ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Пән: Қазақ тілі

Бөлім: 8. Дені саудың – жаны сау

Күні :

Педагогтің аты-жөні: Сейткалиева М.С

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: «Мен қолымды жуамын»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну;

1.3.3.1* мәтіннің жанрын (санамақ, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі) ажырату; 1.5.1.3* сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақтарын, бұйрық рай, болымды/болымсыз етістікті қолдану.


Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: қолыңды жу тіркесін түсінеді, өзінің қолын жуатынын айта алады. Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, сыныптағы оқушылар тақырып бойынша сұрақ қоя алады.

Кейбір оқушылар: сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

(5 минут)

Оқушыларды «шаттық шеңберіне»тұрғызып, сәлемдеседі. Жоқ оқушыларды түгендейді. Сабаққа дайындығын тексеру.

«Көбелек» ойыны

Оқушылар шеңберге тұрып,айтады

Таңертең көбелек оянды, тартылды, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды, Азғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүліне оралды

Қолпаштау



Слайд

Сабақтың ортасы

(6-32 минут)


1.Тыңда. Қайтала.
Сөздікпен таныстыру:

Жу-вымой

Жуамын-помою

Кір-грязный

Таза-чистый

.

2. 1-тапсырмадағы сюжетті суретке аударады. Сурет бойынша аудиодискіні тыңдатады, жу етістігін түсіндіреді, тамақ ішу сөзін қайталатады. Берілген үлгі бойынша қолыңды жу тіркесін сөйлеу барысында байланыстыра қолдануға үйретеді. Сондай-ақ Ас болсын! Рақмет! үлгілерін де еске түсіріп, сөйлесуде қолдануға жаттықтырады. Оқушылардың арасындағы өзара сыпайылыққа көңіл бөлінеді. Сөздермен жұмыс «Жұптық жарыс» әдісі бойынша бекітіледі.

«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылардың назарын жаңа құрылымға аударады, жеке-жеке, хормен қайталату арқылы жаттықтырады.


3.2-тапсырмада оқушылардың етістікті үш жақта қолдану дағдысына көңіл бөледі. Осы тапсырмада оқушыларды қол жуу етістігін үш жақта айта алуға үйретеді, қайталату арқылы жаттықтырады.

4. 3-тапсырмада тірек сурет бойынша оқушыларды таза, кір сөздерімен таныстырады.Сөздерді жеке-жеке, хормен қайталату жұмыстары «Қызықты суреттер» тәсілі бойынша жүргізіледі.Содан кейін тапсырмада берілген сөйлеу үлгісімен жұмыс жүргізіледі.

4-тапсырмада оқушылардың сұрақты түсіну, сұраққа дұрыс жауап бере алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі. Оқушыларды «Сен қолыңды жуасың ба?» деген сұраққа болымды/болымсыз түрде жауап беру үлгілерімен таныстырады, түсіндіреді. Оқушылардың берілген үлгі бойынша өзара сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.

Тыңдалым,айтылым.
1-тапсырмада суретпен жұмыс істейді. Жу етістігін, содан соң

«Қолыңды жу!» үлгісін түсінеді, тыңдайды, қайталайды.

Сөйлеу барысында бұйрық райда айтылған тіркесті түсінеді, өз бетінше айтуға тырысады.





Тыңдалым,айтылым.

-2-тапсырмада қол жуу етістігін үш жақта айтады, айырмашылығын түсінеді



3-тапсырмада кір, таза сөздерімен танысады.

Тапсырмада берілген сөйлеу үлгісін оқиды, берілген үлгі бойынша сөйлеу барысында таза, кір, жуамын, жумаймын сөздерін айтып жаттығады
4-тапсырмада «Сен қолыңда жуасың ба?» деген сұраққа жауап береді.

Өз жауаптарын төмендегі үлгіде толықтыра алады. Мысалы:

  • Сен қолыңды жуасың ба?

  • Мен қолымды жумаймын.

Менің қолым таза.

5-тапсырмада аудиодискіден тақпақты тыңдайды, қайталайды, жатқа айтуға тырысады.

Тақпақты қимылмен көрсете отырып есте сақтайды.
Қолыңды жу, қолыңды жу.

Қолыңды жу, балақай!

Оң қол, сол қол, Тап-таза, алақай!



«Бас бармақ»


Дескриптор

«Қолыңды жу!» үлгісін түсінеді, тыңдайды, қайталайды.

Сөйлеу барысында бұйрық райда айтылған тіркесті түсінеді, өз бетінше айтуға тырысады
«Бас бармақ»



Слайд

Слайд

Оқулық 130 бет


Слайд

Оқулық

131 бет




Сергіту сәті

Буратино тұрды,

Буратино созылды,

Буратино секірді,

Буратино жүгірді.







5. Жазылым.



Жазу дәптері №2




6.Слайд бойынша

«Сәлем!» деп кімдерге айтуға болады.

Айтылым.

«Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы түн!» сөздердің мағынасын түсіну


Дескриптор: − кез келген амандасу түрлерін қолдана алады


Слайд



Сабақтың соңы

«Дұрыс-бұрыс» ойыны

Слайд




Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі

Қызыл- мүлдем түсінбедім

Сары- жартылай түсіндім

Жасыл-толық түсінікті

Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді