Файл: Тйе тлік басы. Тйе кшті клігі. Оан кбінесе жк артады. Стінен шбат, ымыран дайындайды. Жнінен жылы киім тоиды. ( 18 сз) Бірінші сйлем неше сзден трады Екінші сйлемні дауыссыз дыбыстарыны астын сыз. Бізді сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 сыныпқа арналған диктант
Түйе


Түйе- түлік басы.Түйе көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. ( 18 сөз)

1.Бірінші сөйлем неше сөзден тұрады?
2.Екінші сөйлемнің дауыссыз дыбыстарының астын сыз.


Біздің сынып

Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Он парта бар. Әр партада екі оқушыдан отырады. Сыныбымыз кең және жарық. (17 сөз)

1.Бірінші сөйлем неше сөзден тұрады?
2.Екінші сөйлемнің дауыссыз дыбыстарының астын сыз.

2 сыныпқа арналған диктант

Күз

Күз түсті. Күн көзінің қызуы азайды. Ауа райы да суыта бастады. Жан – жануарлар қысқа дайындық жасауда. Құмырсқалар індеріне дән тасып жүр. Құмырсқа – еңбекқор жәндік. Олар қысқы азығын жаз бойы жинап алады.

1. «Жәндік» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2. «Құмырсқа» сөзін буынға бөліп жаз.
Тиін
Тиін орманда, тоғайда болады. Ол секіруге икемді. Бұтақтан – бұтаққа, ағаштан – ағашқа секіріп жүреді. Жыртқыш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Тиін бүр, саңырауқұлақ және жаңғақпен қоректенеді. Тиінді көрсең тиме. Оны қорғап жүр.
1. «Жыртқыш» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2. «Саңырауқұлақ» сөзін буынға бөліп жаз.