Файл: 20 С. Сейфуллин атындаы мг ыса мерзімді жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№20 С.Сейфуллин атындағы МГ

Қысқа мерзімді жоспар

     

Қазақ тілі 19-сабақ

Бөлім:

Сәулет өнері

Мұғалімнің аты-жөні

Кушекбаева Ф

Күні: 08.12.2021




Сынып: 3 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тұрлаулы мүшелер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) мүшелерін ажыратады, ашық және жабық сұрақтарға жауап бере алады.

Көптеген оқушылар: сөйлемдерді сызбамен сәйкестендіріп, түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: анықтамаға сай келетін мысалдар келтіре алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру
8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу «Сұрақ-жауап» әдісімен өтеді:

А) Оқу тапсырмасын тексеру: 15-жаттығу.

Ә) Сұрақ-жауап:

- Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қай кезде қойылады?

-Мысал келтіріңдер.

«Санау» әдісімен төрт топқа бөлу.

Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:

-Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.

Раэлищнтұрлаулытбгвдпщсмсмүшелермыпмндп

- Қандай сөйлем шықты?

-Ендеше бүгінгі сабақта сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді анықтау мақсатында тапсырмалар орындайтын боламыз.

Сабақ мақсаты жария етіледі.

  1. Жаттығу жасайды.

Топқабірігеді.
Үйге берілген тапсырманы қалай орындағанын түсіндіреді.

Әркім бір-бір мысал келтіреді.


Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.





Жаңа білім

15 мин

2 мин
Бекіту

15 мин

(Ұ, Т) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.дәптермен жұмыс болады.

17-жаттығу.

Оқы. Сөйлемдерді сызбамен сәйкестендір. Қай сызба қай сөйлемге сәйкес келетінін түсіндір.

- Бұл сөйлемдегі сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

Анықтамамен жұмыс:

Бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Сергіту сәтінде «Қаражорға» билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.

19-жаттығу.

Ребусты шеш. «Қала» сөзінен екі сөйлем құрап жаз. Ол сөз бірінде – бастауыш, екіншісінде баяндауыш болсын.

Алмас кірпішті қала.Отырар-қала.

- Бір сөздің екі сөйлемде екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқару себебін түсіндір.

- Екінші сөйлемде сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

20-жаттығу. «Кім келіспейді?» ойыны. Ойынның шарты: ойын бастаушы төмендегі сөйлемдерді тақтаға жазып, оны тұрлаулы мүшелерге талдап беруді талап етеді. Талдауға шыққан оқушы-

ның пікіріне «Кім келіспейді?» деген сұрақ қояды. Келіспегендер өз пікірлерін дәлелдейді. Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, дұрыс талдаған оқушы

ойын бастаушы болады.

1. Арман Тәуелсіздік сарайына бармақшы. 2. Апасы Түркістанда тұрады. 3. Ол таңертең Баянауылға соқты. 4. Біз Астананы араладық.

Мәтінді тыңдап, тапсырманы орындайды. Анықтама-ларды жаттайды.

Билеп сергиді.

Тапсырманы орындайды.

Ойын ойнайды.

Дескриптор:

- Мәтінге ат қояды-1 балл.

- Сөйлемдерді сызбамен сәйкестендіреді -1 балл.

- сызба қай сөйлемге сәйкес келетінін түсіндіреді -2балл.

Анықтаманы жаттайды-1балл.
Дескриптор:

- Ребус шешеді-1балл.

Екі сөйлем құрап жазады -2балл.

- Бір сөздің екі сөйлемде екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқару себебін түсіндіреді -1балл.

- Сөйлемдерді тақтаға жазып, оны тұрлаулы мүшелерге талдап береді-1 балл.

Оқулық, дәптер



Оқулық, дәптер

Кері байланыс

5 мин

Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді.

Оқу тапсырмасы: 18-жаттығу.

Кері байланыс жасайды.

Оқу тапсырмасын жазып алады.

ҚБ қойылады.