ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогтің аты-жөні | Сауекенова А.Г | ||||
Күні: | 20.11. 2020 ж | ||||
Сынып: | 3 «А» Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Ауыл күзі. Тайыр Жароков. | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.2.4.1 – өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекше- ліктерін анықтау. | ||||
Сабақтың барысы. | | ||||
Сабақтың кезең уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Психологиялық ахуал қалыптастыру. Шеңбер құрып тұрамыз. Біз «европалықтармыз» сонықтан бір-бірімізді қолдарымыздан қысып амандасамыз. Енді біз «жапондықтар» боламыз, ендеше солар жапондықтарша бастарымызды иеп амандасамыз. «Африкандықтар» сияқты мұрандарымен уқаласып, «итальяндықтарша» құшақтасып бір-бірімізбен амандасамыз. Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Балмұздақ таяқшасы» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. | Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару. Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды. | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Психологиялық ахуал. Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары. | |
Ортасы | «Ой шақыру» әдісі Өлеңді түсініп оқы. «Ауыл күзі» Автор айдарымен танысу. Т. Жароков Өлеңді жазған кім? Оқулықта берілген анықтаманы пайдаланып, өлеңнің авторы туралы әңгімеле. Жұптық жұмыс. Жұптастыру. Өлеңдегі көркемсөздерді теріп жаз. Эпитет немесе теңеу екенін анықта. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз. Өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтай алады. Дескриптор:
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау | Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы суретпен және мәтінмен жұмыс жасайды. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау | Форматив ті бағалау. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. | Оқылым, жазылым тапсырмалары. | |
Соңы | Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Күз Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түсе бастайды. Кейбер ағш пен бұталардың басында жемістер мен тұқымдары қалады. Бұл – қыстап қалатын құстар үшін жақсы қорек. Шөп қурайды. Шөп тамыры топырақ астында қалады. Көктемде қайтадан өніп шығады. Күздің соңына қарай жапырағынан айырылған ағаштар жалаңаштанады. Тек шырша мен қарағай ғана жасыл қалпында қалады. Қылқандары жыл бойы біртіндеп түсетіндіктен, олар үнемі жасыл болып тұрады. 1 Жылы жаққа ұшып кететін құстарды жыл құстары деп атайды. Жыл құстарына жабайы үйрек, тырна көкек, ұзақ, қарлығаш , қараторғай , т.б. жатады. Құстардың бір бөлігі құзде ұшып кетпейді, сол жерде қыстап қалады. Оларды қыстап қалатың құстар деп айтады. Қыстап қалатың құстар:торғай, көгершін, қарға, көкшымшық, тоқылдақ ,т.б. жатады. «Адамның күзгі еңбегі» ,дегеніміз,біріншіден,байлық, молшылық,қаптаған астық,картоп,жүгері,қауын-қарбыз,алма,өрік,жүзім.Осының бәрі күзде пісіп жетіледі.Далада,тоғайда,егінде бәрі сап-сары.Екіншіден,күз ет пен май.Малда,аңда,құста күзге дейін семіріп болады.Күз қауырт жұмыстың кезі.Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. .Күзде аянбай еңбек етсең,қыстан қысылмайсың.Қысқа адамдарда,жан-жануарларда дайындалады.Құстар жылы жаққа қайтады.Күзде күн қысқарып,түн ұзарады,жауын-шашын көбейеді.Міне сондықтан да күздің осындай күнін пайдаланып,мол өнімді тез жиып алу керек. Диқаншылар егіндерін жинап алқапқа салады.Қыста егінді элеваторда сақтайды.Бидайды дерменшіге апарып тартып оны ұн қылады ұннан нан пісіреді. Мұғалім:Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз. Олай болса,Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық (Ортаға жемістер шығып тақпақтарын оқиды.) Алма: Бір тістеп өзін алғамды Дәмі аузымда қалғанды. Домалантып жеймін мен, Күнде қызыл алмамды . Қауын: Жинап жатыр ауылым, Сап-сары ала қауынын. Алмақ едім үлкенін, Ауырын-ай, ауырын. Қияр: Қызықтың ба қиярға, Алда жей бер ұял ма. Көтергенше берейін, Қапшығыңа сияр ма? Қарбыз: Күннің нұрлы шуағы, Шұғыла боп шылады. Шөлің әбден қанады, Көзің шамдай жанады. Тамылжыған шырыны, Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық» Бәрі бірге: Жомарт күздің жемісі дәмді болсын,көңіліміз жайнасын әнге толсын Бүгінгі сабағымызды қортындылау мақсатында «Тас лақтыру» ойыны сұрақтары 1.Тайыр Жароков кім? 2. Ақын өлең жолында қай мезгілді суреттеген? 3. Күз мезгілінде қандай өзгерістер байқалады? 4.күз мезгіліне қандай мақал-мәтел білесің? 5. Жұмбақ шеш Жапырақты бояды, Атырапты бояды. Бояп-бояп барлығын Сап-сары ғып қояды (күз) Ұйқасты тап. «Ауыл күзі» өлеңінің ұйқасы оқулықтағы сызбаның қайсысына сәйкес келеді? Осы өлеңнің ұйқасы төмендегі қай сызбаға сәйкес келеді? Сызбаға сай «Күз» тақырыбына өлең құрастырып көр. ... күркіреп, □ ... сіркіреп. □ ... албырап, ○ ... дамылдап. ○ | Кестені толтыр. | ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | Топтық тапсырмалар. | |
Кері байланыс | Кері байланыс кемесі | Сабақтан алған әсерлеріне кері байланыс береді. | «Бес саусақ» | Кері байланыс тақтай шасы. |
: