Файл: ШЖ Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк тжірибелік сабаТЫ дістемелік деуі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ


Пән: «Анатомия және физиология»_______________________

(модуль немесе пән атауы және коды)

Мамандық_______ 09130100 «Мейіргер ісі» ______________________________

(шифрмен атауы)

Біліктілік__4S09130103«Жалпы тәжірибедегі мейіргер ісі»____________________

(шифрменатауы)

Құрастырушы:____Акжигитов Дастан Берикканович_________________________

(фамилиясы, аты-жөні)



Курс

Семестр

Тақырыбы:




3

5

Тыныс алу жүйесiнің құрылысы. Тыныс алу жүйесінің физиологиясы.



№ 4 ЦӘК отырысында қаралды

Хаттама №____________2022 Ж

ЦӘК төрайымы: Сағындықова Ж.А.

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесiнің құрылысы.Тыныс алу жүйесінің физиологиясы.

білімділік: теориялық білімдерін тәжірибелік дағдылармен ұштастыруға,жүйелендіру және топтастыру.Ойларын тұжырымдауға уйрету.

тәрбиелік:білімгерлерді салауатты өмір сүруге,жақсы маман иесі болуға тәрбиелеу.

дамытушылық: Студенттердің деонтология ережелерін сақтауға үйрету;Студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; өз ойларын тиянақты айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды меңгеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;Адамгершілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке, шеберлікке, сабырлыққа тәрбиелеу;Студенттердің мамандығына деген қызығушылығын арттыру;Студенттер өз ойларын тиянақты түрде айту; Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту;Алынған мәліметтерді талдай алуға және тәжірибеде қолдана білуге;Интернет сайттарымен және қосымша білім көздерімен жұмыс істеуге баулу.

Мақсаты: Тыныс алу жүйесі ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын жанындағы қойнаулар. Көмекей, құрылысы, топографиясы, қызметтері. Кеңірдек, бронхтар, Өкпе, құрылысы, топографиясы, қызметі. Өкпеқап, оның қойнаулары. Көкірекаралық.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Оқыту әдістері: қаңқа, муляждар, плакаттар, кестелер,
тест тапсырмалары, жағдайлық есептер.

1.Сыртқы мұрын.

2. Мұрын жанындағы қойнаулар.

3. Көмекей, құрылысы, топографиясы, қызметтері.

4.Бронхтар, топографиясы, құрылысы, маңызы.

5.Өкпенiң құрылысы, беттерi, бөлiктерi, саңлаулары.

6.Оң өкпенiң сол өкпеден айырмашылықтары.

7.Бронхиальдi ағаштың құрылысы.

8.Ацинус құрамдық бөлiктерi.

10.Аралық бөлiктерi.

11.Плевра қабырғалық және ағзалық жапырақшаларының құрылысы

12.Плевра қуысы, синустары.

Әдебиет: ...

Негізгі:

  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,ІІ том. 2004.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

  3. Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М., Жұмабаев У., ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. I,II,III,IV том. Астана: «Фолиант», 2005

  4. Әубәкіров Ә.Б., Сүлейменова Ф.М. Адам анатомиясы, атлас. I,II том. Астана: «Сарыарқа», 2011.

  5. Досаев Т.М. редакциясымен. Адам анатомиясы. Алматы, «Ақнұр», 2013.

Қосымша:

1. Тебенов М.Е.Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы.Қарағанды,»1993

2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы,2007
Сабақ барысы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (5минут):студенттердің сырт көрінісіне, аудитория тазалығына көңіл бөліп, журнал толтыру.

Сабақтың мақсаты: Тыныс алу жүйесi органдарының жалпы құрылысын бiлу, құрылыс ерекшiлiктерiн зерттеу, жеке органдардың құрылысын, топографиясын, функциясын бiлу.
Сабақтың хронокартасы



Сабақ бөлімінің атаулары

Тәжірибелік сабақ

1

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

2

Сабақ тақырыбы бойынша негізгі білімді жаңарту

45 мин

3

Практикалық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету

15 мин

4

Тәжірибелік іс-әрекетке арналған әдістемелік нұсқаулар

10 мин

5

Тәжірибелік жұмысты орындау және нәтижелерін көрсету

180 мин

6

Сабақты қорытындылау, рефлексия

10 мин

7

Үй тапсырмасы

5 мин




Қорытынды

  1. мин


2.Сабақ тақырыбы бойынша негізгі білімді жаңарту(45мин):

Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ-жауап күйінде тексеру.

Тексеру сұрақтары:

1.Сыртқы мұрын.

2. Мұрын жанындағы қойнаулар.

3. Көмекей, құрылысы, топографиясы, қызметтері.

4.Бронхтар, топографиясы, құрылысы, маңызы.

5.Өкпенiң құрылысы, беттерi, бөлiктерi, саңлаулары.

6.Оң өкпенiң сол өкпеден айырмашылықтары.

7.Бронхиальдi ағаштың құрылысы.

8.Ацинус құрамдық бөлiктерi.

10.Аралық бөлiктерi.

11.Плевра қабырғалық және ағзалық жапырақшаларының құрылысы

12.Плевра қуысы, синустары.
3.Практикалық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету(15мин).

Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбының өзектілігімен таныстыру. Тақырыптың практикалық медицинадағы орнын: ауруларға диагностика жасауда, емдеу және асқынулардың алдын-алуға қажет екендігін түсіндіру, мысалдар келтіру.

4.тәжірибелік іс-әрекетке арналған әдістемелік нұсқаулар(10мин).

Муляждардан, планшеттерден тыныс алу жүйесінің құрылысын тауып, атап көрсете алу, олардың басталуларын, байлануларын, құрылысын және функциясын айтып бере алу, студенттерге үйрету, топографиясын бiлу.

5.Тәжірибелік жұмысты орындау және нәтижелерін көрсету(180мин).

6.Сабақты қорытындылау, рефлексия(10мин).

Оқытушы бағасы мен әр студенттің өзін өзі бағалау бағаларын салыстыра отырып бір қорытынды баға қояды, артық-кемшіліктеріне тоқтайды. Белсенді студент өзінің жинаған қосымша мәліметімен бөліседі.

7.Үй тапсырмасы (5мин).

Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт - бағдар беру.

Студенттердің білімін бағалау

Өз білімдеріңізді келесідей бағалаңыз:

1.Мен бәрін түсіндім және осы материалды басқаларға түсіндіре аламын

2.Мен материалды түсіндім, бірақ басқалардың көмегімен түсіндіре аламын.

3.Мен матреилады ішінара түсіндім.

4.Мен ештеңе түсінбедім.

Рефлексия


1.Сабақтың қандай сәті қызықты болды:

2.Сабақтың қиын болған тұстары?

3. Сабақтың оңай болған тұстары?

Чек-лист

Аты-жөні .

Тобы:



Критерийлер




Толық жауап

Жартылай

Дұрыс жауап бермеді

Мүлдем жауап бермеді




Үй тапсырмасы


20

10

5

0





Тәжірибелік дағдыларды көрсету

20

10

5

0




Кестемен жұмыс

40

20

10

0





Ситуациялық есеп

10

5

2

0





тесттік тапсырма

10

5

2

0




Жалпы:


100













Бағалау критерийлары:

90-100 –үй тапсырмасын толығымен айтты,сұрақтарға нақты толығымен жауап берді,анатомиялық құрылысын муляждан толығымен көрсете алды ,ситуациялық есепті дұрыс шеше алды, ,тесттік тапсырмаға толығымен жауап берді.

80-85- үй тапсырмасын толығымен айтты,сұрақтарға жартылай жауап берді,кейбір сұрақтарға жауап бере алмады, анатомиялық құрылысын муляждан жартылай көрсете алды ,ситуациялық есепті дұрыс диагноз қойып ,тесттік тапсырмаға қателерімен жауап берді.

70-80- үй тапсырмасын талдыды ,сұрақтарға жауап беруде қиналды ,кейбір сұрақтарға жауап бере алмады, анатомиялық құрылысын муляждан толығымен көрсете алды ,ситуациялық есепті дұрыс шеше алмады ,тесттік тапсырмаға қателерімен жауап берді.

55-65- үй тапсырмасын қате талды ,сұрақтарға жауап беруде қиналды ,кейбір сұрақтарға жауап бере алмады, анатомиялық құрылысын муляждан толығымен көрсете алмады ,ситуациялық есепті дұрыс шеше алмады ,тесттік тапсырмаға қателерімен жауап берді.

Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):


Жағдайлық есептер:

1. Плевритпен ауратын ауруды рентгеноанатомиялық тексерістен өткізгенде, оның плевра қуысынан сұйықтықтық табылды. Сұйықтықтың жиналуы плевраның қай бөлігінде болды?

Жауап: Сұйықтықтың жиналуы, оның салмағына байланысты қабырға-диагфрагмалық синусында болды.