ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
109. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржыкөздері есебінен құрылады.
110. Мемлекеттiк мекеме дербес иелiктен шығаруға немесе оған бекiтiлген мүлiк пен оған смета құралдары бойынша бөлiнген мүлiкке өзгеше тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
111. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе онда білім беру салаларындағы мемлекеттік мекемелерөндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
112. Мемлекеттiк мекеменiң қызметi тиісті бюджеттен қаржыландырылады.
113. Мемлекеттiк мекеме бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептiлiк ұсынады.
114. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
13. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
115. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
14. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
116. Мемлекеттiк мекеменiңқұрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Құрылтайшының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады және “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақтық тіркеу органдарында тіркеледі.
15. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
117. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
118. Мемлекеттік заңды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
119. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
120.Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган қайта бөледі.
121. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
16. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері
туралы мәліметтер
122.Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Мемлекеттік мекеменің
директоры міндетін
уақытша атқарушы _________Г.Т.Сулейменова
(қолы)