Файл: араанды облысы Абай ауданы Дзержинск жалпы білім беретін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қарағанды облысы Абай ауданы

Дзержинск жалпы білім беретін

мектебінің 2-сыныбына


Мінездеме

Мендегі практика жүргізген 2 сыныпта 11 оқушы бар.6 ұл және 5 қыз.Оқушылар өте тәртіпті,сабаққа бәрі белсене қатысады.Сынып жетекшісі Камелхан Айдынбек. 2022 жылдың 1 қыркүйегінде 2-сыныбына қабылданды.Балалардың көпшілігі басқа мектептерден ауысып келген.Сынып ішінде 8 і үлгерімі 3 –і қанағаттанарлық деңғейде оқитын оқушылар. Сынып оқушыларының құжаттары түгел, психологиялық, физиологиялық дамуы жақсы дені сау, ұйымшыл, тәртібі талапқа сай. Барлық сабаққа белсенді қатысады, мұғалімдермен қарым-қатынасы коммуникативті. Мұғалімдердің берілген тапсырмасын аса қызығушылықпен орындайды. Тазалық секторы сыныптың тазалығына жауап береді және спорт секторы,еңбек секторы,оқу секторы, сыныпта мерекелік жиындар, диспуттар, атаулы күндердің өтуіне атсалысып отырады.Оқушылар оқу-тәрбие процессінде кемшіліктер дер кезінде ескеріліп, шара қолданылып отырады. Көшеде жүру тәртібі, техникалық кауіпсіздікті дұрыс пайдалана береді. Мектепте өткізілетін іс-шараларға, тәрбие сағаттарына түгел қатысады.

Бұл сыныпта мектеп психологының психодиагностикалық зерттеу жүргізген мәліметі бойынша сыныпта 1 оқушы холерик, 9 оқушы сангвиник, 1 оқушы флегматик темперамент типтері анықталған. Психикалық процестеріне зерттеу жүргізіліп оқушылардың ойлау зейін, қабылдау, ес, түрлері қалыпты деңгейде. Сабақтан кешікпейді, берілген тапсырмаларды ұқыпты уақытында орындайды. Сабақ үлгерімдері жақсы, әсіресе әдебиеттану,қазақ тілі пәндеріне қызығушылығы жоғары. Борыштық және жауапкершілікті сезіне біледі, сыртқы келбетіне, оқуға және оқулықтарға, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Жалпы сынып ұжымы бір –бірімен тату тіл табыса біледі, үлкендерді сыйлайды, ұқыпты оқушылар. Алдағы оқу-жылын ойдағыдай аяқтап тәртіпті, саналы, жан-жақты жеке тұлға болады деген сенім бар.

2-сыныбына көбіне орыс тілі,ағылшын пәнінен қиналады.Сынып іші топ-топқа бөліну,бір-бірімен араласпай жүру деген жаман қылықтардан аулақ.Оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста.Сабақта бір-біріне үнемі көмектесіп отырады.



дПМНО 20-6 к тобының студенті Мейрамқызы А