Файл: Петров Григорий А лала глдер лкесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 42

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Келесі үйшікте бұдан да өткен сорақы көрініске тап боласыз:

Аналарының ауруы әбден асқынып кеткен. Туберкулезден қан құсып, өлім аузында жатыр. Басын жастықтан көтеруге шамасы жоқ. Әкелері іш сүзегіне шалдыққан. Ыстығы көтерілгендігі соншалық, сандырақтап жатыр. Үйдің іші сұп-суық. Жылытқыш деген атымен жоқ. Әкесі мен шешелерінің ортасында біреуі бір жаста, екіншісі екі жасар бала жатыр. Екеуі де тамақтанбағандықтан, сүйектері ғана қалған, анда-санда әлсіз ғана қимылдайды, құдды тірі өлік дерсің...

Көршілердің ешқайсысының бұлармен ісі жоқ, көмек қолын созуға ниеттері де жоқ. Әркім өз үйінде өз дертімен әуре.

Мемлекет іш сүзегі, қызылша сияқты жұқпалы дерттер күрт көбейген кезде ғана ауыл адамдарына екпе егу үшін бір-екі дәріген жібереді.

Халық оларға:

«Бұл екпелерді балаларға неге салып жатырсыңдар? Балаларды емдегенше, үлкендерді емдеңіздер» - дейді. Себебі, отбасының күнелтуі үшін үлкендердің аман қалғаны дұрыс деп ойлайды.

Ауыл адамдарының барлығы түрлі ауруларға шалдыққан. Бірінің көздері іріңдеп кеткен, енді бірі қатерлі ісікпен ауырады.

Осы көріністерді көріп тұрып, өмірден түңіліп кете жаздайсың. Ақыр соңында әбден сілелеп шаршаған кезде, әлгі маскүнем еркектің айтқанындай: «мынаның бәрін көрмес үшін иә араққа сылқия тойып мас болғың келеді немесе тұншығып өлгің келеді».

Осы естеліктерді жазған дәрігер қалада тұратын адамдарға, саясаткерлерге, білім мен өнер адамдарына, баспасөз қызметкерлеріне үндеу жолдайды:

«Мырзалар! Қашанға дейін халықпен тығылмақ ойнайсыздар? Әрдайым отансүйгіштік, ұлтқа қызмет ету, ұлт махаббаты, мәдениетке қызмет ету турасында сөз қозғайсыздар. Бірақ, ұлт үшін, Отан үшін, мәдениеттің өркендеуі үшін не істеп жатырсыздар? Кейбірі миллиондарын жымқырып, Отанымыздың қазынасына қол салып жатыр. Енді бірі баспасөздерде, мектептерде, университеттерде қызмет жасап жүр. Ал, еліміздің шалғай жерлерінде болса, миллиондаған адам іріп-шіріп, маскүнемге айналып жатыр. Солармен бірге ұлтымыздың іргетасы да шіріп жатыр.

Әлі де уақыт барда туған өлкеміз бен туған халқымызды құтқарайық! Халықпен етене байланысқа шығып, олардың арасына кіріп, сырқаттарынан сауықтырайық! Балалардың сауатын ашып, дұрыс тәрбие берейік!

Оларға үйді қалай салу керектігін және оны қалай таза ұстау керектігін үйретейік! Халықтың денсаулығын қадағалап, оларды құрғақ және жылы баспанамен қамтамассыз етейік! Оларға адам сияқты өмір сүруді үйретіп, көмек қолын созайық!».


Дәрігер күнделігінің соңында:

«Мемлекет – үлкен бір отбасы. Оның әрбір мүшесі біздің бауырларымыз. Төменгі топ өкілдерінің үлкен қателері бір кездері жіберген жоғарғы топ өкілдерінің болмашы қателерінің нәтижесі» - деп, өз ойын қорытындылаған.

Дәрігердің күнделік стилінде жазылған, шынайы өмірді бейнелеген бұл кітабы әдеби орталарда түрлі пікірлер туғызғанымен, кітап көпшіліктің ықыласына бөленіп, мақсатына жетті. Финляндияның медицина саласының барлық ұжымдарында бұл кітап ерекше талқыланатын болды.

Әкімшілік қызметкерлері болса, кітаптағы айтылған мәселелерді зерттеп, бір кездері жіберген қателіктерін жөндеу үшін, түрлі шараларды қолға ала бастады. Бұрындары бейхабар болған қарапайым халықтың мүшкіл халімен етене танысып, оларға түсіністік пен қолдау көрсетті. Олар партия жиналыстары мен жеке бастың дау-дамайларын бір шетке ысырып қойып, ұлттың денсаулығын шаңдаудың жолын іздестіре бастады.

Мемлекет бойынша туберкулезге шалдыққандардың және аурудың осы түрінен көз жұмған адамдардың саны анықталды. Бір жылдың ішінде іш сүзегін жұқтырғандар, ауыр тұрмыстың салдарынан аштықтан өлген балалардың саны, тіс ауруынан зардап шеккендер мен мүгедектердің нақты саны анықталды.

Бұдан басқа да алкогольдік ішімдік алуға кеткен ақшаның көлемі есептелді. Маскүнемдіктің кесірінен болған ұрыс-керіс, төбелес, адам өлтіру, өрт, ұрлық жасау фактілері де анықталды.

Зерттеу нәтижесінде жинақталған көрсеткіштер адамдардың төбе шашын тік тұрғызды. Себебі, бұл көрсеткіштер ащы да болса, шындықтың бетін ашып, әр адамның бойында бұл жағдайға қарсы күресу қажеттілігін ояндырды.

Мемлекет аудан және облыс орталықтарынан дәрігерлерден арнайы топ құрды. Тіс дәрігері, педиатрлар мен гинекологтар бірігіп, барлық шалғай аудандарды аралады. Олар барған жерлерінде науқастарды емдеп, жазып, халыққа жеке бас гигенасы мен ана мен бала денсаулығын күтудің жолдарын үйретті.

Арада бірнеше жыл өткен соң, ауыл тұрғындарының тұрмыстары жақсарып, бұрынғы әдеттерінен айығып, шын мәнінде адами өмір сүрудің салтын меңгерді. Ертедегі мал қораға ұқсайтын үйшіктердің орнына жылы да жайлы баспаналар салынды.

Олар таза, жылы киім кие бастады. Мемлекеттің қолдауымен, адамдарды сапалы киіммен қамтамасыз ету үшін жер-жерде киім-кешек, қыстық пальто, ішкиімдер шығаратын фабрикалар іске қосылды. Бұл киімдердің барлығы тек сапалы өнімнен тігіліп, халықтың мүмкіндігіне қарай арзан әрі қолжетімді бағада сатыла бастады.



Ауылдарда бұл киімді кигендер бір мерекеге келгендей көпшіліктің назарын өзіне аударатын. Осылай бірте-бірте жазда киімсіз, жалаңаш жүрген адам көрінбейтін болды. Жөтел, бронхит, суық тию сияқты сырқаттар азайып, біртіндеп жоғалды. Туберкулезден өлген адамдардың саны екі есе азайды. Балалар өлімі тоқтады. Көптеген жұқпалы дерттерден халық сауығып, уақыт өте келе ондай ауру түрін ұмыта бастады. Әйел аналардың денсаулықтары да жақсарып, дүниеге бала әкелу көрсеткіші жоғарылап, дені сау нәрестелер туа бастады. Жұмыс істейтіндер саны артып, халықтың тұрмысы түзелді.

Осылайша Финляндия қарқынды дами бастаған тұста, мемлекеттің медицина саласына өлшеусіз үлес қосқан дәрігер дүниеден озды. Туған ұлтының денсаулығы үшін жанын салып күрескен дәрігердің қазасы күллі фин халқы үшін ауыр соққы болды. Сүйікті дәрігерлерімен соңғы рет қоштасу үшін, алыстағы ауыл-аймақтардан жүздеген өкілдер келіп, жаназаға қатысты.

Ауыл тұрғындары жаназаға баратын өкілді жастардың арасынан таңдады. Бұл жас жігіттер Ұлт дәрігерінің табытын жоғары көтеріп, қаланың барлық көшелерімен жүріп өтті.

Жерлеу рәсімінде ауыл жастарынан бірі көпшіліктің алдына шығып тебіреніп тұрып, былай деді:

«Біз сені мәңгілік мекеніңе шығарып салу үшін алыс ауылдар мен ормандарды артқа тастап келіп тұрмыз. Бірақ, саған жаназаларда қалыптасқандай гүл шоқтарын әкелмедік. Есесіне ауыл адамдары өз қолыңмен баптап кеткен хас бақшаң – Суомидің гүлдерін – бізді таңдап, басқаларға үлгі болсын деп, осында жіберді. Сен біз үшін – Ұлтымыздың ең үлкен бағбанысың, біз – сол бақта өсіп шыққан гүлміз.

Саған айтарымыз: Артыңа алаңдамай, соңғы аялдамаңда деміңді ал! Біз сенің жасап кеткен еңбегіңді аяқсыз қалдырмаймыз. Сен – туған халқыңның нағыз дәрігері бола білдің. Жүздеген ауыл адамдарының дертіне дауа іздеп, сырқаттарынан айықтырдың. Ұлтымыздың бойына жан бітіріп, қайта тірілтіп, күш-қуат бердің. Туған өлкеміздің келешегіне қалтқысыз ететін қаһармандарды шығардың. Бізге өмір сүрудің жолын көрсеттің!

Туған халқың саған арнап еңселі ескерткіш орнататын болады. Сен мұндай құрметке шын мәнінде лайықсың. Бірақ саған қойылған нағыз ескерткіш ол – мына біздерміз! Біз – ұлттың жаңа өмірге басқан қадамының көрінісі әрі осы жаңашыл өмірдің жаршысымыз. Ер демей, әйел демей – бәріміз де фин халқының арда туған азаматтарының Отанға адал қызмет ету жолындағы бір-бір жанды ескерткіштеріміз. Уақыт өткен сайын тұрмысы түзелген туған халқыңның жүрегінде сенің атың алтын әріптермен жазылатын болады.


Сен Цезарь да, Наполеон да емессің. Ешкімнің жеріне көз тіккен жоқсың. Бір тамшы қан тамызбай, Отанымызға мыңдаған жаңа, қуатты және еңбекқор күшті сыйлап кеттің.

Туған ұлтының денсаулығы мен жарқын болашағы үшін бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен қаһарман ұлдың аты мәңгілікке өшпеуі тиіс!»

МАЗМҰНЫ
Кітап жайлы қысқаша мәлімет ..............................................................................................4

Қазағымның санасына сәуле болшы, Снелман ....................................................................5

Григорий Петров және «Ақ лалагүлдер өлкесі –

Финляндияда» немесе бір халықтың рухани оянуы ...........................................................7

Тарихтан – ғибрат ...................................................................................................................9

Қаһармандар мен халық .......................................................................................................11

Суомидің тарихы ..................................................................................................................15

Халық қаһарманы – Снелман ..............................................................................................17

Шіркеу және халық ...............................................................................................................20

Мемлекеттік қызметкерлер ..................................................................................................23

Казарма ..................................................................................................................................26

Футбол ...................................................................................................................................32

Отбасындағы бала тәрбиесі .................................................................................................37

Халық университеті ..............................................................................................................41

Карокеп ..................................................................................................................................44

Ярвинен, Окунен және Гульбенің патшалық хикаялары ..................................................52

Ауыл адамы, жұмысшы және өнер иесі .............................................................................62

Халық дәрігері .......................................................................................................................67