Файл: 102информатика 1к 3ж Сапашова Дилназ 1 Сж эссе Таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
102-информатика 1к 3ж
Сапашова Дилназ
1 СӨЖ
Эссе
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің жоғары жүйке әрекеті ерекшеліктері
Барлық адамдарда психикалық үдерістер біріне-бірі ұқсас болғанымен, өр адам қоршаған ортаны өзінше қабылдайды. Яғни, адамдар бірінен-бірі кабілеті, қызығушылығы, бейімділігі, көңіл күйі арқылы ерекшеленеді. Адам биологиялық түр ретінде (саналы адам) анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан біріне-бірі өте ұқсас. Мысалы, тік жүруі, қолдың еңбек қүралдарын жасауға, пайдалануга икемділігі, ми қыртысының күрделі дамуы және т. б.
Әрбір адамның өзіне төн мінез-қүлық ерекшеліктері, өмірге бейімділігі, шығармашылык кабілеті бірінен-бірі едәуір айырмашылығы болады. Сондыктан да әрбір жеке адам өзінше дара тұлға.
Бала дүниеге келгенде, оның бойында өзіне тән қабілет ерекшеліктерінің нышаны - бейімі болады. Оны тума талант деп те атайды. Осыған байланысты өр адамның жүйке жүйесінің топтарын ажыратады.