Файл: Білім беру йымыны атауы 56 негізгі орта мектебі Пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім беру ұйымының атауы

№ 56 негізгі орта мектебі

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Атақты тұлғалар

Педагогтің аты-жөні:

Мадет Алия

Күні:

05.08.2022 ж.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бала Абай

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу.

3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру.

Сабақтың мақсаты

Оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін дәлелдейді.

Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс – әрекеті туралы нақты сұрақтарды құрастырады және оған жауап береді.

Кейіпкерлердің іс – әрекеті туралы сұрақтарға жауап береді. (ЕБҚ).

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Ұйымдастыру

(2 мин)

Өзін-өзі тексеру

(3 мин.)


Өткен білімді еске түсіру

(3 мин.)

Жаңа білім

(30 мин.)

Бекіту

( 4 мин.)

Кері байланыс

(2 мин.)

Үй жұмысы

(1 мин.)

.

Психологиялық ахуал туғызу. (Оқушылар шеңбер құрып, қолдарын ұстап, тұра қалады).

Қане, қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Білімде алда болайық!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

  • ....

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • ....

  • Сыныпта кім жоқ?

  • ...

  • Бүгін нешесі?

  • ....

  • Аптаның қай күні?

  • ....

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • ....

  • Тамаша! Рақмет! Орныңызға отырыңыз!


«Иә, жоқ» әдісі





Сұрақтар


Иә

Жоқ

1.

Шоқан зерттеуші ме?







2.

Мысық мүсінші ме?







3.

Мүсіндерді Шоқан жасады ма?







4.

Шоқан Мысықты Ресейге өзімен бірге алып кетті ме?







5.

Мысық әлемге танымал мүсінші болды ма?








«Мағынаны тану» әдісі . Оқушыларға берілген суреттер бойынша ребус шешуді ұсынамын.
Ребусты шешейік



(АБАЙ)


  • Қандай сөз шықты?

  • Абай.

  • Олай болса балалар, бүгін біз Абай Құнанбаевтың балалық шағы туралы өтетін боламыз.


Сабағымыздың тақырыбы: Бала Абай

https://youtu.be/BXSlRWzuUZc

(бейнебаянға көңіл аудару)

  • Соныме балалар, Абай Құнанбайұлы кім ?

  • Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, дара тұлғасы.

  • Абай Құнанбаев туралы не білдіңдер?

  • Абай өмір, өнер, білім, табиғат туралы өлеңдер жазды. Оның өлеңдерін қазақ халқы сүйіп тыңдайды.

  • Өте жақсы! Рақмет!

(Сабақтың мақсаты айтылады)

  • Балалар, әдеттегідей жалғауларға назар аударып, жаңа сөздермен таныстырамын.

Жаңа сөздер

Ақын – поэт

Тұлға – личность

Қонақ – гость

Бата – благословение
Дұрыс айт!

ақын

өскен {өскен}

тұлға
Мен ақын боламын

Сен ақын боласың

Сіз ақын боласыз

Ол ақын болады

1 – тапсырма «Фильмдерді көру және оны талдау» әдісі

Мәтінді көріп, тыңда. Мәтін мазмұны бойынша өз пікіріңді, өз көзқарасыңды, өз ойыңды білдіріп дәлелдеп, сипатта. Қысқаша мазмұндап айт.
https://youtu.be/uON1hLj2HdA

Абайдың ауылына атақты Дулат ақын келді.

Абай әжесінен Дулат ақын туралы сұрады. Дулат ақын Абайға бата берді. Абайдың әжесі – Зере өте мейірімді адам, ол Дулат ақынды құрметтеді.
Көмекші сұрақтар:

  1. Мәтінде, суретте кімдер бейнеленген?

  2. Олар отырған үйді сипаттап айтып көр.

  3. Абай ауылына кім келді?

  4. Абай әжесінен кім туралы сұрады?

  5. Қонақтың аты кім?

  6. Қонақ кімге бата берді?

  7. Абайдың әжесі қандай адам?


ЕБҚ тапсырмасы: - Мәтінде, суретте кімдер бейнеленген?
Дескриптор:

  • Мәтінді көріп, тыңдайды;

  • Мәтін мазмұны бойынша өз ойларын, өз көзқарастарын білдіреді;

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

  • Бейнебаянда кімдер бейнеленгенін айтады (ЕБҚ).



Сергіту сәті. «Бала, бала, балапан»

https://youtu.be/mcZPvt-1t6I


2 – тапсырма Жұптық жұмыс. «Ойлан – жұптас» әдісі

Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша, кейіпкерлердің іс – әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай?, қай?, қашан?, қайда? ) құрастырып, оған жауап беріңдер. Рөлге бөліп оқыңдар.
Көмекші сөздер: Дулат ақын, Абай, ауылға, жаз мезгілі, бата, мейірімді.
ЕБҚ тапсырмасы: диалогты оқы.
Дескриптор:

  • Диалогты құрастырады және оған жауап береді;

  • Рөлге бөліп оқиды;

  • Диалогты оқиды (ЕБҚ)


3 – тапсырма. Оқылым. «Білгенге маржан» әдісі

Дулат ақынның Абайға берген батасын оқы, мағынасын түсініп ал! Бата бойынша 2 сұрақтар құрастыр және оған жауап бер.

Шырағым, ержетерсің,

Ержетсең, сірә, не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің,

Шыңдасаң, шыңға жетерсің

ЕБҚ тапсырмасы: өлеңді оқы.
Дескриптор:

  • Батаны мәнерлеп оқиды;

  • Бата бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;

  • Батаны оқиды (ЕБҚ).


«Желкенді кеме» әдісі арқылы оқушыларға кеменің суретін беріп, бояуларын ұсынамын.


Дулат ақынның Абайға берген батасын жатта.

Шырағым, ержетерсің,

Ержетсең, сірә, не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің,

Шыңдасаң, шыңға жетерсің



Оқушылар мұғалімнің көмегімен жаттығуды орындайды.


Кезекші сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар сұрақтардың иә, жоқтығын анықтап жауап береді.

Оқушылар берілген суреттер бойынша ребус шешеді.

Абай Құнанбаев туралы бейнебаян арқылы қысқаша мағлұмат алады;

Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар мәтінді көріп, тыңдайды;

Мәтін мазмұны бойынша өз ойларын, өз көзқарастарын білдіреді; Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Оқушылар жұппен диалогті құрастырады, рөлге бөліп оқиды.


  • Дулат ақын қайда келді?

  • Дулат ақын Абай ауылына келді.

  • Қашан келді?

  • Жаз мезгілінде келді .

  • Дулат ақын кімге бата берді?

  • Дулат ақын Абайға бата берді.

  • Абайдың әжесі қандай адам?

  • Абайдың әжесі өте мейірімді адам.


Оқушылар батаны оқиды, бата бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді.


  • Бұл кімнің батасы?

  • Бұл Дулат ақынның батасы.

  • Дулат ақын кімге бата берді?

  • Дулат ақын Абайға бата берді.



Оқушылар сабақта меңгерген білімдері бойынша кеменің суретін бояйды.

Оқушылар батаны жаттайды.


Ауызша мадақтау «Жарайсың!Тамаша!» ҚБ

Ауызша мадақтау «Жарайсың!Өте жақсы!» ҚБ

«Күлегештер» әдісімен бағалау. ҚБ

Ауызша мадақтау «Жарай-сың!» ҚБ

«Бағдаршам» әдісімен ҚБ

«Қосу, азайту» әдісімен ҚБ

«Екі жұлдыз, бір тілек»

әдісімен бағалау. ҚБ










А4 қағазы

Парақ









https://youtu.be/BXSlRWzuUZc



https://youtu.be/uON1hLj2HdA



https://youtu.be/mcZPvt-1t6I