ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 3
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
МИФ апталығы
Тақырыбы:
«ХХI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры
М – математика ғалымдар патшасы
И – информатика ақпараттар ғылымы
Ф – физика табиғаттың патшасы
Апталықтың мақсаты:
- оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту;
- логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру;
- білімдерін жүйелі болуын қамтамасыз ету.
Атақты МИФ ғалымдарының Қанатты сөздер
Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
КАРЛ ФРИ́ДРИХ ГА́УСС (1777 – 1855)
Неміс математигі, механик, физик, астроном және геодезист
Математика – бұл барлық ғылымдардың кілті және есігі
ГАЛИЛЕО ГАЛИЛЕЙ (1564 – 1642)
Итальяндық физик, механик, астроном, философ және математик
«Жаңа бағдарламалау тілін үйренудің бірден-бір жолы - оған бағдарламалар жазу».
БРАЙАН КЕРНИГАН (1942)
информатика саласындағы канадалық ғалым
Қазақтан шыққан үш мықты математик
Асқар Жұмаділдаев – әйгілі академик, математик. 1956 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі ауылында туған. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Ол «Төрткен» және «Төртқара» алгебрасын ойлап шығарған қазақтың тұңғыш математигі. Асқар Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Билефельд университеттерінің профессоры болды. Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында, сондай-ақ, Италиядағы А. Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында, Канададағы Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, дәріс оқыған
Мұхтарбай Өтелбаев – әйгілі академик, математик. 1942 жылы Жамбыл облысы
, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында туған. 2000 жылдан бастап Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Еуразиялық математика институтының директоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы бөлімшесі директорының орынбасары қызметін атқарады. Мұхтарбай Өтелбаев 35 жыл бойы «мыңжылдықтың 7 есебiнiң» бiреуi – Новье-Стокс теңдеуiн шешумен айналысып, 2014 жылы осы есептің жауабын тапқан.
Уалбай Өмірбаев – атақты математик. 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында дүниеге келген. 2007 жылдан бері Детройттағы Уейн университетінде сабақ береді. 2001 жылы 30 жыл бойы шешілмеген жапон математигі М.Нагатаның, 2004 жылы ағылшын математигі П.Конның есебін шешкен.
Сұрақтар:
- Атомның құрылысын ашқан кім?
- Компьютердің ауруы........?
- Үш сызықтан пайда болған фигура?
- «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені
- білдіреді?
5. “Эврика” - кімнің сөзі?
6. Кері санның көбейтіндісі?
7. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс?
8. Электр заряды жоқ бөлшектер?
9. 45 минут сағаттың қандай бөлігі?
10. Ең үлкен хорда?
(Резерфорд)
(Вирус)
(Үшбұрыш)
(Есептеуіш)
(Архимед)
(1)
(60-70 см)
(Нейтрон)
(¾ ) бөлігі
(диаметр)
1. Алғашқы әйел ғарышкер? 2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? 3. “Ақпарат” сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? 4. Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? 5. Обсерватория деген не? 6. Ең алғашқы әйел математик? 7. Екі қатынастың теңдігі? 8. Компьютердің теледидары? 9. Компьютердің ең басты бөлігі, миы? 10. Барлық екі таңбалы сандарда 5 цифры неше рет кездеседі?
(Валентина Терешкова)
(нөл)
(түсіндіру, баяндау )
(сәуле шығару)
(аспан жұлдыздарын бақылайтын орын)
(Софья Ковалевская )
(пропорция )
(монитор )
(процессор)
(18 рет)
Сұрақтар: