ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ресей үкіметі ХVІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда классикалық үлгідегі отарлау    саясатын жүргізді. Патша үкіметінің отарлауда қолданған әдістері- әскери, экономикалық, саяси, демографиялық, мәдени. Соған сәйкес, отарлау саясатының зардаптары барлық салаға әсерін тигізді: Ұқсастықтары:1.Экономикалық  зардаптары:   Қазақстан   патшалық Ресей экономикасы үшін ұзақ уақыт шикізат көзі, өнім өткізетін нарық, арзан жұмысшы қолы, алым-салық алып отыратын аймақ болды, қазақ жерінің жер асты, жер үсті байлығы Ресейге тасылып әкетіліп, шұрайлы жер, өзен-көлді пайдалану құқын да өздеріне қалдырды. Кеңестік кезеңде де патшалық отарлау әрі қарай жалғасын тапты. Голощекиндік индустрияландыру жылдарынан бастау алған Қазақстанды «орталықты шикізатпен қамтамасыз ететін аймақ» ретінде қалыптастыру және Қазақстанда «ірі, орта емес, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ кәсіпорындар салу» бағыты 50-80 жылдары жалғасын тауып, өнеркәсіптің «Б» тобына (өңдеуші) қарағанда «А» тобы (өндіруші) дамытылды.

  1. Демографиялық зардаптары: Патша үкіметі кезінде отарлау ісіне әскерилер, казактар, орыс помещиктері мен шаруалары, орыс қоғамының басқа да сословиелері белсене атсалысты. Отарлаушы әкімшілік жаппай қоныс аударуға, әсіресе ішкі губерниялардағы жерсіз шаруаларды кеңінен тартты. Олар биліктің жергілікті жердегі тірегіне айналды. Патша үкіметі славяндық элементтерді көбейте отырып, жергілікті халықты ассимиляцияға ұшыратуды көздеді. Оларға қазақтың шұрайлы жерлері тартып алынып беріліп, салық т.б. әлеуметтік салада жеңілдіктер жасалды. Қазақ өз жерінде отырып, жерден тарлық көрді.Кеңес үкіметі тұсында жаппай қоныс аудару саясаты соғысқа дейінгі және соғыс жылдарындағы депортация, тың игеру, өнеркәсіп орындарын салумен қатар жүріп, славян тектестер және әр түрлі ұлт өкілдері келіп Қазақстанды «ұлттардың қайнаған қазанына» айналдырды. Қазақ өз жерінде аз ұлтқа айналды. Оның тілдік, әлеуметтік, рухани саладағы зардаптарын әлі күнге дейін көріп келеміз.

  2. Рухани зардаптары: Патша үкіметі орыс емес ұлттарды, соның ішінде қазақтарды орыстандыру және шоқындыру саясатын жүргізді. Мешіт, медресе, мұсылмандық мектеп салу ісіне қысымшылық көрсетіліп, жоғары оқу орындары атымен болған жоқ. ХІХ ғасырдан бастап ақырындап алфавитті өзгерту бағытында жұмыстар жасалды. Орыс мектептері көбейтіліп, медреселерде орыс тілін оқыту міндетті болды. Дегенмен, патша үкіметі бұл бағытта өз мақсаттарына толық қол жеткізе алмады. Рухани салада патша үкіметі қол жеткізе алмаған мақсаттарға кеңес өкіметі қол жеткізе алды деп айтуға болады. Кеңестік дәуірде қазақ мектептерін мүлдем азайту, орыс мектептерін көбейту, жоғары оқу орындарының көпшілігі орыс тілінде оқытуы, маман-кадр мен маманданған жұмысшыны шеттен алдыру, Қазақстанда дайындамау, алфавитті екі рет өзгерту, атеизм саясаты нәтижесінде дінге мүлдем тыйым салып, дінсіздендіру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді ескіліктің қалдығы ретінде жою қазақ халқын рухани құлдыратып, тамырынан үзді.

  3. Саяси отарлау зардаптары: Патша үкіметі қазақ халқын мемлекеттіліктен айыру мақсатында 1822,1824 жылы алдымен Орта және Кіші жүзде хандық билікті жойды, 1867-1868 және 1886-1891жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар (аумақтық, басқару, сот, салық) арқылы қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Кеңес өкіметі қазақ жерінде белгілі-бір дәрежеде кеңестік негізде мемлекет құрғанмен, 1991 жылға дейін Ресейге тәуелділік, отарлық жағдайы өзгерген жоқ. Қазақ мемлекетінің өзін-өзі саяси, экономикалық, тіпті мәдени жағынан басқару құқы орталыққа тәуелді болып келді.

  4. Жер мәселесі: Патша үкіметі заң тұрғысынан алғаш рет 1868 жылғы


«Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды. 1886, 1891 жылғы ережелерде арнайы жерге байланысты баптар енгізіліп, енді «көшпелілер иемденген жерлер, оның бар байлығы, оның ішінде орманы мемлекеттік меншік болып саналады» делінді. Нәтижесінде, қазақ жерін көптеп тартып алып,қоныс аударушыларға берілді. Кеңес өкіметі тұсында да белгілі-бір дәрежеде қазақ мемлекетінің тұтастығына қол сұғылып отырды, орталық қазақ жерін өз қалауынша өзге одақтас респубикаға беріп жіберіп отыру әрекеттері кездесті (Ресей, Өзбекстан т.б.).

Айырмашылықтары:Жер мәселесі: Дегенмен, кеңестік кезеңде жер мәселесінде қазақ халқының мүддесіне сәйкес өзгерістер жүргізілді. Кеңес өкіметі орнаған соң патша үкіметі кезіндегі тартып алынған жерлер қайтарылып, заң бойынша қазақ мемлекетінің меншігі деп жарияланды, шекаралар анықталды.

Қуғын-сүргін: Патша үкіметі кезінде көбінесе қазақ жері саяси айып тағылған зиялыларды жер аударатын аймақ ретінде пайдаланылып, қазақ азаттық күрес өкілдерін, саяси айыптыларды қара жұмысқа айдау, абақтыға отырғызу сияқты жазалау түрлері қолданылып, саяси қызметіне тыйым салды, бірақ жаппай жазалау саясаты қоданылмады.Кеңестік дәуірде зиялыларды жаппай жазалау(ату жазасы) арқылы, қазақ халқын рухани әлеуетінен айырды деуге болады.