Файл: Имия пнінен 9 сыныпа ожсбдан дайынды жоспары Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

имия пәнінен 9 сыныпқа ОЖСБ-дан дайындық жоспары

Мақсаты: Қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, химия тұрғысынан ойлай алатын, функционалды сауатты және шығармашылық оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық – гуманистік қарым – қатынаста тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.Химия ғылымын меңгеру, олардың функцияларын қолдану

2.Бейметалдар мен металдардың қасиеттері, қолдануы, табиғатта кездесуін үйрену

3.Заттардың сандық , сапалық құрамын анықтауда, бейорганикалық, органикалық заттарды айыра білуде, есептер шығара білуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар білуге тиіс:

1.Химияның негізгі түсініктері: электролиттер, бейэлектролиттер

2.Органикалық заттардың көптүрлілігінің себептері, теориялары

3.Металдар мен бейметалдардың қосылыстары, қасиеттері

4.Электролиттік диссоциацияланудың иондық теңдеулері

5.Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің негізгі заңдылықтары, қышқыл-негіздік, тотығу-тотықсыздану қасиеттерін атомдардың құрылысы туралы білім қалыптастыру.

6.Есептер шығары тиіс:

- Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін

-газдардың көлемдік қатынасын

-химиялық реакциялардың жылу эффектісін

-салыстырмалы тығыздығы бойынша газтәрізді заттардың молекулалық формуласын

-ерітіндінің белгілі массасындағы еріген заттың массасы, массалық үлесін табу, т.б.
Түсінік хат

8-сыныптың негізгі мәселелерін қайталай отырып, сан есептері: масса, зат мөлшері, ерітіндінің тығыздығы, газдың көлемі, Авогадро тұрақтысы арқылы есептеулерді үйренеді.

Ал «электролиттік диссоциациялану теориясы » бойынша электролиттер, бейэлектролиттер , күшті, әлсіз электролиттер, ион алмасу реакциялары және жүру жағдайлары туралы түсінік қалыптастырылады.

«Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары» тарауында күкірт, азот, фосфор, көміртек, кремний элементтерінің қосылыстары, аллотропиялық түр өзгерістері, табиғатта кездесуі, Қазақстанда өндірілуі, тиімді қолдану барысы қамтылады.

«Металдар және олардың қосылыстары, Металлургия» тарауында кальций, алюминий, темір және олардың құймаларының қосылыстары, таралуы, қолданылуы және сандық есептер (шығаруға үйрету) реакция теңдеуі бойынша қоспаның құрамындағы заттың массалық үлесін анықтау.


« Көміртектің органикалық қосылыстары » тақырыбы бойынша органикалық химия туралы негізгі қағидаларға тоқталу көмірсутектердің жүктелуі, номенклатурасы және изомериясы, генетикалық байланыс, көмірсутектердің табиғи көздері туралы білім беру.

Метан, этан , этилен , ацетилен, бензол, этанол, сірке қышқылы туралы жан-жақты үйрену. Органикалық және бейорганикалық заттардың байланысы, адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері, химиялық ластанудың көздері, себептері, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудағы химияның рөлі туралы қарастырылады.
Қосымша сабақтың жоспары:


Тақырыбы

ОЖСБ тест

Сағат саны

Өтілу

1-2

8 сыныптың негізгі тақырыптарын қайталау

1

2
3

Сан есептерін шығару: масса, зат мөлшері, ерітінді тығыздығы, газдың көлемі

2

1

І «Электролиттік диссоциациялану теориясы»


4

Электролиттер, бейэлектролиттер

3

1
5

Күшті және әлсіз электролиттер

4

1
6

Тұздар гидролизі

5

1
7

Диссоциациялану дәрежесін анықтау

6

1

ІІ «Бейметалдар»


8

Күкірт және оның қосылыстары

7

1
9

Азот және оның қосылыстары

8

1
10

Фосфор және оның қосылыстары

9

1
11

Көміртек және оның қосылыстары

10

1
12

Кремний және оның қосылыстары

11

1
13

Сан есептері (экологиялық мазмұндағы)

12

1

ІІІ «Металдар»


14

Кальций және оның қосылыстары

13

1
15

Альюминий және оның қосылыстары

14

1
16

Темір және оның қосылыстары

15

1
17

Металдар және олардың құймалары

16

1
18

Сандық есептер шығару (экологиялық мазмұндағы)

17

1
19

Тұрмыста қолданылатын бейметалдар мен металдардың молекулалық формуласын анықтау

18

1

IV. Көмірсутектің органикалық қосылыстары


20

А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидалары

19

1
21

Көмірсутектердің жіктелуі, изомериясы

20

1
22

Қаныққан көмірсутектер

21

1
23

Қанықпаған көмірсутектер

22

1
24

Ароматты көмірсутектер

23

1
25

Бензол көмірсутектер

24

1
26

Сандық есептер шығару: элементтердің массалық үлесі, салыстырмалы тығыздығы бойынша газ тәрізді заттың молекулалық формуласын табу

25

1
27

Реакция өнімінің массасы, көлемі, реакция теңдеуі бойынша қоспадағы заттың белгілі массалық үлесі мен массасы бойынша екінші заттың массасын есептеу



26

1
28

Өндірістік және экологиялық мазмұнды есептердегі теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы органикалық заттың практикалық шығымын есептеу

27

1
29

Метан, бутан, этанолдың жану реакциясы теңдеуі бойынша оттектің, ауаның көлемін есептеу

28

1
30

Мұнай өнімдерімен танысу

29

1
31

Органикалық және бейорганикалық заттардың байланысы

30

1
32

Адамзаттың шаруашылық іс-әрекеттерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
1
33

Химиялық ластану көздері, себептері, қоршаған ортаны қорғау
1
34

Жалпы қайталау