Файл: Н. Нрмаов атындаы ммины 7 В сынып оушысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Н.Нұрмақов атындағы

ММИ-ның 7 «В» сынып оқушысы

Ағыбай Адиляның

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша портфолио.


Мұхтар Шаханов (2 шілде 1942 жылы туған, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны, драматургі.

«Нарынқұм зауалы» поэмасын жазған.
Шығарма кейіпкерлері:

Махамбет-шыншыл ақын. Өз елі мен халқы үшін қатты уайымдайды.

Әке-шомбал жігіттің әкесі. Баласының істеген қылығы үшін қатты ашуланады.Өз үкімін шығарып ұлын садақпен атып, жазалайды.

Шомбал жігіт-Махамбетті қайдағы бір ішік үшін өлтіреді. Өзі жасаған ісі үшін жазаланды.
Түйін сөз:

«Нарынқұм зауалы» – ақын Мұхтар Шахановтың Махамбет Өтемісұлы туралы жазған жыры. Бұл поэма Махамбеттің күрескерлік айбынын, ұлттық болмысын, ақындық тереңдігін, азаматтық парасатын танытатын ілгері шығарама болып саналады. Поэмада басты кейіпкерді, яғни Махамбетті шомбал жігіт қымбат ішік үшін басын алады. Ал әкесі баласының қылығы үшін, жігіттің жазасын береді.



Темірхан Медетбек (06.03.1945, Амангелді ауылы, Түркістан қаласы, Түркістан облысы) — ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері.

«Тәуелсізбін» өлеңін жазған.
Шығарма кеіпкерлері:

Автор, Темірхан Медетбек- өз өлеңінің авторы.
Түйін сөз:

Төккен қан мен асқақ арманның жемісі.Азаттықтың бейнесі. Автор осы өлең арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін, Қазақстанның тәуелсіз екенін айтқысы келді.



Төлен Әбдіков (1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында туған) — қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері.

«Қонақтар» әңгімесін жазған.
Шығарма кейіпкерлері:

Ерғабыл қарт- мейірімді, арманшыл, төзімді, еңбекқор, баласын жақсы көретін ақсақал.

Кемпір-Ерғабыл шалдың сүйген кемпірі.

Жеңіс- аяқ-қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала.

Тома- омырау жеңдері, ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ-толық ақ сары, ажарлы келіншек.

Сапабек- қуыс кеуде, саяз ойлы, мақтаншақ, парызын түсінбейді, салт-дәстүрді білмейтін Ерғабыл шалдын ұлы.


Ауыл адамдары.
Түйін сөз:

Осы әңгімені оқи отыра біз мынандай ой түйе аламыз: адамгершілік,баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы. Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын,жасанды қарым-қатынасы. Бұл әңгіме арқылы Отан үшін адал патриот болып, өз еліміз бен жерімізді ұмытпау керектігін көреміз. Сапабек сияқты басқа елдерді мақтан тұтып, өз елімізді ұмытпау қажет.


Александр Сергеевич Пушкин (6 маусым 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпан 1837, Санкт-Петербург, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.

«Ескерткіш» өлеңін жазған
Шығарма кейіпкерлері:

Автор, А.С.Пушкин.
Түйін сөз:

Ақынның сөзбен көрсеткен ескерткіштері–оның туындылары. А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде терең ой жатыр. Автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат мүддесін, арманын білдірді.