Файл: 1. азастан Республикасыны сырты саясатыны алыптасуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы.

2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттері.

3. Еуразияшылдық идеяның қазіргі кезеңдегі дамуы: Еуразиялық экономикалық одақ.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.

Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.

1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

  • Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ірi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы.

  • Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр.

  • 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты.

  • Ел мүддeсiнe қатысты маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде.

  • Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттeрi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Жылдам өзгеретін саяси және экономикалық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасында мынадай басымдықтар белгіленген:

1) дәйектілік пен тепе-теңдіктің таза прагматикалық принциптеріне негізделген мемлекеттік мүдделерді алға жылжыту;

2) Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік үшін жауапкершілік, аймақтағы жанжалды жағдайлардың алғышарттарын жоюға көмектесу;

3) әлемдегі қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі халықаралық бастамаларды қолдау;

4) қорғанысты тежеу ​​тетіктерін және ұлттық қорғаныс қабілетін нығайту үшін әртүрлі елдермен және ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту;


Қазақстанның 2014-2020 жылдарға арналған сыртқы саясатының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы негізінде құрылды.

2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамада көпұлтты қоғамдастықты нығайту, даму стратегиясын өнімді жүзеге асыру үшін оң сыртқы жағдайлар жасау қажеттілігіне ерекше назар аударылған

Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты мақсаты :

  • Елдің аумағын, егемендігін, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, агрессияның немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу.

  • Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.

Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты міндеттері:

  • әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру тетігін жетілдіру;

  • қорғаныс әлеуетін неғұрлым ықтимал соғыс қатеріне сайма-сай және елдің экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін деңгейде ұстау;

  • Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды олардың сыртқы және ішкі қатерлердің алдын алу мен жолын кесу жөніндегі үйлесімді ісқимылдарға әзірлігін арттыру мақсатында жан-жакты қамтамасыз ету және сапалык тұрғыда жетілдіру;

  • Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және баска да әмірлік маңызды мүлдесіне қол сұғушылық және арандату әрекеттерін анықтап, жолын кесу;

  • елдің мемлекеттік органдарын, ұйымдары мен халқын әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге, азаматтык және аумақтық қорғанысқа катысуға жан-жақты дайындау;

  • азаматтық және аумақтык қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

  • экономиканың жұмылдыру даярлығын қамтамасыз ету;

  • әскери инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру;

  • әзірленігі жатқан қарулы шабуылды немесе жағдайдың қатерлі дамуын уақытында анықтау және оларды болдырмау жөнінде шаралар қолдану;

  • соғыс жағдайын уақытында жариялау

  • елде немесе оның жекелеген аудандарында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу

  • Қарулы Күштерді стратегиялық орналастыруды агрессияға (қарулы қақтығыска) тойтарыс беру мен оның жолын кесуді ұйымдастыру жөніндегі ісәрекетпен үйлестіру;

Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ.



Еуропалық Одақ интегрцациясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын

  • 2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған.

  • Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.

Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері:

  • Бәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырады

  • Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар құнының төмендеуі алып келеді

  • Үлкен халқы бар нарықтын кұрылуы

XX ғасырдың соңы әлемдік саясатта және экономикада негізгі геосаясаттық тенденциямен аймақтық интеграциямен сипатталады.

  • Өз нарығын, валютасын қорғау үшін, экономикалық дағдарыстан шығу және өздерінің ұлттық мүдделерін қорғау үшін

  • Тек экономикалық ғана емес, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

  • Сондай-ақ жалпы геосаясаттық кеңістіктегі қауіпсіздік үшін әлемдік тәртіптегі мемлекеттер одағының қалыптасуына бірлесіп тиімді ықпал ету мақсатында түрлі саладағы бірлестіктер пайда болды.

Осы мақсатта Солтүстік және Латын Америкасының, Батыс Еуропаның, Оңтүстік Шығыс Азияның елдері бірікті.

Жобаның басым бағыты – прагматикалық өзара тиімді экономикалық бірлесу.

Экономика саласында, Еуропалық Одақтың тәжірибесін талдай келсек:

Н.Ә. Назарбаев бірқатар «ұлттық құрылымдардан тыс үйлестіруші құрылымдарды» құруды қажет деп санайды: экономика, шикізат ресурстары бойынша комиссия, экономикалық және техникалық ынтымақтастық істері бойынша қор, инвестициялық банк т.б.

Еуразиялық Одақтың қалыптасуының басты принциптерінің бірі – оған болашақ мүше елдердің түрлі жылдамдықпен кіруінде.

  • Өйткені кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістік елдерінің ортақ мүдделерінен басқа әрқайсысының алдында тұрған ұлттық-мемлекеттік міндеттері бар еді.

  • Оларды дұрыс шеше алған жағдайда ғана тең құқықты интеграциялық процестердің қарымқатынасын орната алады.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Еуразиялық одақ құрудың төрт қағидалы мәселесі бар.

  • Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады.

  • Екіншіден, көпқабатты және түрлі жеделдіктегі интеграция идеясы.

  • Үшіншіден, қауіпсіздікті бір ғана елдің күш-жігерімен қамтамасыз ету мүмкін емес, аймақтық қауіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі.

  • Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі.

Н.Ә.Назарбаевтың: «Менің Еуразиялық одақ туралы идеям ұлтаралық, мемлекетаралық мәселелер мен қайшылықтарды өркениетті түрде шешуді ұсынамын.

Халықтар интеграциясы саяси тәуелсіздігі мен этникалық біртұтастығын сақтау арқылы қазіргі заманғы мемлекеттілігі шын мәнінде еуразиялық кеңістіктің бейбіт дамуының саналы және өркениетті формуласы» деген сөзі бар.