Файл: Павлодар аласыны 38 негізгі жалпы білім беретін мектебі кмм 1 жргізуші.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Павлодар қаласының № 38 негізгі жалпы білім беретін мектебі КММ
1 жүргізуші: Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
2 жүргізуші: Говорят, что в Новый год
Что не пожелается,
Все всегда произойдет,
Все всегда сбывается.
2 жүргізуші: Сегодня мы радостно приветствуем вас. Всем гостям, пришедшим сюда, мы говорим: "С Новым годом! С Новым счастьем!"
1 жүргізуші: Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл!
1.Жана жыл әнімен 5-6 сынып вокалдық тобын қарсы аламыз
Барыспен_қоян_шығады__баянмен_шығады.)__Қоян'>(Ортаға Барыспен қоян шығады баянмен шығады.)
Қоян: Мәссаған, Барыс қарашы, қаншама халық келген. Мен осыншама үлкендермен балаларды ешқашан көрген емеспін.
Барыс: Ал мен көрдім. Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің.
Барыс: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме?
Мен әлемге әйгілі жануармын. Ал менің атым...Барсик
Барлығы: Барсик
Қоян Ал менің – менің атым кім?
Барлығы: Зайчик
Қоян: Мәссаған - қандай ақылды балалар! Ал енді Барыс, біздің жаңа әнімізді айтсақ қайтеді.
Барыс: Айтсақ айтайық.
(Әннің қазақша нұсқасын айтады)
Орманда шырша өсіпті әні
1 жүргізуші: Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай.
2 жүргізуші: Едет, едет Дед Мороз,
Дед Мороз - Красный нос.
Впереди метели, вьюги,
Мои верные подруги.
Едет, едет Дед Мороз,
Дед Мороз - Красный нос!
1 жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақыралық.
Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
(В далеке слышен звон бубенцов).
(Аяз ата, Ақшақар Қоянды жетектеп алып кіреді)
Аяз ата: Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Ақшақар:
Я - снегурочка,
На свете нет нигде другой такой.
Я люблю мороз и ветер,
Вихри снежною зимой,
А сегодня вместе с вами
Я встречаю Новый год.
Қоян: Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан», «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Аяз ата: Год промчался белой птицей
День за днем, за годом год.
И куранты там, в столице,
Вновь пробьют 12 раз.
Ақшақар: Новый год - он рядом, близко,
Смех и песни там и тут.
И огней бенгальских брызги
Заискрятся, зацветут!
2 жүргізуші: Совсем немного времени осталось старому году. Новый год уже на пороге. Учителя, учащиеся, школа, вся страна подводят итоги уходящего года.
(Қоян шығып, билей бастайды).
Аяз ата: Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бәрімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Қоян: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалған екенсіздер.
1 жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Жаңа жыл (Қоян): Өмір бізде қайғы мұңсыз,
Жаңа жылды қарсы аламыз.
Міне, біздің шырша сұлу,
Шақырады біздерді.
Ақшақар: Кәне, балалар енді бар өнерлеріңді ортаға салыңдар, Аяз ата шаршағанын бассын.
Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!
2 жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса, сахнаға жақындап көрсетіңдер.
(Балалар өз өнерлерін көрсетеді)
Олай болса 6А-сынып оқушыларының видео құттықтауын қабыл алыңыздар
5 А құттықтау
5Ә құттықтау тақпақтар
5-6 клас поздравления
7 а сынып
7-8 сынып
8А сынып
9Б класс
9А класс
Аяз ата:
Жарайсыңдар, балалар.Өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмай, әрі қарай самғасын. Кәне, Ақшақар, сыйлықтарыңнан үлестіріп жібер балаларға.
1 жүргізуші: Күштерін әлі бар ма? Шаршаған жоқсыңдар ма? Онда бәріміз ән айтайық.
(Хоровод №3)
Би (аяз атамен бірге)
Барыс жылы: Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Барыс жыл: Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Барыс жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12 жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
(Барыс шығып кетеді)
2 жүргізуші: Ендігі кезек марапаттау рәсіміне де жетті. Келесі сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
(Балаларды марапаттау сәті)
Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,
Аман – есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!
Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!
(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)
2 жүргізуші: И в этот час душевного прощанья
Всем дорогим и милым нам друзьям
Мы говорим: "До нового свиданья,
До новых встреч, желаем счастья вам!"
1 жүргізуші: Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
2 жүргізуші: Вот и бал наш новогодний
Нам заканчивать пора.
Счастья, радости, успехов
Всем желаю, детвора.
Новый год нам радость
И веселье принесет!
С Новым годом! С новым счастьем!
С добрым утром, Новый год!