Файл: Бекітемін Оу ісіні мегерушісі 24 саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін: _____________ Оқу ісінің меңгерушісі:______________ 24 сабақ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Глобус және карта.

(Сабақтың тақырыбы)

Бөлім

Қоршаған ортаны қорғау

Педагогтың тегі,аты, әкесінің аты




Күні

22.02.23ж

Сыныбы: 4 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Глобус және карта.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

4.2.1.2 глобус пен карталардың қолдану аясын түсіндіру, олардан негізгі нысандарды көрсете білу.

Сабақтың мақсаты

глобус пен карталардың қолдану аясын, олардан негізгі нысандарды көрсете білу

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі уақыты

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

Ұйымдастыру

___ мин


Сабақ алдындағы жақсы көңіл күй.

-Сәлем достым! (амандасады)

-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

-Сен келдің! (қолдарын жаяды)

-Жақсы болды!(құшақтайды)

Білім алушы-ларға жағымды көңіл күй қалыптастыру.


МҚ:

«жарайсыңдар» «сендер ақыл-ды, білімді балаларсыңдар»



Таныстырылым

слайд-1


___ мин


Ой қозғау. (Ұ) Жұмбақты шеш.

Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту

Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр.

Өзіне назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
глобус
Жер көрдім қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін.

Көп көрдім, өзен көрдім,

Сулары жоқ тереңдейтін.

Карта

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Бағалау критерийлерін шығару.

Жұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа болжау жасайды..

МҚ:

«жарайсыңдар» «сендер ақыл-ды, білімді балаларсыңдар»

Таныстырылым

слайд-2


Жаңа білім

Оқулықпен жұмыс

___ мин



(Т) «Топтастыру» стратегиясы

«Жер» сөзіне топтастыру жасайды. Жер, Жасыл, Дөңгелек, Мекен, Тіршілік көзі т.б.

- Жердің пішіні қандай?

- Жердің шар тәріздес екенін қайдан білген?

- Жердің шар тәріздес екенін кім анықтады?, т.б.

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, ақпаратты толықтыру үшін бейнефильм көрсетіледі/.

(Ұ) (К) Ф.Магеланның Жер айналу саяхатының бейнефильмі көрсетіледі.

 Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.

1519 — 1521 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрылықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрылық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспед. мүшелері “Виктория” кемесімен Үнді мұхиты арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.

(Ж) «Сен маған-мен саған» әдісі.

Оқушылар бейнефильмді тамашалап болған соң, өзара сұрақ-жауап алмасады, кері байланыс жасалады.

Мысалы:

- Алғаш рет кім дүниежүзін айналып шықты?

-Ф. Магеллан нені дәлелдеді?
Карталар Жер туралы ғылыммен, яғни географиямен тығыз байланысты. География Жердің табиғатын, ондағы халықтар мен шаруашылықтарды зерттейді. Географтармен бірге біздің ғаламшарымызға саяхатқа шығайық. Негізгі географиялық нысандар – құрлықтар және мұхиттармен танысамыз. Біздің саяхатымызға глобус пен карта көмектеседі. Глобус – Жер шарының кішірейтілген моделі. Глобус – біздің ғаламшарымыз дың дәлме-дәл үлгісі. Онда географиялық нысандардың барлығы бейнеленген.

Географиялық карта – бұл Жер бетінің кішірейтіліп,шартты белгі лермен жазықтыққа түсірілген бейнесі

Осы заманғы географиялық карталардың түрлері өте көп. Физикалық және саяси карталар бар. Кейбір карталарда бүкіл Жер шары бейнеленсе, келесі біреулерінде оның бір бөлігі ғана бейнеленеді. Ғалымдар глобусты шартты түрде ортасынан бөліп, картаға түсірген. Соның нәтижесінде Жер шарының батыс және шығыс жартышарлары бар карта жасалды. Одан Жер шары-

ның бүкіл келбетін көруге болады.

Глобус-Мұхит – бұл Жер бетіндегі ойпаттарға жиналған табиғи суайдыны. Құрлық – бұл жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан орасан зор ауқымды жер бөлігі.

Жер бетінде төрт мұхит бар.

Үнді мұхиты – мұхиттардың ішіндегі ең тұздысы.

Атлант мұхиты – шабақ балықтарымен әйгілі.

Солтүстік Мұзды мұхит – үнемі мұз астында жатады.

Тынық мұхиты – терең әрі ең үлкен суайдыны.

6 материк бар. Глобуста сулар көгiлдiр түспен, таулар қоңыр түспен, жазықтар жасыл түспен ,үстірт сары түспен бейнеленген. Ал алты материк глобуста сарғыш түспен белгiленген.


Нұсқаулықпен мұқият таныса-ды.

Жақсы нәтиже-ге қол жеткізу-ге тырысады.

Білім алушыларды ауызша мадақтау



https://www.youtube.com/watch?v=ahiMQLnaMz8


Таныстырылым

слайд-

___ мин

Оқулықпен жұмыс

1.Мәтінді оқу.

2.Жұппен сұрақтарға жауап беру.

(Т) Глобус және карта. Постер құрастыру.

Мақсаты: карта мен глобустың ерекшелігін, нысандарын анықтау.

1-2 топ: Карта – жер бетiнiң шартты белгiлер арқылы жасалған кiшiрейтiлген бейнесi. Картадан құрлықтар мен мұхиттардың, елді мекендердің географияляқ жағдайы, табиғат байлықтары, шаруашылықтары, халқының даму тарихы туралы мәліметтер алуға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысы анықталады. Картаны пайдалы қазбаларды iздестiру жұмыстарында, ауылшаруашылығына қолайлы жердi анықтауда, әр түрлi құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңiнен қолданылады. Жердiң пiшiнiн оның кiшiрейтiлген үлгiсiнен — шардан көруге болады. Орта ғасырларда теңiзшiлер Еуропадан шығыстан батысқа қарай саяхаттап шыққанда, үнемi өзiнiң шыққан жерiне қайта оралған. Олар солай Жердiң шар тәрiздi екенiн дәлелдеген.

3-4 топ: Глобус – жердің дәл үлгісі. Глобуста Жер шары ондаған миллион есе кiшiрейтiлiп алынады. Немiстің географ - ғалымы Мартин Бехаймның 1492 жылы ойлап тапқан глобусы алғашқы глобус болып саналады. Ол оны «жер алмасы» деп атаған. Алғашқы глобуста Солтүстiк пен Оңтүстiк Америка болмаған, себебi, ол кезде бұл материктер әлi ашылмаған едi. Глобуста сулар көгiлдiр түспен, таулар қоңыр түспен, жазықтар жасыл түспен ,үстірт сары түспен бейнеленген. Ал алты материк глобуста сарғыш түспен белгiленген.


Жаңа тақырып бойынша мәтін мен таны сып,талдайды.


Сабақ бары-сында алған білімін қолда-нады. Жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады.

Білім алушыларды ауызша мадақтау
МҚ:

«жарайсыңдар» «сендер ақыл-ды, білімді балаларсыңдар»

Таныстырылым

слайд-

___ мин

(Ж) Венн диаграмасы

Оқушылар карта мен глобустың ұқсастығы мен айырмашылығын жазады, қолдану аясын атап айтады.

/Оқушылар диаграммаларын жұппен ауыстырады, өзара тексереді, «+/-» арқылы бағаланып, қажеттілігіне қарай толықтырулар мен түзетулер енгізіледі/.

Сабақ барысын да алған білі мін қолданады. Жақсы нәтиже ге қол жеткізу ге тырысады.

Дескриптор:

-Картаның ерек шелігін анықтай ды-1балл

-глобустың ерек шелігін анықтай ды-1балл

Таныстырылым

слайд-


___ мин

(Ө) «Географиялық диктант»

Жер шарының дәл үлгісі- ________. Географиялық карта Жер бетінің кішірейтіліп, шартты белгілермен ______ бейнесі .

Физикалық картада көк түспен ________ , қоңыр түспен ______ , сары, жасыл түспен ________, ақ түспен _________бейнеленген.

Жердің шар тәрізді екендігін ..........................дәлелдеген

Өз бетімен жұмыс жасайды.

Дескриптор:

-диктантты нақты жауабын тауып толықтырып жазады-

6 балл

Таныстырылым

слайд-

___ мин

Ұжымдық жұмыс(тақтадан берілген тапсырмаларды орындау)

Сызбаны толықтыр:

Мұхиттар Құрлықтар

Сабақ бары-сында алған білімін қолда-нады. Жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады

Дескриптор:

-мұхиттарды анықтайды-1 балл

-құрлықтарды жазады -1 балл


Таныстырылым

слайд-


___ мин

(Ж) 2 -тапсырма «Ассоцияциялық карта » әдісі

Әр жұп карта мен глобус сөздеріне карта жасайды.

Саралау : Тапсырма арқылы саралау

· Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға Әр картаның ерекшелігі туралы ізденеді

· Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға Глобуспен картадғы нысандарды жазады

· Қолдауды көп қажет ететіндер: Глобустағы түстерді ң нені білдіретінін жазады

Жұпта карта мен глобус туралы тұжырымдарынан ассоцияция құрастырады.

Дескриптор

-Карта мен глобус туралы тұжырымдайды


Таныстырылым

слайд-

___ мин

Кері байланыс: «Кресттер мен нолдер»

1. Глобус жердің жасанды моделі ме? О

2. Картаның глобустан айырмашылығы бар ма? Х

3. Карта мен глобустың ұқсастығын жердің жасанды нұсқасы о

4. Көк түс глобуста суды білдіркді х

5. Материктер саны алтау ма? Х

6. Мұхиттар саны төртеу х

7. Құрлықты қоңырмен көрсетеді х

8. Ақ түс картада тауды білдіреді о

9. Картаның географиялық, физикалық саяси деген түрлері бар о



-Бақылау нәтижесі бойынша топта ой бөліседі Саралау: Диалог арқылы

-Глобус пен карта не үшін қажет?

-Қандай мамандық иелеріне карта қажет ?

-Адамдарға күнделікті өмірде карта қажет пе?

Үй тапсырма-сына бағыт-бағдар беру

Білім алушылардың кері байланысы

Таныстырылым

слайд-

Үй тапсыр-масы:

Үйге тапсырма : Глобус туралы шағын әңгіме жаз







Таныстырылым

слайд-

Сабақтың соңы

___ мин




Сабақта қарастырылған іс-әрекеттерге шолу жасайды

Тиімді кері байланыс жасау

Таныстырылым

слайд-