Файл: 10 дріс Кранны жалпы рлымы жне жмыс істеу принципі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

10 дәріс Кранның жалпы құрлымы және жұмыс істеу принципі
Велосипедті кран – бір рельс бойынша қозғалатын 2-4 дөңгелекті арбаларда орнатылған бағанадағы атқыш бұрылмалы көтергіш Тіреуіштің жоғарғы бөлігі екі мәткеде роликтермен ұсталынады. Краннның жүк көтергіштігі 10т- ға дейін, атқыштың ұшуы – 3-7м.

Жалпы барлық крандар үшін негізгі механизімдер болып: ілмектің ұшуын өзгертетін жүкті көтеру механизімі (жүкті лебедка (шығыр)), стреланы көтеретін механизм (стрела лебедка), кранның қозғалу механизімі және бұрылыс бөлігінің айналу механизімі саналады.

Кранның негізгі көрсеткіштері болып:

· Жүк көтергіш – жүктің ең көп массасы кранмен көтеріледі;

· Стреланың ұшуы – кранның айналу өсінен ілмекке дейінгі арақашықтық;

· Жүкті ең биікке көтеру және оны түсіру;

· Жүкті көтеру және түсіру жылдамдығы, кранды бұру және қозғалту жылдамдығы;

· Күштік қондырғының қуаты.

Стрела крандар үшін жүк көтергіш, көтеру биіктігі және ұшуы бір – біріне ауыспала, байланысты шама.

Жүк көтергіш пен атқыштың ұшуы арасындағы байланысты құжатта келтірілгендей кранның жүк таситын сипаттамасы деп атайды.

Стрела ауыспалы крандар аздаған салмағы мен габариты болады және конструкциясы бойынша қарапайым, эксплуатациялауда сенімді және ыңғайлы. Жұмыстың шартына байланысты олар топрақты жерде, тіреуде, терезе немесе есік тесіктерінде және салынып жатқан ғимараттардың саты алаңдарында орнатылуы мүмкін. Кранның қозғалуы және платформа бұрылысы қолмен жүргізіледі. Бұл крандардың жүк көтергіштігі 0,5-1,0т, стрела ұшуы – 2-4м, жүкті көтеру биіктігі 4,5-20м.
Стрелалы өзі жүретін крандар

 

Бұл топқа стрела толық бұрылымды крандар, щынжыр табанды немесе пневмо дөңгелекті жолы бар өзі жүретін шассеге жөнделгендер жатады.

Дұрыс сипаттамасы болып жетекің автоматтылығы, жұмыста сенімділігі, жоғары орағытпалық және жинақтылық, бір объекттен екінші объектке тез лақтыру мүмкіндігі, жоғары әмбебаптық.

Бұл крандарды келесі белгілері бойынша классификациялайды:

1) жүк көтергіштігі бойынша:

· жеңіл, жүк көтергіштігі 0,4 – 10т;

· орташа – 10 -25т;

· ауыр – 95т жоғары.

1) жүретін құрылғының типі бойынша:

· шынжыр табанды жолда;

· пневмо дөңгелекті жолда.

Пневмо дөңгелекті жолдағы крандар автомобильді және арнайы шасси болып бөлінеді:

1) жетек түрі бойынша:

· бір моторлы (механикалық жетегімен ішкі жану қозғағышынан);


· көп моторлы (дизель – электрлі немесе гидравликалық жетегімен);

2) аспалы атқыш әдісі бойынша:

· иілгіш аспалы арқан полиспаст құрылысымен;

· қатты аспалы гидравликалық цилиндрлер және телескопических стрелмен.

Тоғыз өлшемді топтар атқыш өзі жүретін крандар өндірісте мынадай жүк көтеруімен 4,04; 6,3; 10; 16; 25; 40; 63; 100; 160т. Бұл сандар индекстермен белгіленеді, әріптен және сан бөліктерінен тұратын.

Әріптер КС кранның атқыш өзі жүретінін білдіреді.

Бірінші сан кранның жүк көтергіштігі бойынша топ шамасын көрсетеді, екіншісі – жүретін құрылғының типі, үшіншісі – атқыш жабдықтың орындалуын, төртіншісі – молдельдің реттік нөмірі. Саннан кейін әріптер тұрады келесі модернизацияны (А, Б, В,...) және кранның климатикалық орындалуын білдіретін (солтүстік ХЛ, тропикалық Т, ылғалды тропиктерде жұмыс үшін ТВ, (ЫТ)).

Крандар үлкен маневерностпен, тұрақтылықпен және өтімділікке ие, құрылыстық алаңдарда жүтеу – жүк түсіру жұмыстары кезінде сонымен қатар құрылыстық конструкциялы элементтерді жөндеу кезінде кеңінен қолданылады. Орындаушы механизмдер болып: жүкті көтеру механизмдері, атқыш ұшуының өзгеруі (ілмек), бұрылыстың және кранның қозғалуы. Шынжырлы крандар негізгі атқыштардан басқа меншікті атқыштармен және жүк таситын обойкаларымен жабдықталған.

Шынжырлы крандардың әр түрі болады: кран – экскаваторлар 10т жүк көтергіштігімен сменді кранды жабдығымен, арнайы толық бұрылатын крандар 25 -100т жүк көтергіштігімен; кран – құбыр қалауыштар 4-12т жүк көтергіштігімен.

Кранның тұрақтылығы және негізгі параметрлері

 

Циклды жұмыс істейтін кранның эксплуатациялық өнімділігі (т/сағ):

 

(1)

 

мұндағы Gi – көтерілетін жүктің ауырлық күші, кН;

nц – сменадағы циклдар саны;

 

(2)

 

мұндағы Тсм – сменаның ұзақтығы, сағ;

Тц – цикл ұзақтығы, с;

кг – жүк көтергішті қолдану коэффициенті;

кв – уақыт бойынша машинаны қолдану коэффициенті, кв = 0,6- 0,75.

Цикл ұзақтығы мына формула бойынша анықталады:

 

(3)

 

мұндағы ε – операциялардың орналасу коэффициенті, ε = 0,7 – 0,9

–жүкті строповка уақыты, с;


Н – жүкті биікке көтеру (түсіру), м;

ν- жүкті көтеру жылдамдығы, м/с;

ν2 – жүкпен кранның қозғалу жылдамдығы, м/с;

tп – кранның бұрылу уақыты, с;

LП – жүкпен бірге кранның жылжу жолы, м;

tp – жүкті орнату және строповкалау, с.

Жүк тиегіштердің техникалық сипаттамасы

Жүктеу – жүк түсіру жұмыстарын орындау кезінде жүк тиегіштің эксплуатациялық өнімділігі мына формула бойынша анықталады:

 

(4)

 

мұндағы QH - номинальді жүк көтеру, т;

kB – жұмыс уақытын қолдану коэффициенті (0,8 – 0,9);

TЦ – циклдың жалғасуы, мин;

 

(5)

 

мұндағы Vk – номинальді сиымдылықтағы шөміштің геометриялық көлемі, м3;

кн – шөмішті толтыру коэффициенті, кн = 1,25;

γм – материалдың орташа көлемінің салмағы, γм =1,6т/м3.

 (6)

 

мұндағы lk l2 l3 - штабельге шөмішті енгізу жолдары (шөміштің түбкі тереңдігі), жүктеу үшін жүк тиегіштің қайтуы және штабельге қайта келуі, км;

νдср – штабельге шөмішті енгізудің орташа әсер ететін жылдамдығы, км/сағ;

ν m1cp және ν m2cp – штабельге қайта келуі және жүктеу үшін қайтудағы орташа теориялық жылдамдығы, км/сағ;

S1 және S2 – шөміш гидроцилиндр штогының жүруін енгізу жағдайынан және толық жүруі, м;

νшт – гидроцилиндр штогының жылжу жылдамдығы, м/мин;

П - берілісті қайта қосу және гидро таралудың золотнигінің уақыты, м/мин;

tм – транспортты маневрлеу уақыты (челочы әдісте кезіндегі жұмыс tм = 5 -6с, бұрылыспен жұмыс істеу кезінде tм =0);

k3≥ 2 – шөмішті толтыру коэффициенті.

 

(7)

мұндағы Q – гидравликалық насосты теориялық беру, см;

D – гидроцилиндр диаметрі, см;

ηоп – гидравликалық көлемді беріліс, көлемді п. ә. к., ηоп = 0,94 – 0,98.

Штабельге шөмішті енгізу күші эмпирикалық байланыс бойынша анықталады:

 

(8)

 

мұндағы с- кесектің үлкендігін ескеретін және материалды қопсыту дәрежесі;


Вк – шөміш ені, см;

кф – шөміш формасының коэффициенті, кф = 0,8 – 1,0;

n – дәреже көрсеткіш, n= 1,25.

lмәніне байланыстылығы (5) қою қажет.

Штабельге шөмішті енгізу, бірінші жұмыс берілісінде және Тдmax тарту күшінің ұйғарылған режиміне дөңгелек қозғалысының тұрып қалу коэффициентіне сәйкес жүргізіледі δ=30%, яғни

 

, (9)

 

Бұл кезде кнm =0,85 – 0,95, ал транспортты операциялар екінші және үшінші берілістерде және бұл кезде Т=0, тарту сипаттамасы бойынша бір шөмішті фронтальді жүк тиегіш сәйкес берілістер үшін мәндерін анықтаймыз νд1ср, ν m1cp және ν m2cp.