ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ № 18
Аты-жөні: ...............................................................................................................
Жұмыс орны: ...........................................................................................................
Сабақтың тақырыбы: Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі
-
Лексикалық минимум
Айна - зеркало - mirror
Өледі - умрет - todie
Сөйле - говори - speak
Бұтақ - ветки – tree, branch, shufting
Атылған оқ - выстрел(выпущеная пуля) - bullet
У - яд - poisonous
Бос сөз - пустословие - nothig
Алтын - золото - gold
Мылжың - болтун - talkative
Мәдениеттілік - культурность - culture
Құлақ - уши(ухо) - ear
-
Жаңа сабақ
Қоғамдағы адамдардың тілдік қарым-қатынастағы екінші түрі – Іскерлік қарым-қатынас.
— Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Іскерлік қарым-қатынас, ондағы сөз әдебі. Біздің заманымыз – іскер,белсенді, өздігінен жол таба білуге бейім адамдар заманы. Белсенділік, қиыннан жол таба білетін іскерлік адамды көздеген мақсатына жеткізеді.
«Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, адам сөз арқылы өзін танытады. Бұл орайда адамның өз қабілет деңгейін жан-жақты көрсете алуының бір негізі – оның білімділігімен қатар ортамен іскерлік қарым-қатынас жасау сырын, ондағы өзін ұстай білу, сөйлеу этикасын меңгеруіне де байланысты. Дәл тауып айтылған сөз әрқашан да адамды өз мақсатына жеткізп отыратыны тарихтан да белгілі.
Ендеше, іскерлік қарым-қатынастағы негізгі түйіндердің бірі- ондағы тілдік ерекшеліктерді білу, сауаттылық, сөйлеу этикасын меңгеру.
Іскерлік қарым-қатынас – мекеме, кәсіпорын, өндіріс, өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің өзара және басқа да қызмет барысындағы адамдармен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісім шарт жасауы, қажетті құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.
— Енді іскерлік қарым-қатынастағы әдебіне яғни, (этикасына) келетін болсақ, сөйлеушінің:
*өз ісіне жауапкершілікпен қарауынан;
*өзін-өзі ұстауынан;
*сыпайылығынан;
*өжеттілігінен;
*батылдығынан;
*тартымды;
*жағымды сөйлеу мәнерінен көрінеді.
Іскерлік қарым-қатынастағы тіл мәдениетінің ауызша түрі ақпарат алмасу, белгілі бір сала жұмысы бойынша талдау мен талқылау мәселелерін қамтиды. Пікірлесуші, кездесушілердің жеке бас мәселесі, ішкі сезім көңілдегі әңгіме тақырыбынан тыс қалғаны дұрыс.
Ауызша сөйлеу тілі:
- баяндау, есеп беру, хабарлау, талқылау;
- істің жүру, өту барысы туралы ақпарат, мәліметтермен алмасу;
- жұмыстың нәтижелі, оңтайлы, ыңғайлы жолдарын табу;
- мәселеге қатысты таңдап алынған ой-пікір, шешімдерді іріктей білуден тұрады.
Іскерлік қарым-қатынастағы әңгіменің жүйелі болуы үшін:
- тақырыптың нақтылығы;
- ортақ тақырыбы - әңгімелесушілердің тақырыпқа байланысты мәліметтері болуы;
- ортақ мақсат пен міндетті белгілей білу;
- ортақ шешімге келе алуы қажет.
Ауызша әңгімелесу, сөйлесу түрлерін іскерлік қарым-қатынас ыңғайына қарай төмендегідей жіктеуге болады.
1. Пікір, алған әсер, жаңалық туралы ой бөлісу.
2. Түрлі жағдайға, ой, көзқарасқа пікір білдіру.
3. Жиналыс, мәжілісте баяндама жасау, жарыс сөзге шығу.
4. Жаңа іс, мәселеге байланысты келісім жасау.
Іскерлік қарым-қатынас
ауызша | жазбаша |
Мемлекет, қоғам, өнер, ғылым қайраткерлерінің, саяси партия жетекшілерінің жұртшылық алдында сөйлеген сөзі, бұхаралық ақпарат арналары арқылы қоғамдық-әлеуметтік мазмұнда сөйлеген сөзі | Жеке адамдардың құжаттары, түрлі мекемелердегі іс-қағаздар, мемлекеттік мәндегі заң актлері, ережелер, мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік тұжырымдамалар, заң, конституция т.б Өтініш, өмірбаян, пікір, түйінсөз (резюме), сенімхат, куәлік, арыз, келісімшарт. |
Сөз әдебіне қатысты жағы:
1. Іскерлік қарым-қатынастың ауызша түрі: сәлемдесу, қоштасу, құттықтау, көңіл айту, өтіну т.б.
2. Сөйлеуші өзінің өтініш-тілегін, көңіл сезімін білдірмес бұрын «Мүмкін болса», «Рұқсат болса», «Рұқсат етсеңіз», «Айып етпеңіз», «Айып болмаса».
3. Әріптестердің жұмыс бабымен телефон арқылы сөйлесуі. Мен тыңдап тұрмын, Бұл кім екен өзі? Кешіріңіз, өтінемін т.б.
4. Бір адамның атақ дәрежесін кісі фамилиясымен қоса айту. профессор Қасымов, доктор Дарханов, Ұлы Абай, жыр алыбы Жамбыл, күй атасы Құрманғазы.
1-тапсырма. Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, толықтырыңдар.
Тіл –адам ойының _______
Аңдамай сөйлеген ауырмай________
Ойнап сөйлесең де , ойлап ________
Тисе терекке тимесе _________
Айтылған сөз _________ оқпен тең.
Бал тамған тілден ________ тамар.
Көп сөз _________
Көп сөз - көмір, аз сөз - _________
Жасыңда қылжың болсаң, өскенде __________
Таза сөйлеу - биік __________
Көңілсіз __________ ойға олақ.
Керекті сөздер: құлақ, мылжың боласың, мәдениеттілік, у, атылған, бос сөз, айнасы, өледі, сөйле, алтын, бұтаққа.
2-тапсырма. Адам сөзін қолданылу орнына қарай жұптастырыңыз:
Телефон станциясында жолаушы
Үйде оқырман
Ресми құжатта тұтынушы
Ауруханада студент
Шаштаразда абонент
Қызмет орнында ата-ана
Кітапханада клиент
Қоғамдық көлікте азамат
Ательеде науқас, емделуші
Коммуналдық қызмет үшін маман, қызметкер
Жоғары оқу орнында тапсырыс беруші
-
ОҚЫЛЫМ.
Мәтінді оқыңыз.
Іс қағаздар тілінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктердің ауқымды бір тобы – фразеологизмдер.
Жалпы фразеологизмдер ішінде кейбір сөздер семантикалық жағынан ерекшеленіп, фразеологизмдер жасауда түп қазық қызметін атқарады. Мұндай сөздер ғылыми еңбектерде «ұйытқы сөз» деп аталып жүр. Қазақ тілінде тіл, жүрек, көз, ауыз, ақ, қара, қол, бас, тас, ит, жер, бір, жеті т.б. сөздері ұйытқы сөздер болып табылады.
Ресми іс қағаздар тілінде қолданылатын фразеологизмдердегі ұйытқы сөздерге іс, бас, бет, бір, есеп, көз, сөз, қол, орын т.б. жатады. Мысалы, ІС:
Іс жүзінде – шын мәнінде; іске алғысыз – жарамсыз; іске араласты – жұмыс, қызмет істеді; іске қосты – жұмыс, қызмет істетті; іске мұрындық болды – жұмысқа бастаушы болды; істі жапты – қылмысты істі тексеруді тоқтатты; істің көзін тапты – жұмыстың орындалу тетігін, жүйесін тауып істеді. БАС:
Бас қосты – жиналды, кеңесті; бас тарту – қарсылық білдіру; басы ашық – даусыз, айқын; басымен жауап беру - өз мойнымен көтеру т.б. ЕСЕП: есебі жоқ – көп, мол; есеп айырды – бөлінді, есептесті; есеп берді – істелген іс жайлы қорытынды жасады; есеп алды – істелген істің нәтижесін сұрады т.б.
КӨЗ: көз бояды
- өтірік айтты; көзге басылды – бірден, анық көрінді; көзге түсті – көрініп қалды; көз жазбады – жібермеді, бақылап отырды; көзін жеткізді – шындық екенін анықтады; көзін тапты – істің орайын, ретін келтіріп істеді, қалай істейтін жолын тапты т.б. ҚОЛ: қол астында – қарамағында, билігінде; қол байлады – кедергі жасады, бөгет болды; қолға алды – мәселені шешуге кірісті; қол қойды – келісті, мақұлдады; қол жетті – көздеген мақсаты орындалды, айтқаны болды т.б.
Мәтін бойынша тапсырма. Ресми ісқағаздар тілінде қолданылатын фразеологизмдердің мағынасын ашып, оларды қатыстырып, сөйлем құраңыз:
Басы ашық – даусыз, айқын;
Бас қосты –
Көз жазбады –
Іс тындырды –
Қол астында –
Есеп берді –
Қол қойды –
Қол астында –
Іске қосты –
Дауыс беру –
4. АЙТЫЛЫМ
Ситуациялық ойын
Ортаға 4 тыңдаушы шығып, диалог құрастырады.
Газет редакциясы - оқырман
Мекеме басшысы - жұмыс іздеуші
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!
Іскерлік этикетті білу кәсіпкер үшін өте маңызды. Бұл жөнінде 1936 ж. Дейл Карнеги былай деп жазған: «Адамдардың қаржы мәселесі бойынша істерінің табысты болуының тек 15 проценті оның кәсіби біліміне байланысты болады да, 85 проценті оның адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алуына байланысты болады».
Карнеги адамдарға әсер етудің алты ережесін ұсынады:
1. Басқа адамдарға көңіл бөліңіз. Сир: «Басқа адамдар бізді білгісі келгенде, біз оларды білгіміз келеді» деп жазған.
2. Күлімсіреңіз. Қытайлар: «Адам күлімсіремей тұрып, дүкенін ашпауы керек», - дейді.
3. Адам үшін оның өз аты - ең маңызды дыбыс, сондықтан әр адамды аты-жөнімен атаңыз.
4. Сабырлы тыңдаушы болыңыз.
5. Тыңдаушыңызды қызықтыратын мәселелер жөнінде сөйлеңіз.
6. Әңгімелесушіңізге шын көңілден жақсы баға беріңіз.
Іскерлік этикетке дұрыс киіну, өзін ұстай білуі, сөйлеу мәнері т.б. жатады.
Іскер адамдар арасында бұрынғы «жолдас» сөзінің орнына « ханым», «мырза» деген сөздер еніп отыр.
5. ТЫҢДАЛЫМ
Кинофильм үзіндісінен телефонмен сөйлесу әдебін тыңдаңыз. Қандай сөз тіркестер, сөздер қолданылғанын талдап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
6. Телефон арқылы саяси сұхбат.
Ресей Президенті В.В.Путин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев арасындағы телефон арқылы жасалған келіссөз «Егемен Қазақстан» №13. 20.01.2001.
Н.Ә.Назарбаев: Путин мырза, биыл көктемде Ереванда өтетін кездесуге даярлық барысында талқылайтын мәселелер жайында әңгімелессек деп едім.
В.В.Путин: Әрине, Назарбаев мырза! «Шанхай бестігінің» алдағы кездесуіне мен даярмын. Каспий өңірі мемлекеттері басшыларының Түркменстандағы кездесуі алдында Сізбен кездесіп, сұхбаттасармыз деп ойлаймын.
Н.Ә. Назарбаев: Оған келісемін. Аталған мәселелер туралы жазылған анықтамалар мен құжаттарға Сіз келісесіз бе?
В.В.Путин: Сөз жоқ келісемін, Назарбаев мырза! Алда да осылай келісім табатынымызға сенемін.
Н.Ә. Назарбаев: Рақмет! Келіссөзіміздің жалпы нұсқасын Баспасөз агенттігі жариялайтын болады. Іске сәт, Путин мырза. Сау болыңыз!
7. ЖАЗЫЛЫМ
Кеңес, жиналыс, мәжілістің кіріспе сөзін әзірлеңіз.
........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................