кітап-халық қазынасы,

Сарқылмас білім бұлағы.

Сондықтан «Кітап оқитын адам-табысты адам.

Сонымен бүгінгі кейіпкер-кітап.

Ол бүкіл адамзаттың ұстазы.

Ендеше оқырмандар кітап оқитын оқырмандарымыз көбейе берсін демекпіз.