Файл: 17 саба Білім беру йымыны атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

17 сабақ

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Құндылықтар Көркем мінез не?

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Мәтін туралы не білемін?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.2.1.1* мәтін түрлерін (әңгімелеу/ сипаттау/пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау

4.3.5.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету, жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау

Сабақтың мақсаты

Мәтін түрлерін ажыратады.Мұғалім көмегімен қатені анықтап түзетеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі /уақыты

Педагогтің

әрекеті

Оқушының

әрекеті


Бағалау


Ресурс-тар


Ұйымдастыру

Сабақ алдындағы көңіл күй

Мақсаты: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ертеңгілік шеңбер»

Қайырлы күн, көздерім!

Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).

Қайырлы күн, құлақтарым!

Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).

Қайырлы күн, қолдарым!

Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).

Қайырлы күн, аяқтарым!

Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).

Қайырлы күн, мұғалім!

Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)
/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы тілектер айтады/!


Өлеңді дауыстап айтып, тілді жаттықтыру

Бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлау.

Танысты-рылым слайд-1

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру

Ой қозғау

Сабақ тақырыбын, мақсатын болжау.

«Артық әріптер» сөзжұмбағы. Әрбір қатардағы артық бір әріпті тауып, оны сыз. Қалған әріптерден сөз құрап торкөздерге жаз. Барлық сөздерді тапсаңдар, бүгінгі сабағымыз не туралы болатынын білесіңдер.




















































































йао

әмінтұ

мзмұанғ

тқарыпыж

Жауабы:ой, мәтін, мазмұн, тақырып

Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін бірге белгілеу


Сабақ тақырыбы мен мақсатына болжау жасайды.



МБ:

«жарайсың-дар»

«керемет»

«ойларыңыз тамаша»

слайд

Жаңа білім



(МК) Қызғаныштың салдары
Үстел үстінде Радио мен Теледидар қатар тұратын. Үй ішіндегілер Теледидарды қызықтайтын. Радионың бұған қатты намысы келетін.

-Сен келдің де, мен ескерусіз қалдым,- дейтін ылғи.
Теледидарды атарға оғы жоқ еді. Ал ол болса, бұған еш ашуланбайтын.

-Екеуіміз кезекпен сөйлесейік,-дейтін.

–Мен сөйлеп болған соң, сен сөйле.

-Көрсетемін, кезекті, - дейді Радио қанасына сыймай.

–Тапқан екенсің ақымақты!
Сөйтті де, теледидармен қосыла сөйлеп, оны мазақ ете бастады. Тыңдап отырған иесі Радионы тоқтан ажыратып
тастады.

Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті салыстырылады.



Салыстыра сипаттауда «ал» көмекші сөзі қолданылады. Мысалы, Радио қызғаншақ, шыдамсыз, ал Теледидар
салмақты.

Өзге адамдардың сөзіне рұқсатсыз араласпаған жақсы. Ал егер ол соншалықты қажет болса, «кешіріңіз» немесе «ғафу етіңіз», «сөзіңізді бөлейін деп тұрмын», «сөзіңізді бөлуге бола ма?» деген сөздермен сөйлесіп отырған дардан рұқсат сұраған жөн. Бұл әдептілікті білдіреді.

1-жаттығу.

Б/к: Мәтіннің түрін атайды

• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

Екі бөлікті салыстырып ,қай бөліктің мәтін екенін дәлелдейді.

I. Жаман адамға да жақсы көзбен қара.
  Нұрайға тосынсый жасадық.
  Күлкі көңілді көтереді.

  II. Нұрай – ибалы, тәртіпті оқушы. Ол – үздік оқушылардың бірі. Сыныптастары үлгі тұтады.

Дұрыс жауабы:

Нұрай – ибалы, тәртіпті оқушы. Ол – үздік оқушылардың бірі. Сыныптастары үлгі тұтады.

Дескриптор:

-Мәтінді анықтайды-1 б.

-Мәтінді қатесіз көшіріп жазады-1б

-Сөйлемдерді байланыстырып тұрған сөзді табады-1б.

«Ақпарат жинау» әдісі арқылы өткізу.

Қабырғаға сөйлемдер ілініп , сол сөйлемдерді орнына қойып мәтін құрастырады.Үш топ құрастырған мәтіндерін салыстырады.

2-жаттығу.Сөйлемдерден «Тиін» мәтінін құрастыр.

Тиін саябақта тіршілік етеді. Олар тиінді үнемі қоректен-діріп тұратын болды. Бірде оған оқушылар жаңғақ әкелді. Тиін жаңғақты тез қағып алды. Тиіннің мұнысы балаларға қызық көрінеді

Дескриптор :

- мәтінді құрастырады;1б

- мәтіннің түрін анықтайды;1б

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады-1б

3-жаттығу

Б/К: Мәтіннің түрін атайды.

• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды.

Мұғалімнің көмегімен мәтінде жіберілген қателерді түзетеді.

Таған* көгершіндердің даяр тамақта, жылы орында тұрғанын көрді де, жүнін ақ бояумен бояп, соларға келіп қосылды. Түнде … өзінің қай жерде екенін ұмытып, өзінше айғай салды. Сонда көгершіндер … бөтен құс екенін біліп, қуып жіберді. Бұдан кейін таған өзінің жолдастарына келіп қосылды. Жолдастары жүні ақ болған соң, танымай қуып жіберді. Осы қалпымен … көгершіндерге де қосылмай, өз жолдастарына да қосылмай, көрген күні қараң болды.

Дескриптор :

- мәтінді байланыстырып құрастырады;1б

- мәтіннің түрін анықтайды;1б

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады-1б

- мәтіннің қатесін түзеп, сауатты жазады-1 б



Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті салыстырылады.

Мәтіннің түрін ажыратады.

Мәтіннің құрылымын анықтайды.

Дескриптор арқылы бағалайды.

Сөйлемдер

ден мәтін құрастырады.



МБ:

«жарайсың-дар»

«керемет»

«ойларыңыз тамаша»

МБ:

«жарайсың-дар»

«керемет»

«ойларыңыз тамаша»

Б. Әділов «Қырық
жеті мысал»
жинағы


Бекіту



 -Мәтін түрлерін ата.

-Мәтіннің құрылымдық бөліктері қандай?

-Көркем мінезді болу дегенді қалай түсінесің?



Мәтін түрін қайталайды.


МБ:

«жарайсың-дар»

«керемет»


Үй тап-сырма-сы:

4-жаттығу.Үй тапсырмасын орындау нұсқаулығын түсіндіреді.


Үй тапсырмасын орындайды.

МБ:

«жарайсың-дар» «керемет»


Оқулық

Кері байла

ныс

Сабақ соңындағы ой бөлісу

Кері байланыс:

Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.




Сабақта қарастырыл

ған іс-әрекеттерге шолу жасайды

МБ:

«жарайсың-дар» «керемет»


Танысты-рылым слайд