Файл: Кні 09. 2016 Таырыбы Армысы, аяулы мектебім! Трі Алашы оырау салтанаты Жру барысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова

Күні: 1.09.2016

Тақырыбы: «Армысың, аяулы мектебім!»

Түрі: Алғашқы қоңырау салтанаты

Жүру барысы:

Жүргізуші:

Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.

-Қайырлы күн құметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы Алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Алғашқы қоңырау салтанатты жиынды ашу үшін сөз кезегі мектеп директоры Салқынбаев Мейрамбек Дөненбекұлына беріледі.

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халыққа,

Жарасады жігер берер Әнұран!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелініп, әнұран орындалады.

(Әскери жетекші Қ.Т.Қалиханов)

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

Жүргізуші: 2015 – 2016 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша хабарлама беруші мектеп директоры Салқынбаев Мейрамбек Дөненбекұлына беріледі.

Ерекше бүгінгі күн,салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған.

Өмірдің бейбіт бағы бұл,

Асудан асып асқарлы.

Мінеки, достар тағы бір,

Жаңа оқу жылы басталды.

Арайлы жаздың үш  айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя  мектебімізге оралып отырған оқушылар мен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Серікбекова Жанардың орындауында «Аяулы мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

Ерекше күн,бүгін тілек-баталар,

Ән менен жыр түлектерге арналар.
Барлығының жүретұғын ақ жолы

Құт қонақтың тілегінен нұрланар-деп бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесіне келіп отырған қонақтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.

2.

Тәуелсіздік туралы тақпақ пен сөз керек.

Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,


Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Құттықтау сөз кезегін:

1.

2.

3.

Біраз жылын осында өткізген,

Ұстаздар – ізгі пәк жандар.

Қуана шәкірт қабылдап,

Білімнің көшін жалғаңдар.

Алғашқы әріп үйретер,

Құралай Болысханқызын шәкірттерімен

қарсы алыңдар!

(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстазы жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)

Нұржігіт: Атыңнан айналайын мәңгілік ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Жанерке;Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Туғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

Назым: Менің елім – Қазақстан жүрегім,

Тек өзіңсің Отан ана тірегім,

Аман болсын елім, жерім ұрпақтар,

Тәңірден осы менің тілерім.

Мағжан: Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз,

Тәуелсіз егеменді еліміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Жанерке: Шығымды аттай бәйгеде оза шапқан,

Күн- күн сайын қарыштап алға басқан.

ТМД елдерін артқа тастап,

Гүлденген Мәңгілік ел- Қазақстан.

Нұржігіт: Дамыған елу елдің қатарында,

Қазақстан ерекше аталуда,

Инвестиция шетелден мол беріліп,

Гүлденіп күннен күнге жақсаруда.

Назым: Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,

Елбасы бастап берген саясатқа,

Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз

Жеңіске жету үшін болашақта

Мағжан. Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,

Даму үшін бірліктен қуат аламыз.

Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,

Қазақ елі- Мәңгілік ел боп қаламыз.

ӘН: «Көк тудың желбірегені»

Нұржігіт:Бүгін 1- қыркүйек білім күні

Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні,

Мектебім мінекей ақ ордам, тым асқақ,

Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.

Жүріңдер үңіліп мектептің сырына,

Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

Жанерке:Мектеп қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз.

Назым: Алты жасқа біздей толған баланы

Мектеп ана құшағына алады.

Ата- ана қуаныңыз шаттанып,

Шәкірт болды міне енді балаңыз.

Мағжан: Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асамын,

Мектепке асыға барамын.

Нұржігіт:Мен оқушы боламын,



Болам жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары.

Назым: Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді,

Білім жиып өсемін,

Төгіп адал терімді.

Жанерке:Мектептен біліп шығамын,

Оқу менен жазуды.

Сен арқылы ұғамын,

Әлемдегі бар сырды.

Назым: Таудай биік талабым,

Оттай лаулап жанамын.

Салт- санасын сақтаймын,

Дала менен қаланың,

Мен мектепке барамын.

Мағжан:Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын.

Туған тілге тазамын.

Батаңды бер қазағым,

Мен мектепке барамын.

Жүргізуші: Құттықтап білім күнімен,

Сыйланар сізге әліппе.

Бар білімнің бастауы,

Қадірлеп оны дәріпте

Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерімізге «Әліппе» оқулығын тапсыру мектебіміздің кітапханашысы Гүлнар Игілікқызына беріледі.

Ән: «Әліппе»

Назым: Әліппені ұстап мен

Мақтанбаймын мен текке.

Дайын дәптер қаламым,

Жақсы оқушы боламын.

Жанерке: Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен

Есігін ашам білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Нұржігіт: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Мағжан:Асыл сөзі тілімнің,

Бойға құйған Әліппе.

Нақ бастауы білімнің,

42 әріпте.

Назым: Қолға кітап аламын,

Маржан сүзіп табамын.

Жарқыратып кеудеме

Жұлдыз етіп тағамын!

АНТ қабылдау: Мектеп ережесін қатаң сақтауға, ерінбей еңбек етуге, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге, ата- ана, ұстаздарымызды құрметтеуге, Отанымыздың патриоты болуға ант етеміз!

Ән: «Алғашқы қоңырау»

Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндердің білім атты өмірге аттаған қадамдарына сәттілік тілей отырып,

Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары!

Құтты болсын басталған оқу жылы,

Құтты болсын, болашақ баспалдағы!-демекпіз.
Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Қоңыраудың дауысы
Күмбірлетті аспанды.
Қоңырау, сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиядан асуға,
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына.
Жүргізуші: Алғашқы қоңырауды соғу құрметі биылғы мектеп бітіруші түлегіміз Ақбота мен 1-сынып бүлдіршіні Жанеркеге тапсырылады.

Жүргізуші: (қоңырау соғылып жатқанда).

Бар мектептің басталар бүгін жыры.
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі білім күні
Күмбірле қоңырау, күмбірле,
Шаттанып күлейік, біз бірге.


Жақсы шәкірт азамат аталады, 
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы – деп келесі құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата-ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі,

Білім көзін ашатынын біледі, -  деп балаларын мектепке

алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұрбітсін дей келе 1-сынып бүлдіршіні Назымның апасы Бағжамал ападан бата сұрасақ.

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың- дей келе сөз кезегі 2016-2017 оқу жылындағы атқарылатын жұмыстар жөнінде қысқаша хабарлама беруші директордың

оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзат Рахымжанқызына беріледі.

Жүргізуші:

Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың

Жүргізуші:

Заман жаңа өзгерді шабыс бүгін,

Күтеміз біз шәкірттен табысты күн.

Білімменен қол созып биік шыңға,

Көтерейік биікке намыс туын,

Жүргізуші: Алғашқы қоңырау салтанатты жиынды жабу үшін сөз кезегі мектеп директоры Салқынбаев Мейрамбек Дөненбекұлыны беріледі.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп, әнұран орындалады (Әскери жетекші Қ.Т.Қалиханов)

Жүргізуші: Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған мерекелік жиында өз мәресіне жетті. Жаңа 2015-2016 оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Жаңа оқу жылы толағай табыс пен жетістіктер әкелсін!