А-ТОБЫ
|
-
Қуаты 2 кВт болатын жүк көтеретін кран жүкті 40 с ішінде 15 м биіктікке көтереді. Жүктің салмағы қандай?
-
Массасы 4 кг денені 120 см биіктікке көтеру кезінде атқарылған жұмысты анықта.
-
Шығырлар жүйесі тепе-теңдікте тұру үшін (сурет), F күшінің шамасы қандай болу керек? (Шығырдың салмағы мен шығырдың үйкеліс күші ескерілмейді).
-
Ат арбаға 400 Н күш түсіре отырып, 0,8м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартып келеді. 1 сағатта ол қандай жұмыс істейді?
|
Б-ТОБЫ
|
-
Шығырлар жүйесі тепе-теңдікте болу үшін (сурет) F күшінің шамасы қандай болу керек? Жүктің массасы 10 кг.
-
Өзен түбінен массасы m=5 кг көлемі V=2 дм3 тасты судың бетіне көтеріп шығару үшін, қандай жұмыс істеу керек? Өзеннің тереңдігі h=7 м.
|
С-ТОБЫ
|
-
Ұзындығы 1 м сырық, параллель орналасқан екі динамометрге ілініп тепе-теңдікте тұр. Бірінші динамометр сырықтың сол жақ ұшынан 10 см қашықтыққа ілінген, оның көрсетуі 20 Н. Екінші динамометр сырықтың оң жақ ұшынан 30 см қашықтыққа ілінген болса, сырықтың массасы неге тең?
|
А-ТОБЫ
|
-
Массасы 3 кг шойын қазанды 200С-тан 2700С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? Шойынның меншікті жылу сыйымдылығы 540 Дж/кг0С.
-
Көлемі 5 м3 құрғақ қайың толық жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? q=13106Дж/кг, 0,7103 кг/м3.
-
Массасы 50 г шыны ыдыстың ішіндегі массасы 200 г спиртті 180С-тан 480С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? сш840 Дж/кг0С, сс2500 Дж/кг0С.
-
ПӘК-і 40 пеште 0,5 кг ағаш көмірін жағып көлемі 100 л суды қанша градусқа дейін жылытуға болады? с4200 Дж/кг0С, 1000 кг/м3, q=34106Дж/кг.
|
Б-ТОБЫ
|
-
Спирт шамымен массасы 400 г суды 160С-тан 710С-қа дейін қыздырды. Ол үшін 10 г спирт жанған болса, қондырғының ПӘК-і қандай? с4200 Дж/кг0С, q=27106 Дж/кг.
-
Массасы 120 г күміс кесегі 660С-тан 160С-қа дейін суығанда қоршаған ортаға 1,2 кДж жылу береді. Күмістің меншікті жылу сыйымдылығы қандай?
|
С-ТОБЫ
|
-
Температурасы 420С, массасы 6 кг суға температурасы 720С, массасы 4 кг су құйды. Оған тағыда, температурасы 180С, массасы 20 кг су құйылса, қоспаның температурасы қандай болған?
|
А-ТОБЫ
|
-
Массасы 4 кг кірпішті t10=630С-қа қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері, массасы осындай суды t20=13,20С-қа дейін жылытуға қажетті жылу мөлшеріне тең болса, кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы қандай болар еді? ссу4200 Дж/кг0С.
-
Массасы 100 г бензин толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлщеріндей жылу алу үшін, қанша тас көмір жағу керек? qб=4,6107Дж/кг, qк=3107Дж/кг.
-
Қоспа 500 г су мен 100 г спирттен тұрады. Осы қоспаны 200С-тан 600С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? ссу4200 Дж/кг0С, сс2500 Дж/кг0С.
-
Массасы 120 г жез калориметр ішінде 160С-тағы массасы 200 г су бар. Осы суға массасы 150 г металл құймада жасалған температурасы 1000С дене салынды. Осыдан кейін калориметрдегі температура 220С болды. Құйманың меншікті жылу сыйымдылығын есептеп шығар? сж380 Дж/кг0С, ссу4200 Дж/кг0С.
|
Б-ТОБЫ
|
-
Спирт шамына 40 г спирт құйылған. Егер оның ПӘК-і 80-ке тең болса, спирт шамымен қанша суды 200С-тан қайнағанға дейін қыздыруға болады? с4200 Дж/кг0С, q=27106 Дж/кг.
-
Температурасы 200С болатын 400 л су температурасы 700С, 100 л сумен араластырылған. Қоспаның температурасы қандай?
|
С-ТОБЫ
|
-
Жылу сыйымдылығы 63Дж/0С калориметрге температурасы 150С болатын 200 г су құйылып, оған 1000С температурадағы мыс дене салынды. Сол кезде калориметрдегі температура 17,50С болды. Сонан соң калориметрдегі суды төгіп массасы сондай сұйықпен алмастырады. Оның бастапқы температурасы 16,50С, соңғы температура 190С болса, белгісіз сұйықтың меншікті жылу сыйымдылығын тап. (Ссm, яғни жылу сыйымдылығы меншікті жылу сыйымдылығы мен массасының көбейтіндісіне тең). ссу4200 Дж/кг0С.
|
А-ТОБЫ
|
-
Массасы 2 кг табиғи газ толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? q=4,4107Дж/кг.
-
Массасы 1 кг сутегі толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері сондай құрғақ қайың толық жанғанда бөлініп шығатын жылудан неше есе артық? qс=120106Дж/кг. qа=13106Дж/кг.
-
Массасы 1,6 кг мыс ыдыстың ішінде массасы 2,3 кг су бар. Осы ыдысты суымен 100С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? ссу4200 Дж/кг0С, см380 Дж/кг0С.
-
Газ плитасының үстінде тұрған массасы 2 кг алюминий ыдыстың ішіндегі массасы 1 кг суды 200С-тан 800С-қа дейін қыздыру үшін қанша табиғи газ жағу қажет? (Шығын ескерілмесін). с4200 Дж/кг0С, q=44106Дж/кг, са920 Дж/кг0С.
|
Б-ТОБЫ
|
-
ПӘК-і 40 керосин жанарғысында әр минут сайын 3 г керосин жанады. Көлемі 1,5 л суды 100С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін қанша уақыт қажет? с4200 Дж/кг0С, q=46106 Дж/кг.
-
Әрқайсысының массасы 20 г, температурасы 180С алюмийниден жасалған 150 қасықты жуу үшін ішінде 3 л ыстық суы бар ыдысқа салды. Қасықтардың бәрі лезде 480С-қа дейін ысыды. Осы уақыт ішінде су неше градусқа суыды? (t-?) с4200 Дж/кг0С, са880 Дж/кг0С.
|
С-ТОБЫ
|
-
Жалпы массасы 150 г, температурасы 1000С қорғасын мен алюминий ұнтағы ішінде суы бар калориметрге салынды. Судың температурасы 150С, массасы 230 г. Ұнтақ салынғаннан кейін ақырғы температурасы 200С болды, калориметрдің жылу сыйымдылығы 42 Дж/0С (Ссm). Қоспада қанша қорғасын және қанша алюминий болған? сқ130 Дж/кг0С, са880 Дж/кг0С, ссу4200 Дж/кг0С.
|
А-ТОБЫ
|
-
Массасы 10 г керосин толық жанғанда бөлініп шығатын барлық жылу мөлшері массасы 22 кг суды ысытуға жұмсалса, судың температурасы неше градусқа өзгереді? с4200 Дж/кг0С, q=4,6107Дж/кг.
-
Массасы 100 кг шымтезек толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? q=14106Дж/кг.
-
Массасы 880 г суды 00С-тан 1000С-қа дейін қыздыруға кеткен жылу мөлшері массасы 2 кг алюминийді қанша градуска ысытады? ссу4200 Дж/кг0С, са920 Дж/кг0С
-
Массасы 22 кг, температурасы 200С-ғы суды қайнау температурасына дейін жеткізу үшін қанша керосин жағу керек? (Шығын ескерілмесін). с4200 Дж/кг0С, qк=46106Дж/кг, t20=1000С
|
Б-ТОБЫ
|
-
ПӘК-і 30 пеште 0,5 кг ағашты толық жағып, қанша суды қайнатуға болады? Судың бастапқы температурасы 100С. с4200 Дж/кг0С, q=10106 Дж/кг.
-
Массасы 120г жез калориметрдің ішінде массасы 0,2 кг, температурасы 160С су бар. Осы калориметрге массасы 0,15 кг, температурасы 1000С дене салынды. Cол кезде пайда болған коспаның температурасы 220С болса, калориметрге салынған дененің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? ссу4200 Дж/кг0С, сж380 Дж/кг0С.
|
С-ТОБЫ
|
-
Жалпы массасы 50 г, температурасы 136,40С қорғасын мен мырыш ұнтағы ішінде суы бар калориметрге салынды. Калориметрдегі судың температурасы 140С, ал массасы 100 г. Ұнтақ салынғаннан кейін ақырғы температурасы 17,750С болды. Калоиметрдің жылу сыйымдылығы С1с1m150,4Дж/0С болса, қоспада қанша қорғасын және қанша мырыш болған? сқ140 Дж/кг0С, см380 Дж/кг0С.
|
А-ТОБЫ
|
-
Мыс бөлшегінің массасы 200 г, температурасы 3650С. Егер мыстың температурасы 150С-қа дейін төмендесе қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін берер еді? с380 Дж/кг0С.
-
Көлемі 3 л керосинді көлемі 1 л спиртпен араластырды. Осы отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай? qк=4,6107Дж/кг, qс=2,7107Дж/кг, к800 кг/м3, сп800 кг/м3
-
Ыдыстың ішіндегі 5 л қайнаған су өзін қоршаған ортаға 1680 кДж энергия бөле отырып, қандай температураға дейін суыйды? с4200 Дж/кг0С, с1000 кг/м3.
-
Массасы 200 кг, температурасы 250С-ғы суды қайнау температурасына дейін жеткізу үшін, қанша спирт жағу қажет? (Шығын ескерілмесін). с4200 Дж/кг0С, q=27106Дж/кг.
|
Б-ТОБЫ
|
-
ПӘК-і 75 газ плитасында 21 кг газды толық жағып, қанша суды қайнау температурасына дейін жеткізуге болады? Судың бастапқы температурасы 200С-қа тең. с4200 Дж/кг0С, q=4,4107 Дж/кг.
-
175 г су спирт шамымен 150С-тан 750С-қа дейін қыздырылды. Оның спиртімен қоса алғандағы бастапқы массасы 163 г, ал қыздыру аяқталғаннан кейінгі массасы 157 г болады. Қыздырғыштың ПӘК-ін тап. с4200 Дж/кг0С, q=2,7107 Дж/кг.
|
С-ТОБЫ
|
-
Массасы mк75 г калориметрдің температурасы tк50С. Калориметрге массасы mс32 г, температурасы tс200С сұйық құйылды. Белгілі уақыттан соң жалпы температура 1150С болды. Осы ыдысқа тағыда массасы mм400 г, температурасы tм80С мыс кесегі салынды, сондан калориметр ішіндегі температура 2=120С болса. Калориметр мен сұйықтың меншікті жылу сыйымдылығын анықта. см380 Дж/кг0С.
|
А-ТОБЫ
|
-
Массасы 200 кг темірдің температурасы 8000С-тан 150С-қа дейін өзгерді. Ол суыған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай? ст500 Дж/кг0С.
-
Массасы 9 кг таскөмір толық жанғанда 2,7108 Дж жылу бөлініп шығатын болса, таскөмірдің меншікті жану жылуы қандай?
-
300 кірпіштен қаланған пеш 700С-тан 200С-қа дейін суығанда қанша жылу мөлшерін беретінін есепте. Бір кірпіштің массасы 5 кг. с750 Дж/кг0С.
-
Массасы 100 г, температурасы 200С кесеге, массасы 200 г қайнаған су құйылды, осыдан кейін кеседегі температура 930С болды. Кесенің меншікті жылу сыйымдылығын есептеп шығар. с4200 Дж/кг0С.
|
Б-ТОБЫ
|
-
Сыйымдылығы 300 л ваннаны жуынуға дайындау үшін 50С салқын суды 710С ыстық сумен араластырды. Температура 350С болу үшін судың әрқайсысынан қандай көлемде алу керек?
-
Керосин жанарғысында 0,8 л керосин бар. Егер оның ПӘК-і 40-ке тең болса, ол толық жанғанда неше литр суды 100С-тан қайнау температурасына дейін қыздыруға болады? с4200 Дж/кг0С, q=46106 Дж/кг.
|
С-ТОБЫ
|
-
Массасы 100 г шыны ыдысқа массасы 200 г су құйылды. Бұл екеуінің температурасы 750С. Осы ыдысқа массасы 80 г, температурасы 150С күміс қасық салынса судың температурасы қалай өзгереді? сш830 Дж/кг0С, ссу4200 Дж/кг0С, ск230 Дж/кг0С.
|