Файл: Кні Пні ертегілер елінде Саба 26 Сабаты таырыбы Трт тлік мал ел байлыы Сабаты масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні:
Пәні:ертегілер елінде
Сабақ №26
Сабақтың тақырыбы: «Төрт түлік мал — ел байлығы»
Сабақтың мақсаты: балаларды төрт түлік малды ажырата білуге, оның төлдерін атауға үйрету. Малдың пайдасы, төлін шаңыру, күту, адамға пайдасы туралы әңгімелеу. Төлдердің қимыл-қозғалыстарын сахналау, төрт түлікке байланысты, өлең, тақпақ, мақалдар айтып, жүмбақтар шешуге дағдыландыру. Төрт түлікті күтіп, қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: төрт түлік малдың суреттері мен ойыншық мүсіндері.
Сөздік жұмыс: төрт түлік мал, төл.
Тәрбие жүмысының барысы: Үйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші балаларды шеңберге түрғызып, бір-біріне алақаң жылуы арқылы жылы сөздер атау. Сөлеметсің бе, қозым. Амансың ба, боташым немесе лағым, т.б.
Әңгімелеу
-
Көктем айларын атаңдар. Көктем айында қандай өзге- рістер болады? (күн жылынады, малдар төлдейді)
Төрт түлік малдың сурттерін көрсетіп, аттарын атайды.
Төрт түлік малға жататындар - сиыр, түйе, жылқы, қой мен ешкі. Сиыр, түйе, жылқының пайдасы мен ерекшеліктері әртүрлі. Ал қой мен ешкі бірге жайылады, сүті де бірдей, тигізетін пайдасы да бірдей, сондықтан төрт түлікте қой мен ешкі бірге аталады.
Жұмбақтар
Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.
(Ті/ие)
Екі айнасы бар, екі найзасы бар.
Төрт жалтырмағы бар, бір шыбыртқысы бар.
(Сиыр)
Қамыс қүлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
(Жылцы)
Қазақ халқы малды жақсы көріп қадірлейтін, өз баласын «боташым», «құлыным», «қозым» деп еркелететіні де содан.
-
Сендердің аналарың өздеріңді қалай еркелетеді?
Төрт түлік малдың адамға пайдасы өте мол. Сүтін ішіп, етін жейміз, жүнінен қажетті заттар тоқылады. Жылқының сүті - қымыз, түйенің сүті - шүбат, сиырдікі, қой мен ешкінікі - с-үт деп аталады.
Сүттен түрлі заттар жасалады. Сүттен жасалған қандай тағамдарды дүкеннен сатып аламыз? (май, ірімшік, айра Осы төрт түлік мал көктемде төлдейді.
Қойдың төлін — қозы,
Сиырдың төлін — бүзау,
Жылңының төлін — қүлын,
Түйенің төлін - бота деп атайды.
Дидактикалық ойын «Үй жануарлары»
Шарты: Балаларға үй жануарлары мен төлдерінің суреттері таратылып беріледі. Олардың қалай дыбыстайтынын, қалай шақыратынын ажырату.
Қой, қозы, ешкі, лақ — мә-мә-мә,
Сиыр, бұзау - мө-мө-мө,
Жылқы, құлын — кісінейді,
Түйе, бота — боздайды (дыбыстарын салу).
«Мал баласын сүйеді» өлеңді оқып, оны сахналау.
Қой сүйеді баласын: «Қоңырым!» — деп,
«Ештеңені білмейтін момыным», - деп.
Сиыр сүйеді баласын: «Торпағым!» — деп,
«Қараңғыға баспаған қорқағым», — деп.
Түйе сүйеді баласын: «Тайлағым!» — деп.
«Жабу жапса, жарасқан жайнағым», — деп.
Ешкі сүйеді баласын: «Лағым!» — деп,
«Тастан-тасқа секірген шүнағым», — деп. ^
Жылқы сүйеді баласын: «Шұбарым!» - деп,
«Жүгіруден тарасын қүмарың» - деп.
Балалар анасы мен баласы болып, жұптасып тұрып айтады. Осы төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ботасы туралы бірге әңгіме тыңдайық. «Бозінген» ертегісі
Баяғы өткен заманда бозінген деген бір жақсы түйе өмір сүріпті. Оның кішкене сүйкімді ақ ботасы болған екен. Бір күні екеуі су іздеп, үлкен өзеннің жағасына келіпті.
Ақ бота ұшқалақ, шолжаң болса керек. Бір кезде байқаусызда аяғы тайып, ағын суға күмп етіп қүлайды да тұншығып, аға бастайды. Сасқанынан бозінген табан астында кімге барып көмек сұрарын білмей дал болып, күңіреніп, боздаң__жөнеледі.
Бозінгеннің боздап жүргенін шомылып жүрген ересек бала- лар естіп, ботаны судан шығарып, анасына табыс етеді. Осыдан, қүрт)
соң түйелер алыстан үркіп, өзеннің жағасына жақындамайтын болыпты.
-
Түйенің ботасы қандай болған екен? -
Бота қай жерге келіпті? -
Бота суға қалай қүлайды? -
Балалар не істеді?