Файл: 8 сыныпа арналан География пні бойынша мектепішілік олимпиада тапсырмалары Жалпыи 50 пай рбір тест 2 пай.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

8 - сыныпқа арналған География пәні бойынша мектепішілік олимпиада тапсырмалары

Жалпыи 50 ұпай әрбір тест 2 ұпай

1. Картада таулар мен жазықтар қандай түспен бейнеленген

A)жасыл сарғыш түстер

B)сарғыш, көк түстер

C)қою көк , жасыл түстер

D)барлық жауаптар дұрыс емес

E) қоңыр, жасыл түстер

2. Каратда кімнің саяхаттау жолы бейнеленген



A) К. Колумбтың саяхаты

B)Шохан Уалихановтың

C) Марко Поло

D) В.В. Докучаев

E)`Афанаси Никитин

3. 1:7500 000 масштабтағы картада ұзындығы 3 сантиметр кесіндінің ара қашықтығы жергілікті жерде нешеге тең?

A.125 км
B. 225 км
C.275 км
D.350 км
E.370 км

4.Қазақстанмен оңтүстігінде шектесетін елдер:

A) Ресей, Қытай, Қырғызстан

B) Әзербайжан, Түркменстан, Иран

C) Түркменстан, Өзбекстан

D) Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан

E) Ресей, Иран

5. Қазақстан тәуелсіздік алған жылы:

A) 02.03.1992 ж.

B) 16.12.1991 ж.

C) 29.12.1992 ж.

D) 26.08.1936 ж.

E) 10.12.1993 ж.

6. Қазақстан аумағының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы

А) 3000 км

В) 2500 км

С) 1600 км

D) 1200 км

Е) 1000 км

7.Қазақстан аумағы орналасқан климаттық белдеу.

А) Экваторлық.

В) Тропиктік.

С) Арктикалық.

D) Қоңыржай.

Е) Субарктикалық.

8. Қазақстан аумағына әсер ететін негізгі ауа массалары

А) Қоңыржай, тропиктік, экваторлық

В) Арктикалық, тропиктік, экваторлық

С) Арктикалық, қоңыржай, тропиктік

D) Арктикалық, қоңыржай, экваторлық

Е) Экваторлық, тропиктік, қоңыржай

9. Жер бедерінің негізгі түрлерін анықтаңыз.

А) тау, жазық

В) үстірт, тау

С) ойпат, үстірт

D) қырат, ойпат

Е) жазық, ойпат

10. Солтүстік жарты шарды қандай материктер бар.

A)Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка

B)Австралия,Оңтүстік Америк, Африка

C)Евразия, Африка Австралия

D)барлық жауап дұрыс емес

E)Еразия, Солтүстік Америка

11. Жер қабықтары дұрыс көрсетілген жолды тап

A) Литосфера, Гиросфера, Атмосфера, Биосфера

B)Топосфера, Гидросфера, Мезосфера

C)Тропосфера, стартосфера, Гидросфера


D)Барлық жауаптар дұрыс

E)`Барлық жауаптар дұрыс емес

12. Жер шарының беті ... сумен жабылған.

A.20,9%
B. 55,7%
C.70,8%
D.85,2%
E.90,3 %

13. Бұл атаулардың қайсысы ғаламшардың ең биік нүктесі болып саналады.

A. Сагарматха
B. Джомолунгма
C. Демавенд
D. Божественная Мать Жизни
E.Эверест

14. Қарақия ойысы ... орналасқан

А) Арал маңында.

В) Алтайда.

С) Маңғыстау түбегінде.

D) Батыс Сібірде.

Е) Туран маңы ойпатында.

15. Республика аумағының мұхит деңгейінген ең төмен орналасқан аймағы

А) Тұран ойпаты

В) Батыс Сібір жазығы

С) Каспий маңы ойпаты

D) Балқаш-Алакөл ойпаты

Е) Солтүстік Қазақ жазығы

16. Мезозой эрасының дәуірлері:

A) Бор, триас, юра

B) Пермь, карбон, девон

C) Силур, ордовик, кембрий

D) Бор, триас, девон

E) Триас, юра, силур

17. Ғылымда тау жынысының жасын анықтау әдістері

А) Салыстырмалы,абсолюттік.

В) Абсолюттік,жылдық.

С) Ғасырлық,салыстырмалық.

D) Ондай әдіс жоқ.

Е) Ғасырлық,жылдық.

18. Сейсмология ғылымы зерттейді

А) Жер сілкінуді

В) Жанартаудың таудың атқылауын.

С) Жер қыртысындағы баяу тербелістерді.

D) Литосфералық тақталардың жылжуын .

Е) Геологиялық сыртқы күштерді

19. Төбенің қай суреті горизонтальдармен төбенің түріне сәйкес келеді



20. Суретте зерттеудің қандай әдісі көрсетілген



A)теориялық әдіс

B)далалық әдіс

C)катографиялық әдіс

D) гарыштық зерттеу

E)`барлығы дұрыс емес

21. Халық санағын жүргізу барысында халық санының өсімін қалай анықтайды?

А)Халық санының өлім көрсеткішінен туу көрсеткішін алады

B)Халық жалпы саны ол өсім көрсеткіші

C) жалпы халық санынан туу көрсеткішін алады

D)барлық жауаптар дұрыс емес

E) Халық санының туу көрсеткішінен өлім көрсеткішін алады

22.Минералдардың физикалық қасиеттері бойынша жіктелуі

A)өңі, пішіні, құрамы, салмағы, қаттылығы

B)түсі, салмағы, мөлдірлігі, жылтырлығы, қаттылығы, жымдастығы

C) шағылысуы, төзімділігі, салмағы, ерігіштігі

D)ылғалдылығы, мөлдірлігі, температурасы

E) барлық жауаптар дұрыс

23. Есік қаласынан табылған ескерткіш:

A) Әдеби мұралар

B) Киіз үй

C) Ат әбзелдері

D) ”Алтын киімді” адам

E) Күміс бұйымдар

24. Қазақстан Ғылым академиясың тұңғыш президенті:

A) Ш. Уәлиханов



B) Қ. Сәтбаев

C) П.П. Семенов Тян Шанский

D) Н.А. Северцов

E) И.В. Мушкетов

25. Арыс өзенінің сағасында орналасқан ортағасырлық қала:

A) Сарайшық

B) Сығанақ

C) Тараз

D) Отырар

E) Сайрам

8 - сыныпқа арналған География пәні бойынша мектепішілік олимпиада тапсырмалар жауаптары












1

Е

13

B

2

А

14

C

3

В

15

A

4

D

16

A

5

B

17

A

6

C

18

A

7

D

19

A

8

C

20

B

9

A

21

E

10

E

22

B

11

A

23

D

12

C

24

B







25

D