Файл: Таылым мектеп театры Жсіпбек Аймауытов айтандай театр деген нрсе ермек емес, кіл ктеру де емес, ол лгі, ол трбие, нер орны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.10.2024

Просмотров: 2

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Тағылым» мектеп театры

Жүсіпбек Аймауытов  айтқандай «... театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Иə, рас, себебі, онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің арақашықтығын, олардың айырмасын көрсетеді. Зұлымдықтарды сынай отырып, адамдарға ізгілік жолын, имандылық жолды көрсетеді. Осы орайда мектебімізде бағыт алған жұмыстардың бірі «Тағылым» мектеп театры. Мақсаты: Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, Қазақ халқының өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,  мәдениетімізді құрметтеуге үйрету, Әртістік шеберліктерін дамыту. Жұмыс барысында алдымен мектеп оқушылары арасында кастинг өткізілді. Іріктеу нәтижесінде оза шыққан балалар театр мүшелері болып қабылданды. Болашақ сахна тарландарының қатысуымен бірнеше сахналық қойылымдар өткізілді. Атап айтар болсақ М. Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай кең көлемде ақынның «Қош махаббат» драмалық-прозасы сахналанды. Оқушыларымыз кәсіби актерлердей әрқайсысы өз образдарын жақсы сомдап, студенттік өмір, жастық шақ, зұлымдық пен аңғалдық, арсыздық пен адалдық сезімдерін беріле ойнап, көрерменді сүйсіндірді. Мерекелік іс-шаралар сайын әртүрлі шағын қойылымдар қойылып отырды. Оқушылар әрбір қойылымнан өзіне рухани тағылым алып отырады.

Жалпы театр өнері тек көрерменді ғана емес, сол өнер адамының өзін, тіпті əлемді өзгертеді. Бүгінгі тамашалайтын сахналық қойылымымыздан Сіздердің де бір ойды түйіп, бір ойларыңызды өзгертетіндеріңізге сеніміміз мол.