ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қуанғанда мақтанып, Қол соғасын шаттанып. Ең алдына «Қ» қойсаң, Қолыңды өтер от қарып | Бір құлаштай матамын, Жуынғанда аласың, Алған әріпті өшірсең, Ең әдепті боласың. |
«Ар» мен «ал» - ды қосқанда, Судағы құрлықпын. Алдына «М» - ны қосқанда, Нудағы түлікпін. | Бойында өссем тоғанның, Кіргізем дәмін тағамның. Соңыма қоссаңбір әріп, Үндемей жүрер адаммын. |
Піскен жеміс қосымын, Құстың жақын досымын. «Қ» орнына «Ж» жазсаң, Жамбыл ата жасымын.
Ұнтағым бал, жерде өсем, Бір халыққа әзірмін,
Соңғы «Н» - ді «М» десең
Дастарқанда мәзірмін
Моншағы көп тізілер, Шуағын төксе күліп күн.
Соңғы әріп «К» болса,
Әжем сынды кісілер,
Қолға тағар мүлікпін.
Желбіретіп үкімді, Сулы жерде жайқалам.
«Қ» орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып жай табам
Ақтан көрпе жамыламын,
Ақ бояуға қанықпын, Бағалымын, мамықпын, Бас әріпім алмасса, Төрт бұрышты жазықпын. | Көктемде сайға ағыламын. Өзгерсе егер алғашқы әріп, Жер қойнынан табыламын. |
Жасыл желек алабым, Жыл маусымы боламын. Бірінші әріп ауысса, Айдынға ұшып қонамын. | Шуақты мол төгемін, Гүлге бөлеп беремін, Бас әріпті өшірсең, Көкіректі керемін |
Шеге қағар шеберге, Ең қажетті құралмын. «Б» - ны өшірсең егер де, Жігер берер ұранмын.
Қатты соғып жүрегім,
Қорқып, үркіп жүремін,
«Қ» орнына «Н» қойсаң, Күшке толар білегім.
Жаьам құстар тобына, Азығымын адамның.
«Ы» - ны қоссаң соңыма
Жылқы етімін – тағаммын. «Ж» әрпімен бастасаң, Көрінеді бар маңым. «Ж» - ны сызып тастасаң, Су ағатын арнамын.