ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пәні: Сауат ашу Сынып: 1
Тақырыбы: Мен не үйрендім? «Саяхат» тақырыбы бойынша
Балалар, біз бүгін еліміздің таулы, сулы, нулы жерлерін аралаймыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Саяхат» Алдымен бейнефильм көріп алайық.
https://www.youtube.com/watch?v=4vaL8iYCkZk
Саяхатқа немен шығады?
Машина- машина - Car (КА)
Поезд - поезд - Train (треин)
Ұшақ - самолет - Plane (плейн)
Cендер қай көлікпен саяхаттағыларың келеді?
Бүгін біз саяхатқа әуе шарымен шығамыз. Саяхатта ҚР ның түрлі алқаптарына шығамыз, берілген түрлі тапсырмаларды орындаймыз.
120-беттегі № 1 суреттерге зер сал. Әңгіме құра.
1-тапсырма.
Саяхатқа шығудағы іс- әрекетті нөмерле. Дәптерге ретімен жаз.
* Киімдерді жинастыру ____
* Саяхаттың бағытын білу ____
* Билет сатып алу ____
* Саяхатқа шығу___
№2. Ұйқасын тап.
Аң мен құсқа қорған
Болған қалың ...
2-тапсырма
Семантикалық карта
сөз | әріп | дыбыс | буын |
Орман | | | |
Дала | | | |
Тау | | | |
Көл | | | |
№3. Көктемгі демалыста сынып оқушылары саяхатқа шығады. Сынып мұғалімі бірнеше саяхат орындарын ұсынып, мағлұмат берді. Сен қандай орынға саяхат жасауды таңдар едің?
https://www.youtube.com/watch?v=6SeSO2d16FI
3-тапсырма
Ақ аюдың шабуылы
Ақ аю тюленьдерді көбіне мұз үстінде жатқан кездерінде аулайды. Жемтігін алыстан көзі шалысымен суға сүңгиді де, мұздың дәл жанына келгенде бір –ақ секіріп, іліп алып кетеді.
Бұл аңның тағы бір қасиеті – екі метрге дейін биік мұздарға оңай секіріп шыға алатындығында. Олар тюленьге көктем айларында көп шабуыл жасайды.Ал жаз айларында балықтан бастап жеміс –жидекке дейін қорек ете береді.
Дұрыс жауапты белгіле.
-
Ақ аюлар тюленьдерді қалай аулайды?
мұз үстінде жатқан кезде
суда жүзіп жүргенде
түнде ұйықтап жатқанда
-
Ақ аюдың қандай ерекше қасиеті бар?
суда жүзгенде
екі метр биік мұздарға секіріп шығады
мұз үстінде серуендеп жүреді
-
Жаз айларында немен қорек етеді?
кәмпитпен және жеміс -жидекпен
балықпен, жеміс -жидекпен
балықпен және балмен
Барлық сөз саны: ______________
Мәтіннің бірінші сөйлеміндегі буын саны: _____________
Минутына оқылған сөз саны: ____________
Кері байланыс
«Ақ аюдың шабуылы» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап жаз. Мәтінді минутқа оқы. Нәтижені маған жіберуді ұмытпа!
Ата – аналар назарына!!!
Ата-аналар тапсырма жауаптарын Күнделік.кз-ке жүктеу арқылы, Whats App желісінен сурет/бейнежазба көмегімен немесе эл.поштаға жібере аласыздар. Нәтиже барынша шынайы болады деген сенімдемін!
turgynbek.aigerim@mail.ru turgynbekaigerim@gmail.com Whats App +77022681656