ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Педагогтің аты-жөні

Г.Мергенбаева

Күні:

21.01.2021

Сынып: 3 «ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Топырақтың қандай қасиеті бар?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.3.4.3 топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау;

Сабақтың барысы.




Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуалды қалыптастыру


Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру

«Суреттер сөйлейді» стратегиясы

Оқушы жануардың түрін таңдайды. Жануарды басқан кезде сұрақ шығады. Сол сұраққа жауап береді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Топырақтың қандай қасиеті бар?

Сабақтың мақсаты: топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау.


Өлең жолдарын дауыстап айтады.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.





ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.



Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы

(Ұ) «Не ортақ?»

Артық сөзді тап: қарашірік, су, құм, қант, саз, ауа.

Қалған сөздердің арасында қандай байланыс бар?
Полиглот

Сөзді үш тілде айту.

Топырақ – почва – soil
(Ұ) «Пазл жина» әдісі

1-сурет 2-сурет 3-сурет



Саз топырақ Сұр топырақ Қара топырақ

(МК;МТ) «Топырақтың қандай қасиеті бар?» бейнеүзік көрсету
«9 ромб» әдісі

Әр оқушы бейнеүзіктен алған мәліметін ромб ішіне жазады.
Сергіту сәті
«Тәжірибе алаңы» зерттеу жұмысын жүргізу

1-қатар: Қаратопырақ пен сазға бірдей су құяды.

(Қаратопырақта ауа бар, сол себепті су тез сіңіп кетті.Саз топырақтың құрамы тығыз, сол себепті су сіңбей жатыр.)

Қаратопырақты қолмен қысып ұстап көру. Не байқағандығын айту.

(Қаратопырақ борпылдақ)

2-қатар: Топырақтың құрамын зерттейді.

(Топырақтың құрамында ауа, су, қарашірік, қалдықтар, микробтар бар)

3-қатар: Топырақ пен тастың қайсысы суды бойына сіңіретіндігін зерттейді.

(Құм бойына суды сіңіреді, ал тас бойына суды сіңірмейді.)

Жаңбыр жауғанда топыраққа не болатындығын зерттейді.

(Жаңбыр жауғанда топырақтың құнарлы бөлігін шайып кетеді.)
Дәптермен жұмыс

Есте сақта!

Құнарлылық – топырақтың өсімдіктерді су және қоректік заттармен қамтамасыз ету қасиеті. Топырақтың құрамында қарашірік көп болса, ол құнарлы болады.

Сен білесің бе?

Арамшөп өзі өскен топырақтың қасиеті туралы көп ақпарат бере алады. Себебі арамшөп өзіне қолайлы топырақта ғана өседі.

Ойлан

Айда немесе басқа ғаламшарда топырақ бар ма?

«Ақиқат немесе жалған» әдісі

Ақпарат

Ақиқат

Жалған

Топырақ бір-бірімен араласқан қатты, сұйық және газ тәрізді бөлшектерден тұрады.







Топырақ бойына суды сіңірмейді.







Топырақтың өсімдіктерді сумен және қоректік заттармен қамтамасыз ету қасиетін құнарлылық дейді.







Арамшөп қолайсыз топырақта өседі.







Топырақтың құрамына құм, саз, қарашірік, су, ауа кіреді.







Топырақтың құрамы өзгермейді.









Оқушылар артық сөзді алып тастап, қалған сөздер арасындағы байланысты айтады.

Пазлды жинақтайды.

Топырақ түрін сипаттайды.
Бейнеүзік көреді.

Бейнеүзіктен алған мәліметтерін жазады.

Қимылдар жасайды.

Оқушылар тәжірибе жасайды.

Негізгі мәліметті дәптерге жазып алады.


Ақпаратты тыңдайды.


Сұраққа жауап береді.

Ақпараттың ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды.




Форматив

ті бағалау
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



Оқулық

Дәптер

Көрнекілік

Құм түрлері

Бейнежазба

Зерттеу жұмысына қажетті құралдар.

Соңы

Үйге тапсырма: 10-11 бетте берілген мәліметті түсініп оқу. Мазмұндау.


Рефлексия
(ұжымда)

«Менің гүл өсетін жерім» кері байланыс

Балалар тақтада берілген үш түстің біреуіне өзінің гүлін жабыстырады.



«Менің гүл өсетін жерім»




Гүлдер