ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түркістан облысы
Сайрам ауданы
№93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі КММ
4-5 сыныптар
РОБОТОТЕХНИКА
Сабақтың тақырыбы:
«Роботтар әлемінде»
Информатика пәні мұғалімі: Кошикова Дана
2021 – 2022 оқу жылы
ДОІЖО: Б.Қыдырова
Мерзімі: | 21.04.2022 жыл | | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Роботтар әлемінде» | | |||||||||||||||
Жалпы мақсаты: | Білімділік: оқушылардың робототехника пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Дамытушылық: ойлау қабілеттеріндамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру. Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, роботтар тарихын білуге тәрбиелеу. | | |||||||||||||||
Оқу нәтижесі: | Робототехника үйірме, информатика пәнінен алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, информатика және робот техникасы негіздерін өмірде және практикада қолдана алады. 1.Оқушылар конструкторлық, шығармашылық қабілеттерін практикада қолдана алады.
| | |||||||||||||||
Сілтеме және көрнекіліктер | Ресурстар, компьютер, слайд-презентация, видеожазба, плакат стикерлер мен маркерлер, А /4-3 парақтары мен интерактивті тақта. | | |||||||||||||||
Түйінді идеялар: |
| | |||||||||||||||
Оқыту әдіс-тәсілдері: | топтық жұмыс, АКТ, диалог. сұрақ-жауап, сұхбат, түсіндіру әдісі. | | |||||||||||||||
Пән аралық байланыс | Информатика: бағдарламалау | | |||||||||||||||
№ | Уақыты | Тапсырмалар | Мұғалімнің іс- әрекеті | Мақсаты | Оқушылардың іс- әрекеті | | |||||||||||
| | | | | | | |||||||||||
1 | 2 минут | 1.Шаттық шеңбері. 2. робот бөлшектерінің суреттерін таңдау арқылы топқа бөлу. /коллаж әдісі/ | 1. «Досымның қасиеті» тренингі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру. 2. Топқа бөлу. Топ басшылары сайланады. | Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, әр оқушының жақсы қасиеттерін айту арқылы сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату. 2.Қима суреттері арқылы 2 топқа бөлінеді. 1 топ - Моторлар тобы 2 топ – Датчиктер тобы | | ||||||||||||
2 | 5 минут | Үй тапсырмасы «Сұрақ-жауап» әдісі | Алдыңғы сабақтарда өткен материалдары еске түсіру. Презентациялық слайд көрсету. -Робот дегеніміз не? -Роботтар не үшін қажет? -Робототехниканы қолданатын салалар? -EV3-дегеніміз не? -LEGO® MINDSTORMS® EV3 жинағының шығу тарихы -EV3 роботының негізгі құрылғыларын атап шығыңдар. -Мотор дегеніміз не? -Датчик дегеніміз не? -Жарайсыңдар оқушылар. | 1.Оқушылар жауабы тыңдалады. 2.Оқушылар сұраққа жылдам жауап беріп, ұпай жинап отырады. 3. Белгілермен бағалау | | ||||||||||||
3 | 5 минут | «Миға шабуыл» әдісі | Қызығушылығы мен зейінін шоғырландыру мақсатында «Роботтың құрылғылары туралы» бейнетаспаны көрсету. Сонымен бейнетаспа не туралы? Ол қандай роботтар? Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Бүгін біз робот техникасының сыныптан тыс сабағын жарыс түрінде өткіземіз. Жарысымыз «Роботтар әлемінде» деп аталады. | 1.Видеороликтен алған әсерімен бөлісу. 2.Екі топ өз ойларын ортаға салады. Белгілермен бағалау. 3. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. | 1.Оқушылар жауабы тыңдалады. 2.Оқушылар сұраққа жылдам жауап беріп ,ұпай жинап отырады. | | |||||||||||
| | | | | | ||||||||||||
4 | 12 минут | «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Практикалық жұмыс | LEGO® MINDSTORMS® EV3 программалау ортасында сумо роботын жүргізуге арналған программасын құру. | 1. Екі топтың оқушылары программа құрады, алдын ала құрастырылған роботтарға программаны жүктейді, жүргізеді | | ||||||||||||
5 | 2 минут | Сергіту сәті “Роботтар” биі | Бейне көрсетілім арқылы оқушыларға сергіту сәтін жасату. | 1.Оқушылардың көңіл-күйін және бойын сергіту. | | ||||||||||||
6 | 7 минут | «Суретші» Аукцион әдісі Постер қорғау | 1.«Экспо-2017» көрмесіне қандай роботтар ұсынар едіңдер? (Постер қорғау бейнекөрсетілімнен көрген видеоға байланысты постер жасап, қорғау, талдау) | 1.Екі топ өз ойларын ортаға салады. Оқушылар қағаз бетіне өз қиялындағы робот модельін түсіріп,оны қорғап шығады. | | ||||||||||||
7 | 5 минут | №4 сайыс «Ой қозғау» әдісі Тест тапсырмалары | Оқушылар Plickers бағдарламасы арқылы тест сұрақтарына жауап беріп ұпай жинайды. | Оқушылардың терең ойлау дағдыларын қалыптастыру | | ||||||||||||
8 | 2 минут | Кері байланыс «Табыс ағашы» әдісі | -Біздің сабағымыз аяқталуда. Сабақ үстінде керемет ағаш өсті, сол ағаш арқылы сіздердің әрбіреулерін сабақтың пайдасын немесе сабақтың пайдасыз болғанын көрсете аласыздар. Егер сабақ жемісті болса, мақсатына жетсе – онда ағашқа қызыл алманы іліндер. Егер сабақ жақсы өтсе, бірақ одан да жақсы өткізуге болатын болса -онда сары алманы жабыстырындар. Егер сабақ басқа сабақтан айырмашылығы болмаса және ешқандай жаңалық әкелмесе – онда жасыл алманы жабыстырыңдар. Үлестірмелер: қызыл, сары, жасыл түсті стикерлер. | 1.Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі. 2.Оқушылар бүгінгі сабаққа түйін жасап, не ұнады, не ұнамады сонымен қатар не білгенін жазып алма ағашына іледі. | | ||||||||||||
9 | 1 мин | Үйге тапсырма | Үй тапсырмасын түсіндіреді | Шынында да робот – біздің болашағымыз ба? Өз ойларын жазып келу. | | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | |||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау. Топбасшыларынан критерий арқылы бағалау қорытындысын сұраймын. 1.Белсенділік танытқаны үшін 2.Маңызды пікір айтқаны үшін 3.Сұраққа жауап бергені үшін 4.Регламентті сақтағаны үшін 5. Робот құрастыруда белсенділік танытқаны үшін. Топ басшылары өз топ мүшелерінің жинаған балдарын әдістер бойынша арнайы жасалған бағалау парақшасы арқылы есептеп, бағалайды. Қорытынды бағаны жариялайды. | Пәнаралық байланыс Математика,физика Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс | |||||||||||||||
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | | ||||||||||||||||
|
Бағалау парақшасы
Әр байқау кезеңі 10 балдық ұпаймен бағаланады.
Байқаулар реттілігі | І топ | ІІ топ |
№ 1 сайыс «Сұрақ-жауап » әдісі | | |
№ 2 сайыс «Бағдарлама құру, роботты жүргізу» | | |
№ 3 сайыс «Постер қорғау» | | |
№ 4 сайыс «Тест тапсырмалары» | | |
Жалпы ұпай саны | | |