Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым министрлігі орта мектебі кмм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 4-сабақk
Бөлім: | Өнер | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 3 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Шешеннің сөзі ортақ . Әнет баба өсиеті | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізе алады. Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қояды және жауап береді. Кейбір оқушылар: кейіпкер жайлы білетін мәліметтерді есіне түсіріп әңгімелей алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Әйтеке бидің нақыл сөздерін жатқа айту. Мағынасын түсіндіру. Оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүреді: -Берілген мақалдардың мағынасын ашыңдар. 1. Жақсы сөз жаныңды жадыратады, Жаман сөз уайымға салындырады. 2. Тауып айтқан сөзге құн жетпейді, Біліп айтқан сөзге мін жетпейді. 3. Жақсы сөз – жарым ырыс. - Олай болса, бүгінгі сабағымызда «Әнет бабаның өсиеті» атты шығарманы оқитын боламыз. Сабақ мақсаты жария етіледі. |
Оқу тапсырмасы жайлы сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты ашады. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. А)Мәтінмен жұмыс. «Әнет бабаның өсиетін» түсініп тізбектей дауыстап оқыңдар. -Әнет бабаның өсиетін Қазыбек би қалай түсінді? Ә) Сұрақ-жауап: -Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін бір-біріңе сұрақтар қойып, жауап беріңдер. Кейбір оқушылар: кейіпкер жайлы Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Қазыбек би жайлы білетін мәліметтерді есіңе түсіріп әңгімеле. Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді. (Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады. Сызбамен жұмыс: 1) Сызбаға сүйеніп, шешендік сөздер туралы ойыңды қорытып айт. 2) Сызбаға сүйеніп, шешен адамға тән сипаттарды айт. Өзің тағы не қосар едің? | - Мәтінді оқиды. - Сұрақ қойып, жауап береді. Билеп сергиді. -Тапсырманы талқылап, өз пікірлерін білдіреді. | Дескриптор: - Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-1балл. - Әнет бабаның өсиетін Қазыбек бидің сөзімен түсіндіреді-2балл. - Мәтін мазмұны жайлы бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді-2балл. Дескриптор: - Шешендік сөздер туралы ойын қорытып айтады -1балл. Шешен адамға тән сипаттарды айтады-2балл. Шешен адамға тән сипаттарға өз пікірін қосып әңгімелейді-2балл. | Оқулық |
Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды. Оқу тапсырмасы: Мәтінді оқу, Әнет бабаның өсиетін Қазыбек бидің талдауын жаттап алу. | Сабаққа кері байланыс жасайды. | ҚБ қойылады. | |