ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
фанфар
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын!
2-жүргізуші: Бармысыздар,замандас,бауырлар,шабытты шәкірттер!
1-жүргізуші: «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып,арайың.
Жанға шуақ,бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән,сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2-жүргізуші:
Білесіздер ме,осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп,әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
1-жүргізуші:Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды.Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық.Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып,жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп,еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді.
2-жүргізуші: Құрметті,ата аналар,ұстаздар,оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы-Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Олай болса,көңіліміздің керегесін кеңейтіп,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт,қуаныш әкелсін дей отырып, ескі жылды бірге шығарып салып жаңа жылды бірге қарсы алайық!
ЛОЛ: Қане балалар, өткен жыл кімнің жылы?
Ендеше бәріміз бірге барысты шашақырайық
БАРЫС: Армысыңдар балалар! Көңіл күйлерің қалай? Жаңа жыл қалай өтуде? Міне сендермен бір жылым тез ақ өтіп кетті, сендердің алдарыңда өз парызымды орындадым деген ойдамын! Ал енді міндетім бойынша орнымды қоянға босатқалы отырмын. Ал мен әлі қайтып келермін достар, мен сендерді қатты сағынамын ал сендер мені сағынасыңдар ма?
2-жүргізуші:
Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
БАРЫС: Олай болса мені сапарға шығарып салмай тұрып Бір көңіл көтерейік?
(ШЫРША)
Микки Маус, Минни Маус: Ал келер жыл ше, кімнің жылы? Ия, ия ұзын құлаақ ол кім????
2-жүргізуші:
Онда бәріміз бірге қоянды ортаға шақырайық! Қоян деп бірге бар дауысымызбен айқайлайық.
Қ О Я Н, Қ О Я Н
(МУЗЫКА, СӘБІЗ ІЗДЕП ЖҮРЕДІ. АЮ БЕРЕДІ)
ҚОЯН: Мәссаған қандай көңілді кеш! Ұзын құлақтарымды тосып тыңдасам өз атымды естігендей болдым, сөйтсем мені менің көңілді балаларым тосып қалыпты ғой! Сендерді қатты сағындым көргеніме де қуаныштымын достар. Олай болса Барысқа рахмет айтайық, ал осы жылды сендермен ерекше көңілді өткіземін деген ойдамын! Қане балалар би билейік, ән салайық! Бұл не тұрыс?
Қоян келді, қоян жылы келді!
Өзімен бірге керемет көңіл күйді алып келді!
1-жүргізуші:
Жаңа жыл –қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
2-жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
(ЗВУК МАША И МЕДВЕДЬ, МУЛЬТ)
Маша + артынан аю:
АЮ: Бәріңе сәлем, достар
Біз орманнан шанамен әрен жеттік сендерге.
МАША: Асыққанымыз соншалық,
Ағаштарға соғылып қала жаздадық.
Біз сіздерге Аяз Атадан хат әкелдік.
Бірге ашып оқиық.
АЯЗ АТА ХАТЫ:
Сәлем, достар! Сонааау қарлы Алатау тауы беткейінен дорба дорба сыйлықтарыммызбен келе жатқанда жолда қара күштер Ақшақар екеуімізді ұрлап кетті. Бізге сендердің шұғыл көмектерің қажет! Егер біз қара күштерден құтыла алмасақ, өкінішке орай жаңа жыл болмайтын секілді. Олар болып жатқан мерекенің шырқын бұзуға сендерге қарай бет алды. Қара күштердің берген тапсырмасын бұлжытпай орындаңдар, біз бұл ЖАҢА ЖЫЛДЫ құтқарып қалуымыз тиіс!
(ҚАРА КҮШТЕР КЕЛЕДІ, КҮЛКІ)
ЖЕЗТЫРНАҚ: Аяз атаны іздедіңдер ма??? А ХА ХА ХА, жо-жоооқ сендер оны таппайсыңдар , босата алмайсыңдар, жо жоооқ жаңа жыл болмайды, әлемді қара түнек басып, менің және менің достарымның заманы орнайды. Қане достарым алға!
ЗОМБИЛАР: (ФОНМЕН, балаларды келіп шошытады)
Жақсы персонаждар:
Жоқ! Біз сендерге осындай керемет мерекенің шырқын кетіруге рұқсат бермейміз!
АЛҒА!
(АҚ БЛЕСТКИ ҮРЛЕЙДІ. ФОН ЗВУК)
ЗОМБИ МЕН ЖЕЗТЫРНАҚ: БҰЛ НЕЕ???? Көзім ашылмай жатыр, не бұл? Болды-болды біз ұтылдық, шашпаңдаршы босатамыз Аяз атаны!
ЛОЛ: Аяз атаны босатыңдар!
ЖЕЗТЫРНАҚ: Ия, босатамыз, босатамыз!
(сәл кідіріс) Бірақ қазір емес, алдымен біздің ХАГГИ ВАГГИДЫ жеңіп көріңдер!!! А ХА ХА ХА
(ФОН МУЗЫКА)
ХАГГИ ВАГГИ: Сәлем сәлееем, мені күттіңдер ма?!
ҚОЯН: Біз снні күтпедік, бізге Аяз ата мен Ақшақар қажет
Хагги Вагги: А ХА ХА Ал мен, мені күтпесеңдер де келдім! Мен бұл жердің тас талқанын шығарамын!
БАРЫС: Қайтар біздің Аяз ата мен Ақшақарды
ЖАҚСЫ ПЕРСОНАЖДАР: ИЯ ҚАЙТАР, ҚАЙТАР
Хагги Вагги: Жарайды, егер менің жұмбақтарыма жауап бере алсаңдар, қайтарамын!
Маша: біз кез келген жұмбақты әп сәтте шешіп тастаймыз, солай ма достар?!
Хагги Вагги: Ал ендеше, кеттік!
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)
БАЛАЛАР ЖАУАП БЕРЕДІ
Мәссаған, мыналарың мен ойлағаннан да ақылды ғой!
Микки Мауз: Ал енді босат біздің Аяз ата мен Ақшақарды!
Хагги Вагги: Жооқ, мен де оңайлықпен берілмеймін. Қазір сендерге бұдан екі есе қиын сұрақ қоямын.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. Бұл не? (қырау)
БАЛАЛАР ЖАУАП БЕРЕДІ
ЕЙ, ҚАЛАЙ ҒАНА ТАУЫП ҚОЙДЫҢДАР
ЛОЛ: Біздің балалар дұрыс жауап берді, қане қайтар біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымызды!
Хагги Вагги: жақсы! Босатыңдар Аяз ата мен Ақшақарды.
(ВЫХОД: Аяз ата мен Ақшақар)
ЛОЛ: Мәссаған, Аяз ата сіздің шанаңыз қайда? Бұл не?
Аяз ата: Сендер балалар 21 ғ балаларысыңдар. Бұл заман керемет, не керектің бәрі бар, сендерден қалыспайын деп шанамды үйге тастап, мына арбакат деді ма
ПЕРСОНАЖДАР: САМОКАТ-САМОКАТ
Аяз ата: іі, ия самокатпен келіп отырған жайым бар.
ПЕРСОНАЖ: Ия-ия бьіздің Аяз ата сондай. Заманауи, әрі ерекше.
Аяз ата: Балалар хагги вагги жаңа жылымыздың шырқын бұзып, жаңа жылдық көңіл күйімізді ұрлағысы келген сияқты! Бірақ сендер батыл екенсіңдер! Бізді босатып алғандарың үшін көп көп рахмет! Қара күштерге жаңа жылды бұзуға жол бермейміз! Солай емес пе?
Алыстан қол бұлғай өздеріңе де жеттім, өздеріңдей балалардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін.
Ақшақар: Қандай әсем шыршалар, қандай әсем балалар! Тіпті қарай бергім келеді!
Бүгін тамаша көңіл күймен бірге өнерлеріңді де дайындап келген шығарсыңдар солай ма?
Ал, кәнеки, балалар, ән мен жырға басайық,
Той думанды жалғайық.
Жарқыраған шырағы - шыршамыз да нұрланды.
Бақытты жас балалар айтады шат жыр - әнді.
Жаңа жылда сайланып, шыршамызды айналып,
Би билейік ән салып,
Баршамыз да жар салып!
ЖЕЗТЫРНАҚ: мынау қандай көңілді кеш! Қандай әдемі балалар! Қааандай әдемі шырша? Аяз ата балаларға кәмпит таратып жатыр, Жаңа жыл деп осыны айт!
Хагги Вагги: Аяз ата, ақ шақар, балалар біз де, біз де тақпақ білеміз, кештерің көңілді өтіп жатқан сияқты! Бізге де қосылуға болады ма?
ЖЕЗТЫРНАҚ: Иә балалар, біз жыл сайын жаңа жылды жалғыз өткіземіз, сосын сендердің жаңа жылдық көңіл күйлеріңді қызғанып, Аяз ата мен Ақшақарды ұрлап кеттік. Бізді кешіріңдерші балалар! Кешіресіңдер ме?
Хагги Вагги: Аяз ата, ақшақар сендерді кешіктіріп қойғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Осыншама көңілді балаларды тосқызып жаңа жылдарын бұзып жібереміз деп ойламаппын. Кешіресіңдер ғой? Солай ма?
Ақшақар: Кешіреміз бе, балалар!
Аяз ата: Жарайды, қосылыңдар! Бірақ келесі жолы бұндай жағдай қайталанбасын.
1-жүргізуші:
Балалар, сонаау Африкадан бізге қонақтар келіп қалыпты және олар сендерге өте қызықты ойын ойнатпақшы екен
2-жүргізуші:
Қонақтарымызды ортаға шақырамыз ба? Олармен бірге ойын ойнаймыз ба?
Клоун\: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл біз, клоундар. Сендерге сонааау Африкадан келіп тұрмыз. Ол жер пілдер мен керіктерге толы, әрі сондай ыстық. Ал, мұнда сондай тамаша екен!
Клоун\\: Біз де сендермен жаңа жылды қарсы алайықшы, Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайықшы?!
Бұл ойын Алдау ойыны. Біз сендерді алдаймыз, сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді және жаңа жылдық тақпағын оқиды.
Клоун\: Мысалы, Мен мұрынды ұстадым! 1,2,3 (өзі құлағын ұстайды). Көрдіңдер ме, сендер мұрындарыңды ұстау керек болғансыңдар.
Клоун\\: Мұқият болып біздің айтып жатқан дене мүшелеріне зер салыңдар
Мен басымды ұстадым 1,2,3 (иығын ұстайды)
Мен құлақты ұстадым 1,2,3 (бетін ұстайды)
Мен құлақты жасырдым 1,2,3 (өзі қол соғады)
(т.б. ИМПРОВИЗАЦИЯ)
Клоун \: Балалар, алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, кәне өздері шығып айыбын төлесін.
1-жүргізуші: Сонымен, ойын сендерге ұнады ма?
(БАЛАЛАР ЖАУАП БЕРЕДІ)
ПЕРСОНАЖДАР БИЛЕЙДІ, ТИК ТОК ФЛЕШМОБ
(БІРДЕН ЗВУК ИГРА В КАЛЬМАРА)
2 - жүргізуші:
БҰЛ НЕ ДАУЫС??
ЛОЛ: Сен кімсің?
ҚОЯН: Мұнда не істеп жүрсің?
Маша: Сен біздің балаларға тиіспейсің бе?!
КУКЛА: Сәлем, біз сендерді ЖАҢА ЖЫЛМЕН құттықтауға келдік және біз мерекені қалай қызықты қарсы алуға болатынын білеміз!
ЖЕЗТЫРНАҚ: БІЗ?
КУКЛА: Ия, біз. (МУЗЫКА. ҚЫЗЫЛ КОСТЮМДАҒЫ ЖАЗАЛАУШЫЛАР ШЫҒАДЫ)
ЖАМАН КЛОУН: Бұлар тағы кімдер?
КУКЛА: Біздің ойын өте қызықты, бірақ жазасы бар. Бұл ойын тек шынайы батылдарға арналған
ЖАМАН КЛОУН: Қане қане, балалар өздеріңнің нағыз батыр екендеріңді дәлелдейтін сәт жетті
МАША: Топ жарып қай балалар ортаға шығады екен?
КУКЛА: Маған бүгін ешбір ойынға қатыспаған он ойыншы қажет. Ойын шарты, менің санағым тоқтағанда орында қатып қалу, маған кім бірінші болып жетеді, сол жеңімпаз! КЕТТІК
(МУЗЫКА, зомбилар да шығып ойнайды, ұтылғандарғаақ қағаздан қар жасалып атылады)
Қызыл костюмдағылар: Мына балалар недеген батыл, ойын қызықты болды. Солай емес пе?
АҚШАҚАР: Кәне балалар өнерлеріңді тамашалайық, ал аталарың екеуміз сендерге алыс жолдан сендер үшін сақтап алып келген тәтті сыйлықтарыңды береміз! Өнерлерің дайын ба балақайлар? Ендеше, бастайық бұл не тұрыс!
Алғашқы болып
1
2
3
Аяз ата:
Бәріің өнерлі екенсіңдер! Сендердің өнерлеріңді тамашаладық! Енді келесі сапарымды жалғастырайын, мені өздерің секілді бүлдіршіндер күтуде. Келесі жылы кездескенше! Менің арбокатым қайда?!
Ақшақар: Қош, сау болыңдар, балалааар!
ПЕРСОНАЖДАР: САУ БОЛЫҢЫЗ, АЯЗ АТА! АҚШАҚАР!
1-ЖҮРГІЗУШІ:
Осымен балалар біздің мерекелік жасыл шыршамыз тәмәм. Келесі жылы кездескенше, сау саламатта болыңдар!
2-ЖҮРГІЗУШІ:
Естелік ретінде фотосуретке түсіп алуларыңызға рұқсат
МУЗЫКА:
1. Фанфар
2. Жаңа жылдық әдемі муз
3. Барыс, ескі жыл шығуы
4. Қоян, жаңа жыл шығуы
5. Маша и медведь мульт муз
6. Жезтырнақ, дауыл мен боран дауысы
7. Зомбилар шығуы
8. Фея, блестки үрлеу
9. Хагги Вагги
10. Аяз ата – Ақшақар КІРУІ (заманауи)
11. Клоундар
12. Клоундар ойыны, фон
13. Тик ток би, персонаж
14. Игра в кальмара, қорқынышты ШЫҒУЫ
15. Игра в кальмара, ойынға
16. Аяз ата – Ақшақар КЕТУІ