ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф2-ПД-33-22

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»





«ЦЕНТРАЛЬНО-АЗИАТСКИЙ

ИННОВАЦИОННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ»



«Жаратылыстану-ғылыми» факультеті
«Математика, физика және информатика» кафедрасы


«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік жұмыстар

жөніндегі проректор

___________Игнашова Л.В.

«23» желтоқсан 2022ж.

DT 3218- «Дифференциалды теңдеулер» пәні бойынша

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
БББ: 6В01509-«Математика»

Курсы: 3 семестрі: 6

Пәннің циклі:Бейіндеуші пәндер

Компоненті: ЖОО компоненті

Кредит саны:3

Оқыту түрі:күндізгі

Лекция: 15сағат

Практикалық сабақтар: 15сағат

ОББӨЖ: 30сағат

БӨЖ: 30сағат

Межелік бақылау: (7 және 15 апта)

Емтихан: 6

Оқытушы туралы мәліметтер:

Камбарова О.Б. ф.-м.ғ.к., доцент

Кабинет: 315 Мекен-жайы: Байтурсынова, 80

Е-mail: ermanova.dina@mail.ru, ватсап 8-701-098-76-22


Шымкент,2022ж.
Оқу жұмыс бағдарламасы (Syllabus) ОАИУ Оқу-әдістемелік кеңесінде (хаттама №3, «23» желтоқсан 2022 ж.) бекітілген 6В01509-«Математика» БББ үшін «Дифференциалды теңдеулер» пәнінің оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Құрастырушы:________________ ф.-м.ғ.к., доцент Камбарова О.Б


Оқу жұмыс бағдарламасы (Syllabus) «Математика, физика және информатика» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № 5, «23» желтоқсан 2022 ж.

Кафедра меңгерушісі: _________________ Кошкинбаева М.Ж.

Оқу-жұмыс бағдарламасы (Syllabus) Жаратылыстану-ғылыми факультетінің Әдістемелік комиссиясының мәжілісінде қаралып, бекітілген.
Хаттама № 5, «23» желтоқсан 2022 ж.

Комиссия төрайымы: _________________ Абишова Г.Б.

1. Пәннің қысқаша мазмұны: Дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдарын түсіндіреді. Тәуелсіз айнымалыны, ізделінетін функцияны және оның бірінші ретті туындысын байланыстыратын теңдеуді зерттейді. Дифференциалдық теңдеулерді шешудің негізгі әдістерін анықтап, дербес, жалпы шешімдерін табу алгоритмін құрады. Тұрақты коэффициентті сызықтық дифференциалдық теңдеулердің жалпы, дербес шешімдерін кесте арқылы саралайды.


1.1 Пәнді оқытудың мақсаты. дифференциалдық теңдеулер теориясының негізінде білім алушыларда терең білім қалыптастыру. Алған білімдерін жаратылыс танудың əртүрлі салаларында кездесетін дифференциалдық теңдеуердің жəне жүйелердің дербес есептерін шешуге қолдану.

1.2 Пәнді оқытудың міндеттері. Білім алушыларды математикалық мәдениеттілікке үйрету, қолданбалы және практикалық мәселелердің негізін түсінуге үйрету, қарапайым дифференциалдық теңдеуллер көмегімен пәнаралық байланыс орната білуге үйрету.

Білім алушылардың пәнді игеруді бастауы мен тәмамдауы бойынша даярлығына (құзыреттіліктеріне) қойылатын талаптар (пререквизиттер мен постреквизиттер)
1.3 Пререквизиттер: Математикалық талдау 4

1.4 Постреквизиттер: Математикалық есептерді шешу практикум
1.5 Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері: «Дифференциалды теңдеулер» пәні – математика бойынша болашақ маманға бағдарламалауда қолданылатын қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді, математика бойынша теориялық базаны жасауды, практикалық дағдыларды қалыптастыруды мақсат етіп қояды.
1.6 Оқыту нәтижелері:

Білу және түсіну: Қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының есептерінің қойылуын білу және оның қолданысын білу

Білік: Дифференциалдық теңдеулерге қойылатын шектік және бастапқы еептерді шешудің практикалық әдістерін білу, берілегн есептің қорытындысын жаза білу

Дағды: Дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы көзқарасын қалыптастыру, ақпараттарды қабылдау, өңдеу, жинақтау, олармен жұымс жасай білу дағдысын қалыптастыру

2. Cабақтың түрі мен кредиті бойынша оқу жоспарынан көшірме


Семестр

Апта саны

Сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі


Барлығы


Қорытынды бақылау түрі

Лекция


Практикалық /

семинар сабақтар


Зертханалық/ жеке сабақтар

Курстықжұмыс(жоба)

ОББӨЖ

БӨЖ


6

15

15

15

-

-

30

30

90

Емтихан



3. Курстың тақырыптық жоспары

Сабақтың түрі

Тақырыптар

Өткізу түрі

Оқыту нәтижелеріне

қол жеткізу тәсілдері

(бақылау түрі)

Сағат саны

Модуль1. Негізгі ұғымдар және анықтамалар. 1-ретті дифф. теңдеулер.

1-ші апта

Дәріс

1.Тақырып: Қысқаша теориялық мәліметтер. Сызықты дифференциал теңдеулер.

Кіріспе лекция-презентация

Шолу лекция-презентация

1

Практикалық

Теңдеудің жоғарғы реті дифференциал ретті

Есептер шығару

Формуланы пайдаланып есептер шығару

1

ӨББӨЖ

1-ші ретті дифференциалдық теңдеулер. Жалпы шешім. Дербес шешім

Реферат жазу

Тақырып бойынша меңгерген материалды практикада қолдану

2

БӨЖ

Дифференциалдық теңдеулер. Жалпы шешім.

Есептер шығару


Білім алушылардыңорындап, ААЖ platonus-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

2

1-ші апта сағат саны




6

2-ші апта




Дәріс

2.Тақырып:Сызықты дифференциал теңдеулердің жалпы қасиеттері

Айнымалыларды ажырату

Проблемалық дәріс

Шолу лекция-презентация

1

Практикалық

Геометриялық мағынасы. Айнымалыларды ажырату.

Есептер шығару

Геометриялық мағынасы. Айнымалыларды ажырату. және негіздерін ұғыну.

1

ӨББӨЖ

Дербес шешім. Айнымалылары бөлінетін дифференциалдық теңдеулер

Есептер шығару

Тақырып бойынша меңгерген материалды практикада қолдану

2

БӨЖ

Айнымалылары бөлінетін дифференциалдық теңдеулер

Метрикалық және позициялық есептер.


Білім алушылардыңорындап, ААЖ platonus-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

2

2-ші апта сағат саны

6



3-ші апта

Дәріс

3.Тақырып: Біртекті сызықты дифференциал теңдеулер. Характеристикалық теңдеу ұғымы.

Баяндау лекция

Шолу лекция-презентация

1

Практикалық

Біртекті сызықты дифференциал теңдеулерді шешу

Практикалық жұмыс

Үлгермеуші және сабақты жіберген студенттер үшін жеке кеңес

1

ӨББӨЖ

Дифференциалдық теңдеудің интегралын табу. Дифференциал қасиеттері

Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау

2

БӨЖ

Біртекті сызықты дифференциал теңдеулер

реферат

Білім алушылардыңорындап, ААЖ platonus-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

2

3-ші апта сағат саны




6

4-ші апта

Дәріс

4.Тақырып:Сызықты дифференциал теңдеулер. Біртектіге келтіру әдісі.

Баяндау лекция

Шолу лекция-презентация

1


Практикалық

Біртектіге келтіру әдісі.Анықталмаған коэффициеттер әдісі..

Практикалық жұмыс

Баға қою және студенттерге хабарлау

1

ӨББӨЖ

Біртекті сызықтық дифференциал теңдеулер.

Біртекті дифференциал теңдеуге келтіретін теңдеулер.

Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау


2

БӨЖ

Біртекті дифференциал теңдеуге келтіретін теңдеулер

Реферат

Білім алушылардыңорындап, ААЖ platonus-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

2

4-ші апта сағат саны

12

5-ші апта

Дәріс

5.Тақырып:Сызықты біртексіз дифференциал теңдеулер шешімі. Анықталмаған коэффициеттер әдісі

Баяндау лекция

Шолу лекция-презентация

2

Практикалық

Сызықты біртексіз дифференциал теңдеулер шешімі. Тұрақтыны вариациялау әдісі. Дербес шешімі.

Практикалық жұмыс

Үлгермеуші және сабақты жіберген студенттер үшін жеке кеңес

2

ӨББӨЖ

Біртексіз сызықты дифференциал теңдеулер және оның жалпы шешімі.

1-ші ретті сызықты дифференциалдық теңдеулер.

Есептер шығару

Баға қою және студенттерг Үлгермеуші және сабақты жіберген студенттер үшін жеке кеңес е хабарлау

4

БӨЖ

Біртексіз сызықты дифференциал теңдеулер және оның жалпы шешімі

реферат

Студенттердің орындап, ААЖ ИСУДО-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

4

5-ші апта сағат саны

12

6-ші апта

Дәріс

6.Тақырып:Сызықты біртексіз дифференциал теңдеулер шешімі. Тұрақтыны вариациялау әдісі. Дербес шешімі

Баяндау лекция

Баға қою және студенттерге хабарлау


2

Практикалық

n-ші ретті тұрақты коэффициентті дифференциал теңдеулердің шешімдері.

Практикалық жұмыс

Баға қою және студенттерге хабарлау


2

ӨББӨЖ

Біртексіз сызықты дифференциал теңдеулер және оның жалпы шешімі.

1-ші ретті сызықты дифференциалдық теңдеулер

Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау

4

БӨЖ

Біртексіз сызықты дифференциал теңдеулер және оның жалпы шешімі

Реферат




4

6-ші апта сағат саны

12

7-ші апта

Дәріс

7.Тақырып: n-ші ретті тұрақты коэффициентті дифференциал теңдеулердің шешімдері. Бірінші реттік п дәрежелі дифференциал теңдеудің жалпы түрі.

Баяндау лекция

Баға қою және студенттерге хабарлау

2

Практикалық

Айнымалылары бөлектенетін теңдеулер.


Практикалық жұмыс

Баға қою және студенттерге хабарлау

2

ӨББӨЖ

Тұрақты коэффициентті сызықты біртексіз дифференциалдық теңдеулер


Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау

4

БӨЖ

Бірінші реттік п дәрежелі дифференциал теңдеудің жалпы түрі

Реферат

Студенттердің орындап, ААЖ ИСУДО-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

4

7-ші апта сағат саны

12

Модуль 2. Тұрақты коэффициентті n–ретті сызықты дифференциал теңдеулер.




8-ші апта

Дәріс

8.Тақырып:Дифференциал теңдеулер жүйесі жайында негізгі түсініктер. Бірінші ретті дифференциалды теңдеулер жүйесі. Негізгі ұғымдар.

Баяндау лекция

Шолу лекция-презентация

2

Практикалық

Бірінші ретті дифференциалды теңдеулер жүйесін шешу әдістері

Практикалық жұмыс




2

ӨББӨЖ

Тұрақтыларды вариациялау әдісі. Теңдеулердің дәрежесін төмендету амалдары

Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау Үлгермеуші және сабақты жіберген студенттер үшін жеке кеңес

4

БӨЖ

Бірінші ретті дифференциалды теңдеулер жүйесін шешу әдістері

Реферат

Студенттердің орындап, ААЖ ИСУДО-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

4

8-ші апта сағат саны

12

9-ші апта

Дәріс

9.Тақырып:Тәуелсіз айнымалы х-ті ізделінді функция, у=у(x) пен оның туындысын байланыстыратын теңдеу.





Баяндау лекция

Шолу лекция-презентация

2

Практикалық

Біртекті теңдеулер.

Практикалық жұмыс




2

ӨББӨЖ

Біртекті теңдеулерді айнымалымен алмастыру әдісі

Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау

4

БӨЖ

Біртекті теңдеулерді айнымалымен алмастыру әдісі

Реферат

Студенттердің орындап, ААЖ ИСУДО-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

4

9-ші апта сағат саны

12

10-ші апта

Дәріс

10.Тақырып:Дифференциалды теңдеуге енетін туындының ең жоғарғы реті. Бірінші ретті дифференциалды теңдеуге келтіру





Баяндау лекция

Шолу лекция-презентация

2

Практикалық

Толық дифференциалға келтіру арқылы шешу


Практикалық жұмыс

Үлгермеуші және сабақты жіберген студенттер үшін жеке кеңес


2

ӨББӨЖ

Жай дифференциалдық теңдеулер системасының шешімін табу

Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау


4

БӨЖ

дифференциалдық теңдеулер системасының шешімін табу.

Реферат

Студенттердің орындап, ААЖ ИСУДО-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

4

10-ші апта сағат саны

12

11-ші апта

Дәріс

11.Тақырып:Айнымалылары бөлектенетін теңдеулер. Бернулли теңдеуі. Біртекті теңдеулер.

Баяндау лекция




2

Практикалық

Бернулли теңдеуі

Практикалық жұмыс

Үлгермеуші және сабақты жіберген студенттер үшін жеке кеңес

2

ӨББӨЖ

Коэффициенттері тұрақты біртекті сызықты теңдеулер системасы есептеу.

Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау

4

БӨЖ

Коэффициенттері тұрақты біртекті сызықты теңдеулер системасы

Реферат




4

11-ші апта сағат саны

12

12-ші апта

Дәріс

12.Тақырып:Екінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Коши есебі. Бірінші ретті сызықты дифференциал теңдеу.Толық дифференциалға келтіру арқылы шешу 3. Онтогенездің біртұтастығы

Баяндау лекция

Шолу лекция-презентация

2

Практикалық

Екінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Коши есебі

Практикалық жұмыс




2

ӨББӨЖ

Матрицалық формасын білу.

Характеристикалық теңдеудің түбірлерінің түрін анықтау

Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау

Үлгермеуші және сабақты жіберген студенттер үшін жеке кеңес

4

БӨЖ

Характеристикалық теңдеудің түбірлерінің түрін анықтау

Реферат

Студенттердің орындап, ААЖ ИСУДО-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

4

12-ші апта сағат саны

12

13-ші апта

Дәріс

13.Тақырып:Дифференциал теңдеулер жүйесін 2-ші ретті дифференциал теңдеулерге келтіру. Екінші ретті дифференциалдық теңдеулер.

Баяндау лекция

Шолу лекция-презентация

2

Практикалық

Дифференциал теңдеулер жүйесін 2-ші ретті дифференциал теңдеулерге келтіру

Практикалық жұмыс




2

ӨББӨЖ

Коши есебінің шешімін шешу.

Біртекті сызықтық дифференциал

Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау


4

БӨЖ

Біртекті сызықтық дифференциал

Реферат

Студенттердің орындап, ААЖ ИСУДО-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

4

13-ші апта сағат саны

12

14-ші апта

Дәріс

14.Тақырып:Тұрақты коэффициентті сызықты біртекті теңдеулер жүйесі. Дербес шешімі. Тұрақты коэффициентті екінші ретті сызықтық дифференциалдық теңдеулер .

Баяндау лекция

Шолу лекция-презентация

2

Практикалық

Екінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Тұрақты коэффициентті сызықты біртекті теңдеулер жүйесі.Дербес шешімі

Практикалық жұмыс

Үлгермеуші және сабақты жіберген студенттер үшін жеке кеңес

2

ӨББӨЖ

Жоғарғы реттi сызықты теңдеулердің дәрежесін төмендету

Дәрежесі төмендетiлген теңдеулер үшiн Коши есебi

Есептер шығару

Баға қою және студенттерге хабарлау

4

БӨЖ

Жоғарғы реттi сызықты теңдеулердің дәрежесін төмендету

Реферат

Студенттердің орындап, ААЖ ИСУДО-ға жүктеген файлдарын тексеру, бағалау

4

14-ші апта сағат саны

12

15-ші апта

Дәріс

15.Тақырып:Тұрақты коэффициентті сызықты біртекті теңдеулер жүйесін тұрақтыны вариациялау әдісімен шешу.

Коши есебі. Негізгі ұғымдар.Айнымалылары бөлектенетін теңдеулер. Екінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Бірінші реттік п дәрежелі дифференциал теңдедің жалпы түрі.

Баяндау лекция




2

Практикалық

Тұрақты коэффициентті екінші ретті сызықтық дифференциалдық теңдеулер .

Есептер шығару




2

ӨББӨЖ

Тұрақты коэффициентті сызықты біртекті теңдеулер жүйесін тұрақтыны вариациялау әдісімен шешу. Коши есебі.

талдау




4

БӨЖ

Айнымалылары бөлектенетін теңдеулер. Екінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Бірінші реттік п дәрежелі дифференциал теңдедің жалпы түрі.

реферат




4

15-ші апта сағат саны




12




















Барлығы:

Дәріс




30

Практикалық




30

ӨБСӨЖ




60

БӨЖ




60







180



4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

4.1 Негізгі әдебиеттер:

1.Тілеубердиев Б., Дифференциалдық теңдеулер 1 бөлім. Оқу құралы. - Шымкент,2011

2. Жүсіп Сүлеймен Дифференциалдық теңдеулер курсы. –Алматы,2020.

3.Юнусов А.А.,Қарабаев А. Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің теориясы бойынша дәрістер. / Оқу құралы. М.: Инфра , 2020. -.86б

4.Аширбаев Н.К.,Қаратаев Ж. Жай дифференциалдық теңдеулер./ Оқу құралы. М.: Алмата – 2014.

4.2 Қосымша әдебиеттер:

1.Агафонов, С., А. Обыкновенные дифференциальные уравнения / С. А. Агафонов, Т.В. Муратова. - М.: Academia, 2018. - 352 c.

2.Алексеев, Д.В. Обыкновенные дифференциальные уравнения: Вводный курс с иллюстрациями в Microsoft Excel / Д.В. Алексеев, Г.А. Казунина. - М.: Ленанд, 2019. - 160 c.

3. Амелькин, В.В. Дифференциальные уравнения в приложениях / В.В. Амелькин. - М.: Едиториал УРСС, 2003. - 208 c.

4.Юнусов А.А.,Юнусова А.А.,Аширбаев Н.К. Уравнения математической физики и элементы интегрального уравнения-Шымкент-2015

5. Аносов, Д.В. Дифференциальные уравнения то решаем, то рисуем / Д.В. Аносов. - М.: МЦНМО, 2010. - 200 c.

4.3 Мультимедиялық қамтамасыз ету (электрондық кітапхана және электрондық ресурстар, электрондық базалар, электрондық мұрағат, Эпиграфтардың электрондық базасына, РМЭБ, Springer link, Science direct, Thomson Reuters; электрондық кітаптар, бейнедәрістер, виртуалды зертханалық жұмыстар, ЖАОК, презентациялар, ОӘО CD-дискілерінде ПОҚ әзірлеген УМЛ және т. б. сілтемелерді көрсету), білім беру порталында ЭУМКД

5 Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама
5.1 Оқыту әдістері
1. Оқытушы мен білім алушылар тарапынан оқытуға рефлексивті тәсілге негізделген студентке орталықтанған оқыту;

2. Интерактивті дәріс (проблемалық дәріс, дискуссиялық дәріс, дәріс-конференция, дәріс-кеңес, «баспасөз-конференция» дәрісі, «сұрақ-жауап-талқылау» дәрісі);

2. Иллюстрация әдісі

3. Бақылау әдісі

4. Кейс-стади(нақты жағдайларды талдау);

5. Викторина: https://quizizz.com/
5.2 Оқу нәтижелерін бақылау

Оқу нәтижелерін бақылаудың түрлері: үлгерімді ағымдық бақылау (оның ішінде межелік бақылау) мен аралық аттестаттау (емтихан сессиясы). Бағалау академиялық адалдық қағидаларына негізделеді.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау әрбір оқу пәні бойынша жүргізіледі және аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтарда білімді бақылауды қамтиды: дәрістердегі ауызша немесе жазбаша сұрау, практикалық/семинар сабақтардағы сұрақтарға жауаптар, үй тапсырмаларын орындау, есептеу-графикалық, практикалық немесе зертханалық жұмыстарды бағалау, өз бетінше орындалатын тапсырмаларды бағалау және т. б. Үлгерімді ағымдағы бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100 балдық (%) шкала бойынша бағаланады, кейіннен «Платонус» ААЖ-ға баға қойылады.


Білім алушылардың үлгерімін межелік бақылау 7-ші және 15-ші апталарда тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, жеке немесе топтық жобаларды қорғау және т. б. түрінде жүргізіледі.

Әрбір оқыту пәні бойынша емтиханды өткізу түрі мен тәртібі академиялық кезеңнің басында бір ай ішінде университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітіледі.
5.3 Оқытушы талаптары
5.3.1 Білім алушы семестр бойы оқытушы ұсынатын тапсырмаларды орындауы керек, оның тізімін оқытушы белгілейді, ал тапсырмалар саны пән бойынша кредит көлемімен анықталады.

      1. Тапсырмаларды тапсыру мерзімдері төмендегі «Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі» бөлімінде көрсетілген.

      2. Ағымдағы аптада тапсырмалар уақтылы орындалмаған жағдайда бағалау 20% - ға төмендетілуі мүмкін.

      3. Білім алушы академиялық адалдық ережелерін, университеттің ішкі тәртіп ережелерін, студенттің ар-намыс кодексін сақтауы тиіс (сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде сөйлеспеу, ұялы телефонды сөндіру, университетке іскерлік киім үлгісімен келу, курстастары және оқытушымен қарым-қатынаста ашық, сабырлы, мейірімді болу, университет ішінде әдеп сақтау, университет ғимараттарында тазалықты сақтау).

      4. Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау.

      5. Білім алушы сабақтан себепсіз қалмауы керек, науқастанған жағдайда анықтама ұсынуы керек.

      6. Қатыспаған сабақтар бойынша қарызды өтеу профессор-оқытушы құрамның кафедрада болу кестесіне сәйкес немесе ОББӨЖ кестесі бойынша тапсырылады.




    1. Курс саясаты мен үдерістері


5.4.1 БӨЖ тапсырмалары семестрдің бірінші аптасында беріледі.

5.4.2 ОББӨЖ барысында оқу пәнінің ең күрделі мәселелері, үй тапсырмалары, есептер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмаларды орындау, қорғау және т. б. бойынша кеңес беріледі.

5.4.3 Пән бойынша оқыту нәтижелерін бағалау объективтілік, ашықтық, икемділік принциптеріне негізделеді.

5.4.4 Пән бойынша қорытынды баға білімді ағымдағы бақылау (60 %) және қорытынды бақылау – емтихан (40%) бағаларынан құралады.

5.4.5 Емтихан тапсыруға ағымдағы бақылаудың ең жоғары ықтимал бағасынан кемінде 50%-дық (кемінде 30 балл) рұқсат рейтингісі бар білім алушы жіберіледі.
5.5 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету