ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | Табиғат физикасы | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Дыбыстың шағылуы деген не? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.5.3.1 белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Өткен тақырыпты мазмұндаңдар. -Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар. Оқу материалын жариялау «Жедел жауап» әдісі арқылы жүреді: -Айналадан қандай дыбыстарды естіп тұрсыңдар? -Дыбыс бізге қалай естіледі деп ойлайсыңдар? -Дыбыс неден тұрады? -Олай болса, бүгінгі сабағымызда дыбыстың шағылу маңызын анықтайтын боламыз. Сабақ мақсаты жария етіледі. |
Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. | Оқушының жауабын толықтыру немесе тиімді кері байланыс жасау. | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Ашық микрофон» әдісімен орындалады. А) Сөздік жұмысы. Жаңғырық, дыбыстың шағылуы. Ә) Суретпен жұмыс. Суреттерге мұқият қараңдар. -Эврика «Жоғарғы қабатта көше шуы бәсең естіледі» деді. -Сендер Эвриканың сөзімен келісесіңдер ме? -Дыбыс қалай таралады? Оның таралуына қашықтық әсер ете ме? -Негеш пен Эврика қайда жүр? -Негеш не істеп тұр деп ойлайсыңдар? Суреттегі сызықтар нені білдіреді? -Балалар тағы қандай дыбыстарды естуі мүмкін? -Ол дыбыс неліктен пайда болады деп ойлайсыңдар? -Шағылу деген не? -Дыбыстың шағылуы мүмкін бе? Ойларыңды түсіндіріңдер. Б) Мәтінмен жұмыс. -Мәтінді түсініп оқыңдар. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, достарыңнан жауап ал. Сергіту сәтінде қазақ биін билету. (Т, Д) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен жүзеге асырылады. А) Бақылау. -Суреттегі құбылыстарды түсіндіріңдер. Осындай құбылысты тағы қайдан кездестіруге болады? -Аспаптардың дыбысы қалай күшейеді? Ә) Зерттеу. -Шағылған дыбысты қалай естуге болады? Б) Ойлан. -Орманда адасып кеткен адамның тұрған орнын дауысына қарап анықтау қиын. Нелңктен? | Сөздікті жазып, жаттайды. Сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар орындайды. Билеп сергиді. Мәтінді оқиды, бақылайды. Сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді. | Дескриптор: - Сөздікті жазып, жаттайды-1балл. - Жоғарғы қабатта көше шуы бәсең естілуі туралы әңгімелейді -2балл. - Дыбыстың таралуы анықтайды-1балл, Тауда дыбыстың жаңғыруы туралы әңгімелейді-1балл. Дескриптор: -Суреттегі құбылыстарды түсіндіреді-2балл. - Аспаптардың дыбысы қалай күшейетіні туралы әңгімелейді-2балл. Шағылған дыбысты қалай естуге болатынын айтады-1балл. | «Жараты-лыстану» оқулығы 4-сынып 2019ж |
Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді. Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу. | Түсінгені туралы ой қорытады. Тапсырманы жазып алады. | ҚБ қойылады. | |