ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тексерілді:Төлегенова Б.Ж. .............................
Қысқа мерзімді жоспар
Дүниетану 3-сабақ
Бөлім: | Өнер | |
Мұғалімнің аты-жөні | Тураева Г.М. | |
Күні: | 24.01.23ж. | |
Сынып: 3 «Б» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Менің елімнің «нышандары» | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.3.5.1 Қазақстанның ресми емес нышандарының маңызын түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік ел» қақпасы). | |
Сабақтың мақсаты | Қазақстанның ресми емес нышандарының маңызын түсіндіре алады. Еліміздің мемлекеттік рәміздерін ажыратып талдай алады. Тақырыпқа сай сұрақтар құрастыра алады. ЕБҚ:Мұғалім көмегімен тапсырмалар орындайды. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдас тыру, өзін – өзі тексеру 5 мин | Ынтымақтастық атмосферасы. Шеңбер болып көңіл күйлерін білдіредіі. Өткен тақырыпқа шолу.»Шам жағу «әдісі Жаңа тақырыпты ашу «Миға шабуыл» әдісімен өтеді: Ойын: «Мен бастаймын,сендер жалғастырыңдар» Топтарға сұрақ - -Біздің еліміз-бұл .... ? -Біздің Отанымыздың астанасы- ... -Біздің президентіміздің есімі ... -Балалар , жаңа сабағымыздың тақырыбын ашу мақсатында «Бәйге» ойын ойнаймыз. - Олай болса, бүгінгі сабағымызда еліміздің «нышандары» туралы оқимыз. Сабақ мақсаты жария етіледі. | Жылы жүрекшелерін,тілектерін бір біріне береді Үш топ болып отырады Сұрақтарға жауап береді. Тақырып ашады. | «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау. | Слайд Интер. тақта |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 18 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.. А) Сөздік жұмысы. Ресми емес нышан-неофициальный символ-unofficial symbol Ә) Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс. -Суреттен қандай ресми емес нышандарды көріп тұрсыңдар? Олар туралы не білесіңдер? Тақтадағы атауларды пайдаланыңдар. Сергіту сәтінде «Қазақстан»әні (Т, Ж) 2-тапсырма –Топпен жұмыс , тәжірибе жұмысы: А) Ойлан. - «Мәңгілік ел» қақпасының қабырғасында бейнеленген мүсіндер нені білдіреді? Ә) Сұрақ-жауап: -Аңыздан берілген үзіндіні оқыңдар. Самұрық мен айдаһар ненің нышаны? Аңыз қалай аяқталады? - Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы туралы не білесің? «Алтын Адамның» елімідің құндылығын дәріптеуде алатын орны қандай? Б) «Кім жылдам о йыны: Өз жауаптарыңды айтыңдар. Қазақстанның ресми емес нышандары: Жануарлар-барыс. Өсімдіктер-қызғалдақ Музыкалық аспаптар-домбыра. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Тақырыпқа сай сұрақтар құрастыр, сыныптастарыңнан жауап ал. |
Ән айтып сергиді. Сұрақтарға жауап береді. Топ атауын беру | Дескриптор:
Дескриптор: - «Мәңгілік ел» қақпасының қабырғасында бейнеленген мүсіндер туралы әңгімелейді-2балл. - Сұрақтарға жауап береді-2балл. - Ойын барысында Қазақстанның ресми емес нышандарын атайды-2балл. | Оқулық, дәптер |
Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты оқушылар алдарындағы парақшаға өзін өзі бағалап белгілейді. Рефлексия «Принтер» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі тақырыптан алған білімі жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды. Оқу тапсырмасы: мәтінді оқып мазмұндау. | Кері байланыс жасайды. Оқу тапсырмасын жазып алады. | ҚБ қойылады. | |