Файл: Сабаты таырыбы Шілікті жне Бесшатыр патша орандары Малім Бектрсын Дулат Плтелы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары | Мұғалім: Бектұрсын Дулат Пәлтеұлы Күні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 5 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді сипаттау; 5.1.2.2 – әлеуметтік топтардың ерекшелік терін түсіндіру; 5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік құзіреттілік | Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | «Алтын адам» археологиялық олжасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басталуы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Өзі туралы кластер» тренинг Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: жанұя еркесі, адал дос т.б | 1-топ: Жазушылар 2-топ: Зерттеушілер 3-топ: Суретшілер «Өзі туралы кластер» тренинг, қағаз, қалам. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа білім 10 минут | Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) Зерттеу сұрағы: Неліктен Шілікті мен Бесшатыр «патша қорғандары» деп аталады? | Оқулық, мәтіндер. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 10 минут | Қолдану Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Шілікті патша қорғандары - Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе, Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында, Зайсан ауданының жерінде алып патша корғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар, оның бәрі де алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метр, биіктігі 8 - 10 метр. Мұндай обаның саны - 13. Орташа обалардың шеңберінің диаметрі 20 метрден 60 метрге жетеді, биіктігі 2 - 5 м. Қорған ертеректе қатты тоналған. Бірақ кейбіреулерінде зергер бұйымдар сақталған. Соның бірі 1960 жылы қазылған "Алтын қорған" деген оба. Обаны үйерден бұрын қабір шұңқыры қазылған. Оның орта шенінен шығыстан батысқа қарай бағытталған дөліз (дромос) жасаған, оның ені 2 метр, ұзындығы 12 метр. Қабір шұңқырының ішінен қабырғалары 5м жуық балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған, биіктігі 1 м. Айналасына - тас толтырылған. Дәліздің қабырғасын таспен қалап, төбесін бөренемен жапкан. Бөренеден салынған қабір үйіне еркек пен әйел жерленген. Моланың жердің бетіндегі бөлігі таспен үйілген. Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып шеберлікпен көркем жасалған. Бүл обалардың салынған уақыты б.з.б. 7-6 ғасыларға жатады. Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. | Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті 2 минут | «Қара жорға» биі | видеожазба | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут | Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты, мұндада ұсақ обалар жоқ. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8—10 метрге дейін жетеді. Бұл — жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты. Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, терендігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан боренелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінін қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер жылжып кетпес үшін шұнқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Басқа да көптеген «патша» обаларм сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы, жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп қазған, қима төбесінің оңтүстік- батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де, осылайша қабірдің ішіне кірген. Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің асимметриялы-ромб түріндегі деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бүйыммнан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Шілікті обасы б. з. б. VII—VI ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі «патшалық» оба және Еуразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Еуразия далаларындағы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар (аяқтары бұғулі бұғы, шиыршақтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркітгер) сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы үлгілеріне жатады. | «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут | Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
«Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
| Бағалау парақшасы Рефлексиялық шеңбер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |