А-ТОБЫ
|
-
Толтыра сұйық құйылған ыдысқа әсер ететін ауырлық күші 28 Н. Егер бос ыдыстың массасы 1,8 кг, ал ыдыстың көлемі 2 л болса, ыдыстың ішіне қандай сұйық құйылған?
-
Дүкеннен 2 кг нан, 5 кг картоп, 400г май және 1 кг 200 г ет сатып алынды. Сатып алынған нәрселердің жалпы салмағын анықта.
-
Динамометрдің серіппесі 4 Н күштің әсерінен 5 мм-ге ұзарды. Осы серіппенің 16мм ұзартатын жүктің салмағын анықта.
-
Массасы 0,5 кг ыдысқа көлемі 4 л керосин құйылды. Осы ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек. к800 кг/м3.
|
Б -ТОБЫ
|
-
5Н күшпен әсер еткенде серіппе 8 см ұзарды. Осы серіппеге 7 Н күш әсер етсе, ол қанша ұзарар еді?
-
Радиусы 10 см, қалыңдығы 1 см іші қуыс мыстан жасалған шардың салмағы қандай болады? м8900 кг/м3.
Ескерту: - шар көлемі, R – шардың радиусы
|
С-ТОБЫ
|
-
Темір цилиндрдің биіктігі 30 см, оның табанының сыртқы радиусы 15 мм, ал ішкі радиусы 13 мм. Осы цилиндрдің салмағы неге тең? Цилиндрдің көлемі V=R2h, т7,8 г/см3.
|
А-ТОБЫ
|
-
Ішінде суы бар ыдыстың салмағы 2,5 Н. Егер бос ыдыстың массасы 120 г болса, ыдыстың ішіндегі судың көлемі қандай? с103 кг/м3.
-
Егер серіппені 120 Н күшпен созса, ол 4 см-ге ұзарады. Осы серіппе 90 Н күштің әсерінен қанша сығылар еді?
-
Ұзындығы 4 м, ені 20 см, қалыңдығы 4 см, шырша тақтайдың салмағы қандай? ш600 кг/м3.
-
Горизонталь қозғалып келе жатқан машинаға двигательдің 1,25 кН тарту күші, 600 Н үйкеліс күші, ауаның 450 Н кедергі күші әсер етеді. Осы күштердің тең әсерлі күштері неге тең?
|
Б-ТОБЫ
|
-
Массасы 240 г бос ыдысқа көлемі 75 см3 су құйылған. Суы бар ыдыстың салмағы қандай? с103 кг/м3.
-
1 мин ішінде адам демін ішке 15 рет тарқанда өкпесіне 600 см3 ауа келеді екен. Бір сағатта адамның өкпесі арқылы өтетін ауаның салмағын есептеп шығарыңыздар. ауа1,29 кг/м3.
|
С-ТОБЫ
|
-
Динамометірге өлшемдері 8х3х0,3 см мыс білеушені ілген кезде, серіппе 1,9 см-ге ұзарды. Егер динамометрдің бөліктер құны 0,1 Н болса, онда әр бөліктің арасының ұзындығы қандай болады? М8,9 г/см3.
|
А-ТОБЫ
|
-
Өлшемдері 5х7х10 см мыс білеуше үстел үстінде жатыр. Осы білеушенің салмағы қандай? м8900 кг/м3, g10 Н/кг.
-
Массасы 1 кг ыдысқа көлемі 5 л керосин құйылған. Ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек? к800 кг/м3.
-
Көлемі 65 см3 мырыштың салмағы қандай? м7100 кг/м3.
-
Кеме бір-біріне тіркелген үш баржаны сүйреп келеді. Су бірінші баржаға 9000 Н, екіншісіне – 7000 Н, үшіншісіне – 6000 Н кедергі күшін түсіреді. Кеменің өзіне түсіретін судың кедергі күші 11 кН. Баржалар бір қалыпты қозғалады деп есептеп, осы баржаларды тартқанда, кеменің өндіретін тарту күшін анықта.
|
Б-ТОБЫ
|
-
2,5 Н күшпен әсер еткенде серіппе 4 см ұзарды. Осы серіппеге 3,5 Н күш әсер етсе, ол қанша ұзарар еді?
-
Іші қуыс шойыннан жасалған кубтың қырының ұзындығы 12 см. Егер осы кубтың салмағы 50 Н болса, куб қабырғасының қалыңдығы қандай болады? ш7000 кг/м3.
|
С-ТОБЫ
|
-
Биіктігі 30 см, ені 20 см, қалыңдығы 3 мм, алюминийден “П” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей, 5 см-ден. Осы әріптің салмағы қандай? А2,7 г/см3.
|
А-ТОБЫ
|
-
3 кН күш 600 см2 ауданға біркелкі әсер етеді. Қысым (Паскаль есебімен) қандай?
-
Гидравликалық престің кіші поршеньіне 200 Н күш әсер етеді. Егер кіші поршеньнің ауданы үлкеніне қарағанда 25 есе кіші болса, үлкен поршеньге қандай күш әсер етер еді?
-
Гидравликалық көтергіштің үлкен поршеньінің ауданы 375 см2. Кіші поршеньнің ауданы қандай болғанда, оған 160 Н күшпен әсер етіп, салмағы 12 кН жүкті көтеруге болады?
-
Массасы 45 кг, ал бір аяқкиімінің табанының ауданы 150 см2 болатын бала, еденге қандай қысым түсіреді?
|
Б-ТОБЫ
|
-
U тәрізді қатынас ыдыстың ішінде су бар. Ыдыстың ендісінің көлденең қимасының ауданы, жіңішкесінен 4 есе үлкен. Қатынас ыдыстың жіңішке жағына бағанының биіктігі 20 см болатындай керосин құйылса, ыдыстың үлкен бағанындағы су деңгейі қанша көтеріліп, жіңішке жағындағысы қанша түсер еді?
-
Гидравликалық машинаның кіші поршеньі 100 Н күштің әсерінен 8 см түседі. Егер үлкен поршеньнің жүгімен салмағы 1,6 кН болса, ол қандай биіктікке көтеріледі?
|
С-ТОБЫ
|
-
Тіктөртбұрышты параллелепипед пішінді ыдыстың ішіне салмақтары бірдей сынап және су құйылған. Сынап қабатының биіктігі 6 см болса, су қабатының биіктігі қандай болады. сын13,6103 кг/м3, су103 кг/м3.
|