Файл: уаныш тобы Трбиеші Болысбаева Д. Ф. 2023 жыл.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«АҚСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАНСҮГІРОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «АЙ-ЖҰЛДЫЗ»БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

«Шынықсаң шымыр боласың»

«Қуаныш» тобы

Тәрбиеші: Болысбаева Д.Ф.

2023 жыл

«Шынықсаң шымыр боласың» эстафеталық жарыс

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу. Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту.

Қажетті құралдар: түрлі- түсті шарлар, кедергілер, доптар,ысқырық .

Жүргізуші:

Құрметті тәрбиешілер мен балалар, бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа « Қыран»және «Барыс» тобының балалары қатысады.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

- дей келе ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.

  1. «Қыран» тобын шақырамыз.

  2. «Барыс» тобын шақырамыз.

«Қыран» тобы:

Ұраны: Қыран құстай самғаймыз,

Топтардан біз қалмаймыз.

«Барыс» тобы:

Ұраны: Барыс- топтан қалмай жарыс.

Ал,құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

  1. Балабақша меңгерушісі: Мангытбаева Д.М

  2. Балабақша меңгерушісі: Мырзакасымова А.Б.

  3. Балабақша медбике: Мырзакасымова Ж.Б.

Таза ауа спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға-деген бір ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз.

Жүргізуші: Біздің «Шынықсаң шымыр боласығ» атты бүгінгі эстафеталық жарысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1.«Кім жылдам?» сайысы.

2.«Кедергілерден өт» сайысы.

3. «Кенгуру» сайысы.

4.«Қаппен секіру» сайысы.

5. «Қырықаяқ» сайысы.

1.« Кім жылдам?»
сайысы.

Ойынның шарты: Сызық бойымен секіріп шеңбердің ішіндегі допты алып, келесі ойыншыға береді, келесі ойыншы сызық бойымен секіріп допты шеңбердің ішіне тастап кетеді. Дәл осылай ойын қайталанады.

2.«Кедергілерден өт» сайысы.

Ойынның шарты: Кедергі арасымен жүгіріп өтіп, берілген тапсырманы орындау.

3.«Кенгуру» сайысы.

Ойынның шарты: Допты екі аяқ ортасына ұстап, кедергілер арасынан жылан тәрізді айналып өтіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді.

4. «Қапшықпен секіру» жарысы.

Ойынның шарты: Әр ойыншы қапшықты киіп кедергілер арасымен өтіп қапшықты келесі ойыншыға беру керек.

5.«Қырық аяқ сайысы» .

Ойынның шарты: Балалар топ мүшесінің артына тіркесіп кедергілерді айналып, кері қайтып келеді.

6. «Допты ойын» сайысы.

Ойынның шарты: Әр ойыншы обруч арқылы шарды келесі ойыншыға беру арқылы себетке жинайды.

Жүргізуші:

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстыңда соңы келді таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділ-қазы сайысты әділ бағалар.

Дей келе сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.Сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ-қазы алқаларына беріледі.

Жүргізуші:

Денсаулық ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі .

Денсаулық- ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі .

Денсаулық- ол күлуің,

Көңіл- күйің жадырай.

Осымен бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» атты эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті.