Файл: Кіріктірілген саба аза тілі, информатика Таырыбы Интернетте жасалатын жмыстар Сілтеме Оу бадарламасы, аза тілі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сынып: 7 «Б» Күні: 27.04.2015 ж.
Кіріктірілген сабақ: қазақ тілі, информатика
Тақырыбы: Интернетте жасалатын жұмыстар
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, интернет ресурстар
Мақсаты: 1) Интернет ұғымы туралы түсініктерін қалыптастыру, интернетте жасалатын жұмыс түрлерімен танысу.
2) Қазақ тілінде ойын еркін жеткізуге дағдыландыру, сөз қорларын моайту.
3) Оқушылар жұптық, топтық жұмыстар барысында ынтымақтастық ортасын қалыптастырады.
Күтілетін нәтиже: Сабақ соңында оқушылар өздерінің түсініп алған білімдерін іс-әрекет барысында қолданады және өздерін бағалайды. Топта ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.
Кезеңі | Жұмыс түрі | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар, бағалау |
Ұйымдас тыру 3 мин. | Психология лық тренинг. «Тор» ойыны | Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады. | Оқушылар мұғалімнің дайындап келген тренингі арқылы сабаққа қызығады. | Жіп орамасы |
Топқа бөлу 3 мин. | Суреттер бойынша бөлу | Оқушыларды нөмірлер бойынша отырғызады, әр топқа атау беріледі | Балалар өз тап мүшелерін тауып бірге отырады | Интернет браузерлердің суреттері бар қима қағаздар «Хром», Мозила», «Амиго», «Гугл» Топтың «Алтын ережесі» |
Үй/тап тексеру 5 мин. | «Ыстық орындық» стратегиясы | Стикерлерге «Ыстық орындық» деп жазылған. Сол стикер кімге түссе, сол жауап береді. | Оқушылар жауап береді. Дұрыс, толық жауап берген оқушы фишкамен марапаттала ды | Фишкалар, стикерлер, бағалау парағы, дорба |
Ой шақыру 6 мни. | Сөзжұмбақ | Сөзжұмбақ сұрақтарын дайындайды | Оқушылар жауаптарға жауап беріп, сабақтың тақырыбын ашады | Ватманға жазылған сөзжұмбақ |
Негізгі бөлім 5 мин. | Топтық жұмыс «Тауар сатып алу», «Интернет мүмкіндігі», «Қабылдап алу», «Мәліметтер мен алмасу» | Әр топқа бір-бір сөз тіркестен беріледі. Берілген іс-әрекеттің алгоритімін жазу | Постерге әрекеттердің алгоритімін жазады | «Қазақ тілі» оқулығы 249-бет 1-тапсырма, бағалау парағы |
5 мин. | Жеке жұмыс (компьютерде тез теруді бақылау) | Оқулықтағы тапсырманы түсіндіреді | Мәтінді компьютерде теріп, керек сөздерді жазып қояды | 249-бет 2-тапсырма, Өзара бағалау парағы |
Сергіту сәті 3 мин. | | Көзге арналған жаттығуды ұсынады, бірге орындайды | Сергіту сәтін орындайды | |
6 мин. | Жеке жұмыс: презентация жасау | Оқушыларға «Ұлы Отан соғысы» атты презентация әзірлеуге тапсырма береді | Интернет ресурстарды пайдаланып, презентация жасайды | Интернет, компьютер |
Рефлексия 5 мин. | Постер құрастыру | «Менің көңіл күйім» атты постер құрудың ерекшелігін түсіндіреді | Постермен жұмыс жасап, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі | А3, фломастер, смайликтер |
Бағалау 5 мин. | | Топ басшыларынан бағалауларын сұрайды, соңғы бағасын қояды. | Топ ішіндегі басшылар әр топты бағалайды | Бағалау парақтары |
Үй/тап беру | 250-бет 4-тапсырма | Оқушыларға үй тапсырмасын орындау тәртібін түсіндіреді | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады | Күнделік, қалам, оқулық |
Астана қаласы білім басқармасы
«№23 орта мектеп» КММ
Кіріктірілген
Тақырыбы: Интернетте жасалатын жұмыстар
Сынып: 7 «Б»
Мұғалімдер:
Қазақ тілі: Өтетілеева Г.Б.
Информатика: А.Ә. Ахметжанова
2015 жылғы 24 сәуір