Файл: Сауаташужнетілдамыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

САУАТАШУЖӘНЕТІЛДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш  сыныпта оқыту  мен  тәрбиелеудің  мазмұнын жаңарту,  оны жаңа деңгейге көтеру мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушылар мүғалімнің көмегімен  сөйлеу,  жазу,  ойлау 

дағдыларын  игере  бастайды. Оқушыға терең де тиянақты білім, жан-жақты төрбие беруде қазақ тілі

мен ана тілінің алатын орны ерекше.

Жазу дағдыларын  қалыптастыру  олардың өміріндегі күрделі процесс. Оқушылардың жазу шеберлігі мен
сөйлеу шешендігі қалыптасады. Ана тілі сабағында оқушы мәтіннің мазмұнын терең түсініп, көркемдік мәнін 

ұғады,  әдебиеттану түсініктері қалыптасады.  

Мектептегі  оқыту  процесінің сауат  ашудан басталатыны белгілі.  Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті - оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас ұрпаққа білім  негіздерін  меңгерту  мен  адамгершілік  тәрбие 
берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына  қойылатын  талаптардың  аса  күрделісі  -   жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі,  сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек.

Сауат  ашу аса  күрделі  де  жауапты  міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан 
алуан. Олардың негізгілері мыналар:

1.  Балаларды мектепте сауат ашуға даярлау;
2.  Сөйлеу  тілінің  дыбыстың  ерекшеліктерін  меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, оны 
айтуға үйрету;
3.  Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;
4.  Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру,  сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;
5.  Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап  түсініп ,  оқуға,  одан  әрі  сөзді  тұтас  оқуға 
дағдыландыру;
6.  Дыбыстарды  әріппен  дұрыс  таңбалауды  жете меңгерту  арқылы  жазудың  каллиграфиялық  талаптарын сақтап,  әріптерді  үзбей   және  сөз  ішіндегі байланысу тәсілдері  бойынша, сөзді  тұтастыра жазуға үйрету; 

 жеке  сөздерді,  сөйлемдерді  көшіріп  және естігенін жаза білуді жетілдіру;
7.  Сөйлемдегі  сөздердің  айтылуы  мен  жазылу ерекшеліктерін  меңгерту;

Сауат  ашудың  негізгі  мақсаты оқу дағдыларының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың  

сөздің   дыбыстық  құрылысы туралы  түсінігін  қалыптастыру,  әріп таныту, әуелі буындап,  содан  соң тұтас  


сөзді,  сөйлемді,  мәтінді оқуға  үйрету,сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту. "Әліппеге" дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан  қалыптасқан  сөйлеу дағдыларына сүйеніп, 
оларға  мәтіннен  сөйлемді,  сөйлемнен  сөзді,  сөзден дыбысты бөлгізу  жүмыстары  жүргізіледі.  Бұл  кезеңде 
балалардың  тілін  дамыту  сөздерді  байланыстырып сөйлету  арқылы  іске  асырылып,  оларға  сөйлем,  сөз, 
буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.
"Әліппеге" дейінгі кезеңде  заттарды тегіне, түріне, т.б. белгілері бойынша  балалардың сөздік қоры жүйеленеді. Бұл  кезеңдегі  басты  міндет - оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, 

сөздің, дыбыстың ерекшеліктері туралы ұғым беру.
Даярлық  кезеңі  -   сөйлеммен  танысу:  сөйлеуді  - сөйлемдерге, сөйлемді -  сөздерге, сөздерді -  буындарға, 
буынды  -   дыбыстарға  бөлуді  үйрету,  яғни,  талдау- жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі.
Дыбыстар,  олардың  рөлі,  дыбыстық  құрылысы  әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыстар, 
олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және  жіңіш ке,  дауыссыз  дыбыстардың,  айтылуымен 
естілуіндегі  ерекшеліктер.
Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу,  ою-өрнек,  имек  жиектер  жасау,  ирек  сызықтар 
сызу, кіші әріптердің элементтерін жазу, жазу техникасының ережелерімен  танысу,  әріп  элементтерін  сызық 
бойымен жазу, жазу кезеңінде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т.б.
«Әліппені»  оқу  кезеңінде  оқушылардың  нақтылы дыбыстарды оқытып, таңбасын  жазуға үйретуде, сөздік 
жұмыс  бірінші  кезекке  шығады.  Сөздік  жұмысын ұйымдастырудың  басты  принципі  -   оқушылардың 
лексикалық  материалды  меңгеріп,  оны  сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жұмысын жүргізудің ұтымды жағы 
оқушыларға  жаңа сөзді  меңгертуде сөзді  зат есім,  сын есім,  есімдік  формасындағы  сөйлемдерден  беру.  

Мысалы: Бұл -  үй. Бұл -  үлкен  үй. Бұл — қызық кітап, т.б. 
Сөздік  жұмысы  сабақта  арнайы  сабақ  болып  жүргізілмейді,  сабақтың  барлық  кезеңінде  жүргізіледі. 
Әліппені оқытқанда,   оқушылардың жалпы ой- өрісін,  тілін  дамытуға  арнайы  көңіл  бөлінеді.  Бұл 
кездегі тіл дамыту үш  түрлі салада жүргізіледі:  сөздік жұмысы,  сөйлем  құрастыру,  байланыстырып  сөйлеуге 

үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады:  бірі -  оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, 
сол  арқылы  оқушыларды  саналы  оқуға  баулып,  ойлау қабілетін  жетілдіру,  екіншісі  — жаңа  сөздер  үйрету 
арқылы  оқушылардың  сөздік  қорын  дамыту