Файл: Масаты Оушыларды информатика пніне ызыушылыын арттыру, ойрісін жне танымды абілеттерін дамыту, шыармашылыа баулу, з ойын еркін жеткізе білу жне ткенді шапша еске тсіру дадыларын алыптастыру масатында сыныптан тыс тілетін сайыстарды маызы зор..doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 3
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану
«Кімде – кім көп ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді».
Мақсаты: Оқушыларды информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. «Батылдылық – балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құрамының бірі ойын екендігі белгілі.Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: Интелектуалды ойын сабағы
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер.
Қатысушылар: 11-А және 11-Б сынып оқушылары.
Дайындаған: Д.Курвантаева
Әділқазылар мүшелері: Математика, информатика пән мұғалімдерінен құралған мүше.
Алдын-ала дайындық:
Әділ қазылар алқасын тағайындау.
Командаларды ұйымдастыру: аты, капитан, ұран, эмблема.
Ойынның барысы:
Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Құрметті ұстаздар және оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Жаратылыстану пәндер апталығына» қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, жарысымызды бастаймыз
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Оқушыларды екі топқа бөлу. 1-топ «Интернет», 2-топ «Ақпарат».
Бүгінгі сайысымыз 7 кезеннең тұрады. Сайыс барысымен таныстырамыз (Слайд шоу)
Сайыс кезеңдері.
1-кезең “Таныстыру”
2-кезең “ Кім жылдам” Капитандар жарысы
3-кезең “ Компьютерлік диктант ”
4-кезең “Адасқан әріптер”
5-кезең “Quizlet ” сайкестендіру
6-кезең “Ғажайып сурет”
7-кезең “Kahoot” ойыны
Көрермен жиналған бұл тамашаға ,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолынды, білімді жас талантқа,-дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» кезенің бастаймыз.
І – кезең Таныстыру
Әр команда өзінің атын, эмблемасын және ұранын айтып, таныстырады.
(жарыс 5 ұпаймен бағаланады)
ІІ
- кезең. ”Кім жылдам” Капитандар жарысы . Бұл кезеңде әр екі топдан бір көшбашысы ортаға шығып 15 сұраққа 2 минут ішінде тура, әрі көп жауап берсе өз камандасын алдынға алып шығады. Қайсы топ көшбашысы жылдам жауап берсе оған бір ұпай беріледі. Әр сұрақтың бағалануы – 1ұпай.
-
1 байт неше биттен тұрады? 8 -
Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор -
Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі Caps Lock -
Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер -
Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы жасалды 1946 жылы -
Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель шина -
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау -
Windows - тің негізгі экраны жұмыс үстелі -
Windows сөзінің қазақша аудармасы терезе -
Жою пернесі Delete -
Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады корзина -
Ауқымды желіге қосылу үшін қажетқұрылғы модем -
Принтер құрылғысының түрлері лазерлік, матрицалық, бүріккіш -
Компьютер жанына қойылатын өсімдік кактус -
Бүкіл әлемдік желі /интернет/
ІІІ – кезең «Компьютерлік диктант»
Ережесі: Мұғалім оқып тұрады, оқушылар «Sketchup» бағдарламасында орындайды. Нәтижесінде сурет шығады. Диктантқа 10 минут беріледі.
-
Еркін радиусы бар шеңбер құру үшін Shapes (circle) құралын алыңыз. -
Push / Pull көмегімен шеңберіңізді стаканға қажетті биіктікке көтеріңіз. -
Енді Shapes (circle) құралы еркін радиустың ішкі шеңберін тартыңыз. Бірақ шеңбердің қабырғалары тым қалың болмауы керек екенін ескеріңіз. -
Сіз Push/Pull құралын алып, ішкі шеңберді босатыңыз. Түбін қалдыруды ұмытпаңыз!
Стаканға арналған тұтқа жасаңыз:
1. Lines құралын пайдаланып, еркін ұзындықтың тік кесіндісін жасаңыз.
2. Arcs құралын қолдана отырып, сіз сызыққа доғаны тартасыз, ол үшін кесіндінің ұштарын басып, тартасыз.
3. Сол сияқты сіз ішкі доғаны тартасыз.
4. Eraser көмегімен ішкі доғаны өшіресіз, ішкі доғаның сызығын нұқыңыз.
5. Push / Pull көмегімен тұтқаға көлем бересіз, ол үшін тұтқаның қырын шертіп, қажетті көлемге дейін тартасыз.
6. Select құралын пайдаланып, тұтқамен аймақты таңдаңыз. Кезде тұтқа болғысы көк түсті, яғни ол бөлініп шығады, қараңыз барлық тұтқа бөлініп шыққанына.
7. Scale құралының көмегімен тұтқаны қажетті мөлшерге азайтып, көбейтіңіз.
8. Move құралының көмегімен сіз тұтқаны шеңбердің қабырғаларына жылжытамыз, бірақ тұтқаның шеттері бүкіл қабырға арқылы өтпеуі және олар шеңбердің ішінен көрінбеуін қадағалаңыз.
Стакан дайын
IV- кезең “Адасқан әріптер”
Кеспе қағазда ІІ топқа адасқан әріптер беріледі. Кім жылдам 2-минут ішінде көп сөз тапса әр тапқан сөзге 5 ұпайдан беріледі.
В | А | К | 3 | Д | Ж | П | Б | И | Т |
И | Р | У | С | Т | А | О | Ф | Е | Г |
М | О | Д | Е | У | С | А | Н | Д | Ы |
А | Д | Қ | М | Р | Р | Р | А | Р | А |
Ш | А | М | Ы | З | Е | Ә | Л | Е | М |
И | Б | Ұ | Л | Т | Т | Ы | Қ | Ю | А |
Н | Ш | Ы | Н | А | У | Ж | Е | Л | І |
А | О | И | Т | Д | Ы | Қ | С | І | М |
V – кезең “Quizlet ” сайкестендіру. Quizlet cайтында
Қарап тұрып бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Ойын шарты: Сайыскерлерге 10 сұрақ жауабымен араластырып беріледі.
ІІ командадан бір бірден қатысушы шығып жауаптарды сайкестендіреді.
Дұрыс сайкестікке 5 ұпай беріледі.
VI-кезең “Ғажайып сурет” Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға – 5 ұпай.
VII- кезең “Kahoot” ойыны
“Kahoot” сайтында ІІ командалар өз- ара жарысады, команда мүшелері көп сұраққа тура жауап берсе сол команда жеңімпаз атанады.
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Информатикаға-мың алғыс-деп, Ойынымыздың шешуші сәті жеңімпазды анықтап, марапаттау. әділқазылар алқасына сөз береміз.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану» жарысы өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!!!
В | А | К | 3 | Д | Ж | П | Б | И | Т |
И | Р | У | С | Т | А | О | Ф | Е | Г |
М | О | Д | Е | У | С | А | Н | Д | Ы |
А | Д | Қ | М | Р | Р | Р | А | Р | А |
Ш | А | М | Ы | З | Е | Ә | Л | Е | М |
И | Б | Ұ | Л | Т | Т | Ы | Қ | Ю | А |
Н | Ш | Ы | Н | А | У | Ж | Е | Л | І |
А | О | И | Т | Д | Ы | Қ | С | Ы | М |
В | А | К | 3 | Д | Ж | П | Б | И | Т |
И | Р | У | С | Т | А | О | Ф | Е | Г |
М | О | Д | Е | У | С | А | Н | Д | Ы |
А | Д | Қ | М | Р | Р | Р | А | Р | А |
Ш | А | М | Ы | З | Е | Ә | Л | Е | М |
И | Б | Ұ | Л | Т | Т | Ы | Қ | Ю | А |
Н | Ш | Ы | Н | А | У | Ж | Е | Л | І |
А | О | И | Т | Д | Ы | Қ | С | Ы | М |