ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні:

Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер

(Сабақ бала деңгейіне қарай өзгертіліп, түрленіп отырады)

Мақсаты:

  1. Танымдық қабілетін дамыту, жемістерді ажырату, дәм сезу қабілетін дамыту.Олардың пішінін сынын,сипатын,ерекшелігін айтуға, көрсетуге үйрету. Тақырыпқа байланысты сөздік қорларын дамыту.

  2. Ащы, қышқыл, тәттіні бет бұлшықеттерін қатыстырып өз эмоциясын көрсету үйрету. Мимкалық жаттығу жасау дағдыларын қалыптастыру.

  3. Табиғатты аялауға, бау-бақшаны күтіп баптауға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: жеміс-жидектердің, көкөністердің суреті, құрастырмалы суреттер, тақырыпқа байланысты түрлі боямақтар, дидактикалық материалдар.


Оқу іс-кезеңдері


Логопедтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

(Шаттық шеңбері)

Тыныс алу жаттығулары:

Дэльфа тренажеры арқылы тыныс алу жаттығулары.

Артикуляциялық жаттығулар:

Күрек

Жалпақ тілді төменгі ерінге салу. Жоғары ерінді көтеру. Осы қалыпта 10-ға дейін санағанша сақтау. Тілді жоғарғы ерінге тигізбеу.

Құймақ

Ауызды ашу. Жалпақ тілді төменгі ерінге салу. Тілдің екі жағын ерінге тигізу.Сол қалыпты 10-ға дейін санағанша ұстап тұру.

Тіс тазалау:

Ауызды кең ашу . Тілдің ұшы тістің ішкі жағынан солдан оңға, жоғарыдан төмен , төменнен жоғарыға қарай қозғау. Төменгі жақ қозғалмайды. Ерінді сәл ашу, Тістерді көрсету.

Барлық жаттығуды маманмен бірге қайталап жасайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалармен шеңбер құрып, орындалатын іс-әрекет

Қатар-қатар тұрайық,

Паровозды құрайық.

Дөңгелегі тарсылдап,

Баққа қарай барайық,

Гук-пш, гук-пш, гук-пш,

Гук-гук, гук-гук, гук-гук.

Балалар бақшаға да келіп жеттік. Бақшадағы ауа райын бақылап көрейікші.

  • Кішкене жел тұрды.

  • Жел күшейіп, дауыл соқты

  • Міне, нөсер басталды.

  • Күн ашылып, жаңбыр тоқтады


Жемістер бақта яғни ағашта, ал көкөністер бақшада  өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.

Бағбан –  жемістер мен көкөністерді өсіріп,күтіп қарайтын  адам.



Ғажайып сәт:

(сол сәтте бағбан ата кіріп келеді)

Бағбан ата: Сәлеметсіздерме, балалар! Менің бау-бақшамда жемістер мен көкөністер пісті. Оларды жинап үлгірмей жатырмын, сендерді көмекке шақыра келдім. Көмектесесіңдер ме?

Бағбан ата:  Балалар, міне біз бау – бақшаға да келіп қалдық.

(Бағбан ата балаларға тапсырмаларды береді)
1- тапсырма: «Жемістер мен көкөністерді ата»

Алма, банан, өрік, құлпынай, алмұрт, картоп, сәбіз, қырыққабат, асқабақ және т.б.
Сергіту сәті:

Биік-биік ағашта

(Қолдарын жоғары созады),

Алма өсті көп болып.

(Маңдайын алақанымен көлегейлеп,жоғары қарайды).

Шелек, себет алдық та,

(Екі білегіне шелек, себетті ілгендей қимыл жасайды).

Баққа бардық топ болып.

(Бір орнында жүреді).

Алма баққа барамыз,

(Бір орнында жүреді, қолдары белдерінде)

Алма теріп аламыз,

(Қолдарын жоғары созып, алманы  жұлғандай қимыл жасайды).

Ең үлкен алманы

(құлаштарын сермеп, алманың үлкендігін көрсетеді).

Анамызға сыйлаймыз

.(алманы ұсынып жатқан қимылды  жасайды).
2- тапсырма: «Төртіншісі артық» ойыны

Лимон, алма, апельсин, қияр.

банан, картоп, алма, алмұрт.

Сәбіз, қияр, алма, қызанақ.

Картоп, қырыққабат, қызанақ, жүзім.

3-тапсырма:

«Дәмін татып, не екенін тауып көр»

Ойын шарты: Логопед маман жемістерді жуып бөліктерге бөліп, балаларға көздерін жұмуды ұсынып, кезекпен жемістердің бөліктерін ауыздарына салады.

Сенің аузыңдағы не? Алма ма, әлде алмұрт па? Дәмі  қандай? Тауып көр.

4-  тапсырма:  «Жемістер мен көкөністерді жинау»

(балалар жемістерді бір  себетке, көкөністерді  екінші себетке жинайды)

Бағбан ата: балалар маған  көмектескеңдеріңе көп рахмет!

Шығармашылық жұмыс:

Пластилиннен жемістер мен көкөністердерің пішінін жасау.

Үзік сызықтарды қосу арқылы жеміс-жидектерді бейнелеу және бояу.

«Жемістер мен көкөністерді сәйкестендір» ойыны. Қыстырғыштар арқылы суреттерді сәйкесінше орнына қою.

«Суреттерді құрастырайық» ойыны.

Жемістер мен көкністердің сурет қиындылары бар таяқшаларды құрастыру арқылы толық суретті шығару.

 


-сәлеметсізбе?

-иә, көмектесеміз!

(балалар жемістер  мен көкөністерді атап,оның түсін, пайдасын атайды)

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды

«Сиқырлы дорба» ойыны. (дорбаға жемістер мен көкөністер салынады, балалардың көздерін жұмып, дорбадағы жемісті немесе көкөністі ұстап, сипаттап  атау қажет.)

Мақтап-марапаттау.